
- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
Философия- барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Философия ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениетттің, рухани мәдениетттің ажырамас бөлігі. Философия- толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардын құралған үлкен терең ой теңізі.Сондай-ақ философия – дүниеге қөзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі қөзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда әрбір адам дүниеге, әрбір құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған. Философия өзге мифологиялық және діни көзқарастардан өзінің ғылыми –теоретикалық типтілігімен және рационалдылығымен ерекшеленеді. Философиялық көзқарас білімге негізделген, логикалы және нақты ұғымдар мен категорияларға негізделеді. Философиялық көзқарастар өзінің даму барысында бірнеше келесідей сатылардан өтті: космоцентризм, теоцентризм және антропоцентризм.
Философиялық білім екіжақтылығымен, яғни біріншіден ғылымилығымен (пән, әдіс, логикалық-ұғымдық аппарат); екіншіден, ғылыми еместігімен ерекшеленеді. Философияның онтология, гносеология, логика, т.б. сияқты күрделі құрылымы бар.
Адамның рухани қажеттілігіне, болмысына, шаруашылығына (мысалы, наным-сенімдер, адамгершілік және эстетикалық құндылықтар ғылым, ментальдық қабілеттер мен мүмкіндіктер, айналысатын қызметі және т.б.) қатысты философия мынандай салаларға бөлінеді, мысалы, діни философия, этика, эстетика, рух феноменологиясы философиясы, философиялық герменевтика, риторика, ғылым философиясы, саяси, құқық, мәдениет философиясы, шаруашылық, техника философиясы т.б.
2 Философияның қызметтері.
Философияның қызметі – философияның мақсат міндеті мен арнаулы іске асатын негізгі қолданылу салалары. Философияның негізгі функциялары мыналары: дүниетанымдық; методологиялық;теориялық; гносеологиялық; аксиологиялық; әлеуметтік; тәрбиелік-гуманитарлық; сындарлы; футурологиялық.
Дүниетанымдық функция.Дүние туралы тұтас түсініктің – дүние құрылымы,заңдылықтары, ондағы адам орны, қоршаған ортамен қатынас қағидалары туралы тұтас пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Методолгиялық қызмет. Философия қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді,нақтылайды.
Теориялық функция. Концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге,қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді.
Гносеологиялық функция. Философияның функцияларының ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылады.Қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды көздейді.
Аксиологиялық функциясы қоршаған дүниедегі құндылықтарды,заттарды,түрлі құндылық тұлғаларынан бағалап келіп, барлық бағалы, құнды пайдалыны өткізіп,барлық ескі қажетсіз құнсыз кедергілерді ұстап қалатын сүзгі рөлін атқарады. Аксиологиялық қызмет әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде күшейе түседі.
Әлеуметтік функция – қоғамды,оның пайда болуын,эволюциясын,қазіргі жағдайын,құрылымын,элементтерін,қозғаушы күштерін зерттеп,ішкі қайшылықтарын ашып,оларды жою немесе жетілдіру жолдарын нұсқайды.
Тәрбилік – гуманитарлық-гуманистік құндылықтар мен идеяларды зерттеп,адамға және қоғамға ендіріп-егіп, адамның дүниеге бейімделуіне,өз өмірінің мәнін анықтауына,табуына көмектеседі.
Сындарлы функция – қоршаған дүниені және білім атаулыны күмән елегінен өткізу, оның жаңа белгілерін,сипатын іөзеу,қайшылықтарын ашу.Бұл функцияның түпкі міндеті –таным көкжиегін кеңейтіп, догмаларды жойып, білімнің қатып-семуін тоқтатып, оны модернизациялау,білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарылату.
Болжамдық(футурологиялық) – қоршаған дүние мен адамдар туралы қолда бар философиялық білімдерге,таным жетістіктерін сүйене отырып материяның, санынң, таным процестерінің,адамның,табиғат пен қоғамның даму тенденцияларын болжау жасайды.