Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
himiya_shpor_13_14_15_jok (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
364.08 Кб
Скачать

10.11. Ішкі энергия және энтальпия Термодинамиканың бірінші бастамасы

Химиялық әрекеттесу болған кезде жылу бөлінеді немесе сіңіріледі, осы кезде дененің энергиясы өзгереді.

“Энергия дегеніміз - материалды объектердің жұмыс жасай алатын қабілетін көрсететін қозғалыс мөлшері”.

Заттардың бәрінде де энергия қоры болады, осы энергия қоры “ішкі энергия“ (U) деп аталады. Ішкі энергияны өлшеуге де, есептеуге де болмайды, сондықтан ішкі энергияны бір стандартты жағдайда ғана қарастырады.

Химиялық ж‰йелер. Әр түрлі процестердің энергия өзгеруін және осы өзгерудің болуын немесе болмауын зерттейтін ғылымды термодинамика деп атайды.

Егер кез келген бір ж‰йе Q-ға тең жылуды сіңіріп, өз жағдайын өзгертсе, жылу осы ж‰йенҢœ ішкі энергиясының өзгеруіне және жұмыс жасалуына жұмсалады.

Q = (U + A

- осы теңдеуді термодинамиканың бірінші бастамасы дейді.

“Химиялық процестердің энергетикасын зерттейтін бөлімді химиялық термодинамика дейді”.

Термодинамиканың бірінші бастамасы энергияның жоғалмайтынын көрсетеді. Ж‰йеге жұмсалған жылу жұмысқа айналады, ал жұмыс жылуға айналады.

Изобаралық процесті қарастырайық.

Егер процесс бір қалыпты қысымда жүрсе, көлем өзгеріп тұрады. P=const - осындай процесс изобаралық деп аталады. Сонда термодинамиканың І бастамасы былай жазылады:

Qp = (U + P (V

P (V - көлем өзгерту жұмысы.

Ал изохоралық процесте көлем өзгермейді V = const, демек көлем өзгертетін жұмыс жоқ А = 0, сонда термодинамиканың І бастамасы былай жазылады: Q = (U

Термодинамикада U + PV деп алынған шаманы энтальпия деп атайды. Оны былай белгілейді:

Н = U + PV

Энтальпия ж‰йенҢœ энергетикалық жағдайын сипаттайды.

Термохимияның негізгі түсініктері

“Термохимия дегеніміз - жылу бөле немесе сіңіре жүретін процестерді зерттейтін химия ғылымының бір бөлігі”.

“Тұрақты қысымда немесе тұрақты көлемде жүріп жатқан химиялық реакцияның нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген жылу мөлшерін химиялық реакцияның жылу эффектісі дейді”.

Жылу эффектісін 1 мольге есептейді.

“Заттардың формуласымен қатар жылу эффектісін қосып жазатын теңдеулерді термохимиялық теңдеулер деп атайды”.

Әр түрлі химиялық реакциялардың жылу эффектілерін салыстыру үшін стандартты жағдай қабылданған. Стандартты жағдай дегеніміз -заттың 1 молінің 101,325 кПа-ға тең қысымдағы және 298 К (250 С) -а тең температурадағы жағдайы.

“Стандартты жылу эффектісі деп реакцияның стандартты жағдайдағы жылу эффектісін айтады”.

Көптеген реакциялар тұрақты қысымда ж‰редҢ, сондықтан жылу эффектісі энтальпияға тең. Стандартты энтальпия (Н2980 деп белгіленеді, олар әрбір зат үшін анықтамалық кестелерден алынады.

Термодинамикада (Н = – Q

Егер реакция жүргенде жылу бөлінсе Q > 0, ал (Н < 0 - реакция экзотермиялық. Ал егер жылу сіңірілсе (Q < 0, ал (Н>0 - реакция эндотермиялық болып табылады.

Мысал. Сгр + О2 = CO2 + 395,5 kДж

Q = +395,5 кДж

Q>0, сондықтан (Н =-395,5 кДж - реакция экзотермиялық.

Энтальпия заттың агрегаттық күйіне тәуелді. Жай заттардың энтальпиясы 0-ге тең.

Түзілу энтальпиясы. Түзілу энтальпиясы деп стандартты жағдайда алынған жай заттардан 1 моль зат түзілген кездегі энтальпияны айтады”

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]