- •Хим экв туралы тусінік
- •2.Экв масса анықтау жолдары
- •Эквиваленттік массаны анықтау жолдары
- •0,0936 Г Ғе - 37,3 мл сутегі
- •3. Атом құрылысының күрделілігін дәлелдеген эксперименттер
- •4.5.6. Атом құрылысының қазіргі замандағы теориясы. Квант сандары
- •Квант сандары
- •4.5.6. Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы
- •7. Атомдардың электрондық құрылымы және периодтық система
- •Элементтер атомдарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Иондану энергиясы
- •8. Химиялық байланыс туралы түсінік түрлері
- •Химиялық байланыстың түрлері
- •Молекулалар арасындағы байланыс
- •Металдық байланыс
- •10.11. Ішкі энергия және энтальпия Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •Термохимияның негізгі түсініктері
- •Термохимияның негізгі заңы - Гесс заңы
- •12.13Химиялық кинетика Химиялық реакциялардың жылдамдығы Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Әсер етуші массалар заңы
- •Химиялық реакциялардың жылдамдығы
- •Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Әсер етуші массалар заңы
- •Температураның реакция жылдамдығына әсері
- •Реакция жылдамдығына катализатордың әсері
- •14. Химиялық тепе-теңдік қайтымды және қайтымсыз
- •15. Электролит емес ерітінділердің қасиеттері
- •Ерітінділердің буының қысымы
- •Ерітінділердің қатуы және қайнауы
- •1. Электролиттер Электролиттердің Вант-Гофф және Рауль заңынан ауытқуы
- •2. Электролиттік диссоциация Аррениус теориясы
- •3 Диссоциациялану дәрежесі. Әлсіз және күшті электролиттер
- •Әлсіз электролиттердің қасиеттері
- •4. Оствальдтың сұйылту заңы (1898 ж.)
- •Қышқылдар мен негіздердің сулы ерітінділердегі диссоциациялануы
- •5. Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі
- •6. Индикаторлар Буферлі ерітінділер
- •Буферлі ерітінділер
- •7. Иондық реакциялар және тепе-теңдіктер
- •7.1 Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік және адам организміндегі негізгі буферлі жйелер
- •7.2 Гетерогендік тепе-теңдіктер. Ерігіштік көбейтіндісі
- •8. Тұздар гидролизі Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі
- •Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі
- •9. Комплексті қосылыстар туралы түсінік Координациялық теория
- •Координациялық теория
- •10. Тотығу-тотықсыздану
- •10.1 Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері
- •10.2 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері
- •11. Электрхимия туралы түсінік
- •11.1Гальвани элементі
- •11.2 Гальвани элементінің электрқозғаушы күші
- •11.3Нернст теңдеуі
- •12. Электролиз Фарадей заңы
- •14.Конструциялық материалдар
- •15.Композиялық материалдар
Химиялық байланыстың түрлері
Химиялық байланыстың негізгі түрлері: иондық, коваленттік, металдық, сутектік.
Иондық байланыс
“Химиялық қасиеттері әр түрлі екі элементтің арасында электр статикалық тартылу арқылы болатын байланысты иондық байланыс дейді”.
Коссель теориясы 1916 ж.
Негізгі қағидалары
1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, олардың сыртқы электрон қабаты өте тұрақты.
2. Атомдар молекулаға біріккенде, электрон беру немесе қосып алу арқылы сыртқы қабаттарын инертті газдардың сыртқы қабаттарына ұқсатқысы келеді.
3. Әрекеттесуші атомдардың электронын беріп жібергені оң зарядты ион- катионға айналады, ал электрон қосып алғаны - теріс зарядты ион - анионға айналады.
4. Иондық байланыс түзілгенде, бір атомның электрон бұлты екінші атомға толық ауысады. Иондық байланыс негізінде І және VІІ топтың элементтері арасында түзіледі.
-e
Na (Cl
Na (1s22s22р63s1)
Cl (1s22s22р63s23р5
Na+ (2s22 р6) - инертті газдың қабатына ұқсас
Cl- (3s23р6) - бұл да инертті газдың қабатына ұқсас
5. Иондық байланыс түзілу үшін 1-ші атомның иондану энергиясы 2-ші атомның электрон тартқыштығынан аз болу керек.
Иондық байланыстың қасиеттері
1. Бұл қанықпаған байланыс және бағытталмаған байланыс.
Иондық байланыстың қанықпағанын және бағытталмағанын былай түсіндіруге болады. Оң зарядты иондар мен теріс зарядты иондар бір біріне тартылғанда, олардың электр өрісі сфера сияқты болып келеді, олардың зарядтары жан-жақты симметриялы трде орналасқан, сондықтан осындай өріске басқа зарядты иондар жан-жақтан келіп тартыла береді. Бір өріске бірнеше ион сияды (қанықпағандық). Тартылыс күшінен басқа тебіліс күші болады, сондықтан бөлшектер рет-ретімен орналасады, сол себептен иондық байланысты қосылыстар кристалдар болып табылады.
Әрбір оң зарядты ионды бірнеше теріс зарядты иондар қоршай алады, олардың саны координациялық сан деп аталады. Координациялық сан (N) катиондар мен аниондарды радиустарыны араатынасы арқылы анықталады,
Иондық қосылыстарда молекула деген ұғым жоқ, валенттілік деген ұғым жоқ, ионды осылыстарды былай жазуа болады (NaCl)n.
Коваленттік байланыс
Америкалы ғалым Льюис - 1916 ж. коваленттік байланыс жөнінде теория ұсынды. Льюис теориясының қағидалары Коссель теориясына ұқсас, тек бұл теорияда екі атом әрекеттескенде, электрон қосағы екі атомға ортақ болады.
1-ші әдіс: Ковалентті байланыс алмасу арқылы түзіледі. Әрбір атом бір-бір электроннан береді. 2-ші әдіс - донорлы-акцепторлы - мұндайда 1-шҢ атом 2 электронмен, ал 2-ші атом орбитальмен амтамасыз етедҢ.
“Бір немесе бірнеше электрон қосақтары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттҢк байланыс деп аталады”.
Н. +. Н ( Н :Н
Льюистің көзқарасы бойынша элементтің валенттілігі электрон жұптарының санына сәйкес. Мысалы: H _ F - 1 коваленттік байланыс, бҒл молекулада фтор 1 валентті, Н _ О _ Н - 2 коваленттік байланыс, бҒл молекулада оттегҢ 2 валентті, NH3 - 3 коваленттік байланыс, бҒл молекулада азот 3- валентті.
Ковалентті байланыстың қасиеттері
1. Коваленттік байланыс қаныққан байланыс, оның себебі электрон жұбы түзілгенде, ол жерде үшінші электрон болмайды.
2. Ковалентті байланыстың полярленуі: әр түрлі химиялық қосылыстар атомның бір түрінен тұрмайды, егер химиялық коваленттік байланысты екі түрлі атом түзсе, электрон қосағының бұлты пішінін өзгертіп, электр терістігі үлкендеу атомға қарай ығысады. Осы Ғбылысты полярлену Ғбылысы дейдҢ.
3. Ковалентті байланыстың бағытталуы.
Ковалентті байланыстың екі атомның электрон бұлттары бүркескенде түзілетінін білеміз. Егер орбитальдардың бүркесу бөлігі байланысушы атомдардың ядроларын жалғастыратын түзу сызықтың бойына орналасса, (-байланыс түзіледі. s _ s, р _ р, s _ d, р _ d _ d. ( - байланыс берік байланыс. Ал егер орбитальдардың бүркесу бөлігі ядроларды жалғастыратын түзудің бойында емес, сол түзудің екі жағына орналасса (-байланыс орын алады.
Валенттік байланыс әдісінің негізгі қағидалары:
1. Коваленттік байланысты спиндері қарама-қарсы болып келетін екі электрон түзеді.
2. Коваленттік байланыс түзілгенде, электрондардың толқындық функциялары бір-бірімен бүркеседі, сондықтан екі атомның арасындағы электрон бұлтының тығыздығы арта түседі. ЖйенҢ энергиясы азаяды.
3. Коваленттік байланыс әрекеттесетін атомдардың электрон бұлттарының көбірек бүркескен жағына қарай бағытталады.
