- •Хим экв туралы тусінік
- •2.Экв масса анықтау жолдары
- •Эквиваленттік массаны анықтау жолдары
- •0,0936 Г Ғе - 37,3 мл сутегі
- •3. Атом құрылысының күрделілігін дәлелдеген эксперименттер
- •4.5.6. Атом құрылысының қазіргі замандағы теориясы. Квант сандары
- •Квант сандары
- •4.5.6. Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы
- •7. Атомдардың электрондық құрылымы және периодтық система
- •Элементтер атомдарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Иондану энергиясы
- •8. Химиялық байланыс туралы түсінік түрлері
- •Химиялық байланыстың түрлері
- •Молекулалар арасындағы байланыс
- •Металдық байланыс
- •10.11. Ішкі энергия және энтальпия Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •Термохимияның негізгі түсініктері
- •Термохимияның негізгі заңы - Гесс заңы
- •12.13Химиялық кинетика Химиялық реакциялардың жылдамдығы Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Әсер етуші массалар заңы
- •Химиялық реакциялардың жылдамдығы
- •Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Әсер етуші массалар заңы
- •Температураның реакция жылдамдығына әсері
- •Реакция жылдамдығына катализатордың әсері
- •14. Химиялық тепе-теңдік қайтымды және қайтымсыз
- •15. Электролит емес ерітінділердің қасиеттері
- •Ерітінділердің буының қысымы
- •Ерітінділердің қатуы және қайнауы
- •1. Электролиттер Электролиттердің Вант-Гофф және Рауль заңынан ауытқуы
- •2. Электролиттік диссоциация Аррениус теориясы
- •3 Диссоциациялану дәрежесі. Әлсіз және күшті электролиттер
- •Әлсіз электролиттердің қасиеттері
- •4. Оствальдтың сұйылту заңы (1898 ж.)
- •Қышқылдар мен негіздердің сулы ерітінділердегі диссоциациялануы
- •5. Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі
- •6. Индикаторлар Буферлі ерітінділер
- •Буферлі ерітінділер
- •7. Иондық реакциялар және тепе-теңдіктер
- •7.1 Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік және адам организміндегі негізгі буферлі жйелер
- •7.2 Гетерогендік тепе-теңдіктер. Ерігіштік көбейтіндісі
- •8. Тұздар гидролизі Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі
- •Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі
- •9. Комплексті қосылыстар туралы түсінік Координациялық теория
- •Координациялық теория
- •10. Тотығу-тотықсыздану
- •10.1 Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері
- •10.2 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері
- •11. Электрхимия туралы түсінік
- •11.1Гальвани элементі
- •11.2 Гальвани элементінің электрқозғаушы күші
- •11.3Нернст теңдеуі
- •12. Электролиз Фарадей заңы
- •14.Конструциялық материалдар
- •15.Композиялық материалдар
11. Электрхимия туралы түсінік
Химиялық реакциялардың нәтижесінде электр тогҢн процестерҢн және электр тоғының әсерінен химиялық реакциялар жүру процестерін зерттейтін химияның саласын электр химиясы дейдҢ.
11.1Гальвани элементі
Егер мырышты мыс сульфатының ерітіндісіне салсақ, мынадай реакция жүреді:
Zn0 + CuSO4 = ZnSO4 +Cu0
Бұл тотығу-тотықсыздану реакциясы
Zn0 - 2е = Zn2+ тотығу
Cu2++2e = Cu0 тотықсыздану
Осы процестер мырыштың ерітіндіге тиіп тұрған жерінде жүреді.
Егер осы реакцияларды бір ыдыста, бірақ бөлінген кеңістіктерде жүргізсе, Даниэль-Якоби элементі деген қондырма шығады. Бұл қондырма гальвани элементі деп аталады және электр тоғының химиялық көзі болып табылады. Гальвани элементінде мырыш мырыш сульфатының ерітіндісіне, ал мыс мыс сульфатының ерітіндісіне салынады.
8.1-суре. Гальвани элементі
Ерітіндіге салынған металдар “электродтар” деп аталады, олар сыммен жалғанады, екеуінің ортасына амперметр қойылады. Амперметрдің стрелкасы қозғалса тізбек арқылы электр тоғы жүргені, демек химиялық реакцияның энергиясы электрлік энергияға айналғаны.
Гальвани элементінің схемасы:
Zn/Zn2+
Cu2+/Cu0
11.2 Гальвани элементінің электрқозғаушы күші
Егер гальвани элементінде тізбекке вольтметр қоссақ, екі электродтың арасындағы потенциалдар айырымын өлшеуге болады. Бұл потенциалдар айырымы мырыш пен Cu2+-ионының арасында жүретін тотығу тотықсыздану реакциясының нәтижесінде пайда болады. Оны осы гальвани элементінің электр қозғаушы күші деп атайды.
Стандартты электродтық потенциал
Әрбір металды электродтың потенциалдарын өлшеу қиын, сондықтан олардың салыстырмалы потенциалдары өлшенеді. Ол үшін потенциалын өлшеу керек болған металдан және қалыпты сутекті электродтан Гальвани элементін құрады. Металл ионының концентрациясын 1 моль/л-ге тең етіп алады. Осылай анықталған электр қозғаушы күш осы металдың стандартты электродты потенциалы деп аталады. (Сутекті электродтың потенциалы 0-ге тең). Мысалы: E0 =(Zn/Zn2+) = -0,76В. Бірқатар элементтердің стандарттық электродтық потенциалдарын 8.1-кестеде келтірдік.
Стандартты электродты потенциалдың өзгеруі бойынша металдар кернеу қатарына орналасқан. Ол қатарды электр химиялық қатар дейді.
Электр қозғаушы күшті есептеу
Егер стандарттық электродтық потенциалдар белгілі болса, кез келген гальвани элементі үшін, басқаша айтқанда, кез келген тотығу-тотықсыздану реакциясы үшін электр қозғаушы күшті (Э.Қ.К.) есептеуге болады. Ол үшін тотықтырғыштың потенциалынан тотықсыздандырғыштың потенциалын алу керек (Э.Қ.К. немесе Е).
Мысалы: мыс-мырышты гальвани элементі үшін
Э.Қ.К. = E0 Cu/Cu2+- E0 Zn/Zn2+= 0,34-(-0,76) = +1.1В
11.3Нернст теңдеуі
Гальвани элементтері қайтымды жйе. Бұл жйеде жұмыс жасалады, сондықтан оны Гиббс энергиясымен сипаттауға болады:
(G = (H - T(S
Стандартты жағдайда энтропиялық фактор T(S - өте аз шама, сондықтан (G энтальпиялық фактормен анықталады, ал энтальпиялық фактор жйедегҢ жұмысты, демек ішкі энергияның өзгеруін көрсетеді. Ал гальвани элементі үшін мұндай жұмыс электр қозғаушы күштің пайда болуына жұмсалады, сондықтан:
(G = - nFE, бұл формулада (G - Гиббс энергиясы, n - тотығу -тотықсыздандыруға қатысқан электрондар саны, E- электр қозғаушы күш, F - Фарадей тұрақтысы.
Ал басқа жағынан қарастырғанда, ТТР қайтымды жйе, демек:
(G = - RT lnK, бұл формулада K- тепе-теңдік константасы,
Сонда: RT lnK = - nFE
RT lnK
Осы
теңдеуден стандартты
жағдай үшін.
Е =
nF
Ал егер жйе стандартты жағдайдан өзгеше жағдайда болса, концентрация 1моль/л ден артық не кем болса, Э.Қ.К. былай есептеледі , яғни Нернст теңдеуі басқаша, толығырақ жазылады:
RT [тотыққан]
Е = Е0 + ln
nF [тотықсызданған]
Мысалы: Fe3+ + e =Fe2+
RT [Fe3+ ]
Е= Е0 + ln
nF [Fe2+]
осы теңдеуге тұрақтыларды қойсақ:
0,058 [Fe3+ ]
Е = Е0 + ln
nF [Fe2+]
11.4 ТТР-дің жүру бағыты
Егер (G < 0 болса, ал Э.Қ.К. > 0 болса, ТТР стандартты жағдайда өз еркімен тура бағытта жүре алады. Ал егер Е < 0 болса, ТТР өз еркімен тура бағытта жүрмейді.
Мысал :
KІ + 2 FeCl3 ( І2 + 2FeCl2 + 2KCl
Fe3+ + e ( Fe2+
тотықсыздану тотығу
Тотықтырғыш үшін:
Е0(Fe+3/ Fe2+) = -0,77 B
Тотықсыздандырғыш үшін: 2І - 2e = І2 - тотығу процесі
Е0( І-/ І0 ) = -0,54 B
E = 0,77 0,54 = 0,23B
E > 0 реакция тура бағытта жүреді.
Ал егер
КBr + 2 FeCl3 = - бұл реакция жүрмейді, себебі
Е0( Br-/Br0 ) = 1,07 B
E = 0,77 1,07 = -0,30B E < 0
