Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
himiya_shpor_13_14_15_jok (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
364.08 Кб
Скачать

9. Комплексті қосылыстар туралы түсінік Координациялық теория

Бұрынғы бізге белгілі қосылыстарда атомдар бір-бірімен иондық және коваленттік байланыстар арқылы қосылған. МҒндай қосылыстар бірінші ретті деп аталатын. Осы қосылыстардың молекулалары өзара әрекеттескенде, комплексті қосылыстар деп аталатын жоғарƒы ретті қосылыстар түзіледі.

Мысалы: Cu(OH) 2 + 4NH4OH = [Cu(NH3) 4](OH) 2+ 4H2O

[Cu(NH3) 4](OH) 2 - комплексті қосылыс

Сулы ерітіндіде комплекстҢ қосылыстар диссоциацияланады.

[Cu(NH3) 4](OH) 2 [Сu(NH3 ) 4]2++ 2OН-

[Сu(NH3) 4]2+ - комплексті ион

Кристалда да, ерітіндіде де құрамында комплексті ионы болатын жоғарƒы ретті қосылыстар комплексті қосылыстар деп аталады.

Химиялық байланыс теориясы тұрғысынан қарағанда, “КомплекстҢ

қосылыстар дегеніміз – құрамында бір немесе бірнеше донорлы-акцепторлы байланыс болатын жоғарƒы ретті қосылыстар”.

Координациялық теория

1893 жылы Швейцария ғалымы Вернер комплексті қосылыстардың құрылысы мен қасиетін түсіндіретін координациялық теория ұсынды.

Негізгі қағидалары

1. Комплексті қосылыстағы басты орын комплекс түзушінің үлесіне тиеді. Комплекс түзуші көбінесе оң зарядты металл иондары болады.

2. Комплекс түзушінің маңайына теріс зарядталған аниондар немесе электр нейтрал молекулалар - лигандалар жиналады.

3. Комплекс түзушінің маңайына орналасқан лигандалардың жалпы саны комплекс түзушінің координациялық саны (к.с.) болып табылады.

4. Комплекс түзушімен лигандалар - комплекс қосылысының ішкі сферасы.

5. Ішкі сфераға симай қалған иондар - комплекс қосылыстың сыртқы сферасы.

Мысалы:[Cu(NH3) 4]SO4

Cu2+-комплекс түзуші, NH3- лиганда, к.с.=4.

[Cu(NH3)4]2+ - ішкі сфера , SO42- – сыртқы сфера

Комплекс түзушінің координациялық саны

Негізгі комплекс түзушілерге Д.И.Менделеевтің периодтық ж‰йесҢнҢœ элементтері жатады. Комплекс түзушілердің координациялық саны тотығу дәрежесіне тәуелді (4.1–кесте)

Комплекс түзушілер

Тотығу дәрежесі

Координациялық сан

Cu+ , Ag+, Au+

1+

2

Cu2+, Ag2+, Au2+ Pd2+, Pt2+,Pb2+ Cd2+, Sn2+ , Zn2+

2+

4

Al3+,Cr3+,Co3+,Fe2+, Fe3+,Nі2+, Pt4+, Pb4+, Pd4+

2+

3+

4+

6

Cd2+,Sr2+,

W6+, Mo6+

2+

6+

8 (өте сирек)

Маңызды лигандалар:

1) Полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO, NO, NH2OH

2) Иондар: F-, Cl-, Br-, І-, O2-, OH-, CN-, CNS-, S2O32-, CO32-, C2O42-

Комплексті қосылыстың формуласын құрастыру

Комплексті қосылыстың формуласын құрастыру үшін комплекс түзушінің координациялық санын, оның зарядын, лигандалардың зарядтарын, сыртқы сфераның зарядын анықтау керек.

Мысалы: Fe2+ - комплекс түзуші, CN- - лиганда, К+ - сыртқы сфера. Fe2+-координациялық саны 6, сондықтан Fe(CN)6 деп жазамыз, (CN) заряды (-1), сондықтан комплекс ионының заряды [Fe(CN)6]4-. Молекула нейтрал болу керек. Cонда комплексті қосылыстың формуласы: К4[Fe(CN6)].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]