Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
himiya_shpor_13_14_15_jok (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
364.08 Кб
Скачать

8. Тұздар гидролизі Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі

Еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп, ерітіндінің рН–ын өзгерте ыдырауын гидролиз деп атайды. Гидролизге тұздар және әр түрлі органикалық қосылыстар – белоктар, майлар, қанттар ұшырайды.

Біздің қарастыратынымыз тұздар гидролизі.

Гидролиз – өте күрделі процесс. Түздағы электртерістігі үлкен элемент немесе топ сутегі ионымен, ал электртерістігі аз элемент немесе топ ОН- ионымен байланысады.

Тұздардың табиғатына және сыртқы жағдайға қарай, гидролиз сатылап, әр түрлі жылдамдықпен жүреді.

Тұздарды түзілу тегіне қарай, төрт топқа бөлуге болады.

1) күшті қышқыл мен күшті негіздің тұздары гидролизге ұшырамайды ( NaCl, KNO3, NaClO4, KBr, KF).

2) күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары (CuCl2, NH4Cl, Al2(SO)3, SnCl2, AlCl3, NH4NO3) гидролизге ұшырайды. Гидролиз катион арқылы жүреді, орта қышқылдық, рН<7. Гидролиздің молекулалық реакциясы:

Бір зарядты катион үшін:

NH4NO3 + H2O = NH4OH + HNO3

реакцияның иондық түрі:

NH4+ +NO3- + HOН = NH4ОH + H++NO3-

қысқартылған иондық реакция:

NH4+ + HOН = NH4ОH + H+ (pH<7)

Көп зарядты катион үшін:

AlCl3 + HOH = AlOHCl + HСl

І саты: Al3+ + HOH = AlOH2+ + H+

ІІ саты: AlOH2+ + HOH = Al(OH)2+ + H+

ІІІ саты: Al(OH)2+ + HOH = Al(OH)3 + H+

Түзілген Н+-иондар гидролиздің аяғына дейін жүруіне кедергі жасайды. Сондықтан бұл гидролиз ІІ-ші сатыда тоқтайды.

3) Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұздары: (СН3СООNa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2.) гидролизге ұшырайды.

Гидролиз анион арқылы жүреді. Бір зарядты анион үшін:

Молекулалық реакция:

KCN + HOH = HCN + KOH

иондық реакция:

K+ + CN- + HOH = HCN + K+ + OH-

қысқартылған иондық реакция:

CN- + HOH = HCN + OH- рН > 7, орта негіздік

Көп зарядты анион үшін:

Na2CO3 + HOH = NaHCO3 + NaOH

І саты: CO3 2-+ HOH= HCO3- + OH -

ІІ саты: HCO3 -+ HOH = H2CO3- + OH-

Түзілген ОН--иондар қайтадан көмір қышқылымен әрекеттеседі, сондықтан гидролиз І-ші сатыда тоқтайды.

4) Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары толық гидролизденеді: (СН3СООNH4, Fe(CH3COO)3, (NH4)2S, Al2S3, PCl3, Cr2S3, SO2Cl2, BeSO4):

СН3СООNH4 + HOH = СН3СООH + NH4OH

иондық түрі

СН3СОО- + NH4++ HOH = СН3СООH + NH4OH

Егер КСН3СООH= KNH4OH болса, рН =7

Көп зарядты катион үшін

Fe(CH3COO)3 +HOH = Fe(OH)(CH3COO)2 + CH3COOH

негіздік тұз

иондық түрі:

Fe3++3(CH3COO) -+HOH= FeOH2++2 CH3COO -+ CH3COOH

Көп зарядты анион үшін

(NH4)2S + HOH = NH4OH + NH4HS

2NH4+ +S2- + HOH = NH4OH + NH4+ +HS-

Әлсіз негіз бен қышқылдық тұз түзіледі. Өте әлсіз қышқыл мен өте әлсіз негіздің тұздары аяғына дейін гидролизденеді:

Al2S3 + 6НОН = 2Al(OH)3 + +3H2S

Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі

Гидролиз дәрежесі ((г) деп гидролизденген молекулалардың саны мен ерітіндідегі молекулалардың санының арақатынасын айтады.

nгидр

(г =

nжалпы

(г - гидролиздену дәрежесі,

nгидр - гидролизденген молекулалар саны,

nжалпы -молекулалардың жалпы саны

Гидролиз дәрежесі ((г) еріген заттың табиғатына, концен-трациясына, температураға тәуелді.

Гидролиз константасы деп гидролиз процесінің қаншалықты терең жүретінін көрсететін шаманы айтады. Кг - неғұрлым үлкен болса, гидролиз соғұрлым терең жүреді.

Гидролиз константасын есептеу жолдары:

КГ = KW / KHA

KW - судың иондық көбейтіндісі

KHA - әлсіз қышқылдың диссоциациялану константасы

КГ = KW / KktOH

KKtOH -әлсіз негіздің диссоциациялану константасы.

Әлсіз қышқыл және қлсіз негізден құралған тұз болса

KW

KГ =

КHAn . КKtOH

Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесін байланыстыратын формула:

KГ = С(2 , сонда ( =( KГ / С

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]