- •Хим экв туралы тусінік
- •2.Экв масса анықтау жолдары
- •Эквиваленттік массаны анықтау жолдары
- •0,0936 Г Ғе - 37,3 мл сутегі
- •3. Атом құрылысының күрделілігін дәлелдеген эксперименттер
- •4.5.6. Атом құрылысының қазіргі замандағы теориясы. Квант сандары
- •Квант сандары
- •4.5.6. Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы
- •7. Атомдардың электрондық құрылымы және периодтық система
- •Элементтер атомдарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Иондану энергиясы
- •8. Химиялық байланыс туралы түсінік түрлері
- •Химиялық байланыстың түрлері
- •Молекулалар арасындағы байланыс
- •Металдық байланыс
- •10.11. Ішкі энергия және энтальпия Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •Термохимияның негізгі түсініктері
- •Термохимияның негізгі заңы - Гесс заңы
- •12.13Химиялық кинетика Химиялық реакциялардың жылдамдығы Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Әсер етуші массалар заңы
- •Химиялық реакциялардың жылдамдығы
- •Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Әсер етуші массалар заңы
- •Температураның реакция жылдамдығына әсері
- •Реакция жылдамдығына катализатордың әсері
- •14. Химиялық тепе-теңдік қайтымды және қайтымсыз
- •15. Электролит емес ерітінділердің қасиеттері
- •Ерітінділердің буының қысымы
- •Ерітінділердің қатуы және қайнауы
- •1. Электролиттер Электролиттердің Вант-Гофф және Рауль заңынан ауытқуы
- •2. Электролиттік диссоциация Аррениус теориясы
- •3 Диссоциациялану дәрежесі. Әлсіз және күшті электролиттер
- •Әлсіз электролиттердің қасиеттері
- •4. Оствальдтың сұйылту заңы (1898 ж.)
- •Қышқылдар мен негіздердің сулы ерітінділердегі диссоциациялануы
- •5. Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі
- •6. Индикаторлар Буферлі ерітінділер
- •Буферлі ерітінділер
- •7. Иондық реакциялар және тепе-теңдіктер
- •7.1 Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік және адам организміндегі негізгі буферлі жйелер
- •7.2 Гетерогендік тепе-теңдіктер. Ерігіштік көбейтіндісі
- •8. Тұздар гидролизі Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі
- •Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі
- •9. Комплексті қосылыстар туралы түсінік Координациялық теория
- •Координациялық теория
- •10. Тотығу-тотықсыздану
- •10.1 Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтері
- •10.2 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері
- •11. Электрхимия туралы түсінік
- •11.1Гальвани элементі
- •11.2 Гальвани элементінің электрқозғаушы күші
- •11.3Нернст теңдеуі
- •12. Электролиз Фарадей заңы
- •14.Конструциялық материалдар
- •15.Композиялық материалдар
15. Электролит емес ерітінділердің қасиеттері
Ерітіндіде иондарға диссоциацияланып, ток өткізе алатын заттар электролиттер деп, ал ерітіндіде аз диссоциацияланып, ток өткізбейтін заттар электролит емес деп аталады.
Ерітінділердің буының қысымы
Бірдей температурада ерітіндінің бетіндегі будың қысымы таза еріткіштің бетіндегі будың қысымынан аз болады. 1887 жылы француз ғалымы Рауль заң ұсынды.
“Ерітінді үстіндегі еріткіштің қаныққан буының қысымының салыстырмалы төмендеуі ерітіндідегі еріген заттың мольдік үлесіне тең.”
Po-P
=
NB
Po
Po - таза еріткіштің буының қысымы
P - ерітіндінің бетіндегі қаныққан будың қысымы
NB - еріген заттың мольдік үлесі
nB
NB =
nB+nA
nB - еріген заттың молінің саны,
nA- еріткіштің молінің саны.
Po-P
- қаныққан будың қысымының салыстырмалы
Po төмендеуі немесе
(P nB
=
Po nB+nA
Ерітінділердің қатуы және қайнауы
Әрбір сұйық заттың буының қысымы атмосфералық қысымға тең болған кезде, ол сұйық қайнай бастайды. Әрбір ерітіндінің буының қысымы қатты еріткіштің қаныққан буының қысымына тең болғанда, ерітінді кристалданады (қатады).
(tқайнау - ерітіндінің және еріткіштің қайнау температурасының айырмасы немесе ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы.
(tқату - ерітіндінің және еріткіштің кристалдану температурасының айырмасы немесе ерітіндінің қату температурасының төмендеуі.
Раульдің тұжырымы бойынша
(tқайнау = ECm
(tқату = KCm
Cm - заттың моляльдік концентрациясы
Е - эбуллиоскопиялық константа
К- криоскопиялық константа
Е және К еріткіштің табиғатына тәуелді, мысалы, су үшін
Е= 0,52, K= 1,86 бензол үшін E= 2,57, K = 5,12.
Сонымен, ерітінділердің қатуы және қайнауы үшін Рауль заңдары былай оқылады:
1. Ерітінділердің қайнау температурасының жоғарылауы және қату температурасының төмендеуі еріген заттың моляльдік концентрациясына тура пропорционал
2. Әр түрлі заттардың бірдей мөлшері еріткіштің бірдей мөлшерінде ерітілсе, ерітіндінің қату температурасы және қайнау температурасы бірдей градусқа өзгереді.
Рауль заңы бойынша электролит емес заттардың молярлық массасын табуға болады.
Тәжірибе жасап, (tату табады, содан кейін
(tқату =КСm
В .1000 B.1000 . K
Сm= ; М =
(.а Сm . а
в - еріген заттың массасы
а - ерітіндінің массасы
С m - моляльдік концентрация
К - криоскопиялық константа.
Осмос
Еріткіш шала өткізгіш арқылы өздігінен ерітіндіге ауысса, осындай құбылысты осмос дейді. Шала өткізгіш дегеніміз су молекуласын өткізіп, еріген заттың молекуласын өткізбейтін заттар. Мысалы: тері, пергамент, жануарлар мен өсімдіктердің ткані. Осмос құбылысын байқау үшін осмометр деген қондырғы қолданылады.
С1 > C2 болғандықтан, судың молекулалары стаканнан шала өткізгіш 1 арқылы С1 ерітіндісіне ауыса бастайды. Біраз уақыттан кейін екі ерітіндідегі еріген заттың концетрациясы теңеседі. Ол кезде стакандағы және шала өткізгіштегі ерітінділердің деңгейлері әр түрлі болады. Осы деңгейлерді бірдей ету үшін артық қысым қажет. Осы қысымды осмос қысымы дейді.
Осмометрдің
қарапайым схемасы
Осмос қысымы Вант-Гофф заңы арқылы анықталады: “Ерітіндінің осмос қысымы еріген зат сол температурада газ күйінде болып, ерітіндінің көлеміндей көлем алып тұрғанда туғызатын қысымына тең”.
Осмос қысымдары тең әр түрлі ерітінділер изотондық болып саналады. Ал бір ерітіндінің осмос қысымы екінші ерітіндінің осмос қысымынан үлкен болса ерітінді - гипертондық, ал кіші болса -гипотондық. Медициналық және фармацевтикалық практикада 0,85% NaCl, 4,5-5% глюкоза ерітінділері изотондық болып есептеледі, себебі олардың осмос қысымдары қан плазмасының осмос қысымына тең. Кейбір жағдайда, адам азасына ерітінділер құю қажет, осындайда құйылатын ерітінділердің осмос қысымы қанның, азадаы клеткааралық сұйықтықтардың осмос қысымына тең болуы шарт, керісінше болса, ”осмостық конфликт” пайда болады. Осындай осмостық конфликтердің нәтижесінде “гемолиз”, “цитолиз”, “плазмолиз” құбылыстары байқалады.
Егер ағзаларға гипертондық ерітінді құйылса, эритроциттердегі су молекулалары сыртқа шығады, эритроциттер құрғап, жиырылады. Ал егер құйылатын ерітінді гипотондық болса, плазмадағы су молекулалары эритроциттердің қабыршағынан өтеді, олардың көлемі өсіп, эритроциттер жарылады. Осындай құбылыстарды “гемолиз” немесе “эритроцитолиз” дейді.
Жалпы өсімдіктер мен жануарлардың азасында жүретін клеткалардың бұзылуы - цитолиз. Өсімдіктердің өсу процесінде осмос құбылысы кең орын алған, мұнда да өсімдік жапырақтары немесе тамырлары гипертондық ерітіндіге салынса, су молекулалары сол ерітіндіге өтеді де, жапырақтар солып қалады. Бүл құбылыстың аталуы - плазмолиз. Сонымен қорыта айтқанда, осмос құбылысы адамның, жануарлардың, өсімдіктердің тҢршҢлҢгҢнде Ұте маызды роль атқарады.
