Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фин учет 1 УМКд 09.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
992.26 Кб
Скачать

2 Тақырып. Дебиторлық қарыз есебі

Ақшалай емес есеп айырысулардың формалары және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу

Қаржылық шаруашылық қызметін жүргізу процесінде сауда ұйымдары басқа шаруашылық субъектілермен тұтынушы мен жеткізушілер мен тауарлы материалды қорларды жеткізу немесе сату қатынастарына түседі.

Тауарды жіберуші мен қабылдаушы арасындағы есепайырысулар келісімшартта көрсетілген талаптарға сай банктегі ақшалайемес есеп айырысу келісімшарт міндеттемелері бойынша жүргізіледі.

Банктегі ақшалайемес есеп айырысу және құжат айналысы регламенттеледі. Қазақстан Республикасындағы ақшалайемес есепайырысулар және Қазақстан Республикасының териториясында төлем құжаттары, ақшалайемес есеп айырысулары және ақшалай аударымдар.

Көрсетілген нормативті құжаттар келісімшартқа тіркеліп қойылады және банктің келісімшартқа араласпау көрсетеді.

Төлеуші мен қабылдап алушының орналасқан жеріне байланысты есепайырысуларды бірқалалық және басқа қалалық деп бөледі. Ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы есепайырысуларды бір банк жүзеге асыратын және бір жерде орналасқан болса бірқалалық болады.

Ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы есепайырысуларды әртүрлі пункттерде орналасқан банктер жүргізетін болса басқақалалық болып табылады.

Бірқалалық және басқақалалық есепайырысуларда келесі негізгі ақшалай емес есеп айырысу формалары ұсынылады: төлем тапсырыстары, чектер, төлемталап-тапсырыстары транспорт және теміржол есеп айырысулары бойынша талаптар.

Қазақстан Республикасындағы чекпен есеп айырысу Қазақстан Республикасының чектерді қолдану бойынша ережелермен реттеледі.

Төлем тапсырыстары бойынша есепайырысу. Төлем тапсырысы бұл – кәсіпорын немесе ұйым өз шотынан басқа бір ұйым шотына белгілі бір соманы аударуға тапсырыс береьтін бұйрық.

Келесілерде ұйым банкке ақша қаражаттарды аударуды тапсырады: тауар мен қызмет көрсеткені үшін жеткізушілерге; кредиторлық қарызды өтегенде; фактурамен бағам келіп түскен құралдар үшін төлем;

Қаржы ұйымдарына салық немесе шегерімдерсапа бойынша рекламацияға төлем; келісімшарт міндеттемелерді орындағаны бойынша айыппұлдар және тағы сол сияқты.

Қабылдап алушы мен есепайырысу, типтік формадағы төлем тапсырысы № 0401002 жүргізіледі. Ал 2 немесе одан да көп қабылдаушылармен есепайырысқанда № 0401003 төлем тапсырысы рәсімделеді және әр бөлімде төлеуші мен қабылдаушы атаулары және шоттар нөмірі мен төлем сомасы көрсетіледі.

Тапсырыстың бір экземпляры (қабылдаушыға берілетін) келіп алынып банктың банктың тапсырысына бекітіледі.

Басқақалалық және бірқалалық есепайырысуда төлем тапсырыстары үш экземплярмен толтырылады: біріншісі – сатушы мен сатыпалушы банкінде мемориалды ордер ретінде қолданылады; екіншісі – бірқалалық есепайырысу кезінде қабылдаушыға жіберіледі (жеткізушіге) көшірмесімен бірге, екінші экземпляр төлеушінің банкке негізі рентінде қызмет етеді. Үшінші экземпляр төлеушіге (қабылдаушыға) қабылдау көшірмесімен банк штампымен бекітіліп беріледі.

Бірқалалық және басқақалалық есепайырысу кезінде төлеуші мен жеткізушілерді әртүрлі банктер қызмет көрсетсе онда тапсырыс 4 экземпляр болып толтырылады. Біріншісі тмемориалды ордер, екіншісі және үшіншісі төлегеннен кейін жеткізуші банкіне жіберіледі, мұнда екінші экземпляр ордер ретінде банкте ол үшінші жеткізуші шотынавн көршілерге тіркеледі, төртінші экземпаляр банк штампымен жеткізу көшірмесімен бірге сатып алушыға қайтарылады.

Төлем тапсырысы алынған тауар үшін жүргізілгендіктен, онда атуар аты, тауар құжатының нөмірі мен мерзімі келісімшарт нөмірі мен мерзімі және басқада реквизиттер қажет болған жағдайда төлеуші төлем тапсырысымен бірге шоттар мен басқада документтерді жібереді.

Қабылдаған тауарлы материалдар үшін төлем тапсырысы банкте оны ұсынған кезден қабылдайды. Ал құралдардың жоқ болуы немесе жетіспеуі кезінде, олар №2 картотекаға олардың толық төленуіне дейін орналастырылады және әр клиентке n беттік шоттар жүргізіліп пеня есептеледі.

Банк – қабылдаушының төлем тапсырысының акцепті бұл банктің тапсырысын орындауға міндетінің болуы және банк қабылдауының жеткізуінің банк шотынан белгілі бір соманы аударуына құқығының пайда болуы болып табылады. Келесі талаптар орындалғанда төлем тапсырысы банк қабылдаушымен акцептелген болып табылады.

  • Банк қабылдаушы немесе бенефициар жеткізушіге ақшаның акцепті туралы алдын ала ескерту жібереді, яғни төлем тапсырысын төлеу негізінде.

  • Бенефициардың ақшаны алуы (банктік шотты дебеттеді)

  • Жеткізуші болатын немесе бенефициардан акцептіден бас тартқаны туралы хабар алған жоқ.

  • Қазақстан Республикасында қаралған заңдарына байланысты басқа да жағдайларда.

Алдын ала төлеу немесе аванстық төлем тапсырысы клиенттің шотында жеткілікті ақша құралының болуы кезінде ғана жүзеге асады. Тауар мен қызмет үшін төлем банк ссудасынан төлеуге болмайды. Аванстық төлем келісім шартта қаралған мерзім бойынша төленіп отырылады.

Төлем тапсырысы жеткізуші мен сатып алушы арасында келісімшартта қаралғандай тауарды уақытында жеткізу негізінде төленіп отырады.

Жоспарлы төлем транзиттік жеткізу кезінде жүргізілмейді. Жоспарлы төлем екі жақтың келісімімен ай, квартал, сайын тауарды жеткізуге байланысты төленіп отырады. Жоспарлы төлем көлемін ай ішіндегі жеткізу сомасымен ай ішіндегі жұмыс күні. Әр жоспарлы төлем үшін банкке бөлек төлем тапсырысы беріледі.

Екі жақ айына бір рет немесе кезең бойынша өз есепайырысуларын тексеруі қажет. Сол кездегі табылған қателер келесі төлем тапсырысында есепке алынуы керек. Есепайырысуды тексеру мақсаты ол ай соңында минималды қарыздың болуы ( бір жеткізу төлемімен тең)

Жақтардың келісімі бойынша төлем мерзімді, мерзімге деін, кейінге қалтырылған болуы мүмкін.

Мерзімді төлем:

  • Аванстық төлем яғни тауарды жеткізуге дейінгі.

  • Тауардың тікелей акцептісікезінде яғни жеткізгеннен кейінгі төлем.

«ірі келісімшарт кезіндегі» кезең бойынша төлем

Мерзімге дейінгі немесе кейінге қалдырылған төлем бұл екі жақтың да қаржылық жағдайына әсер етпеу үшін келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Ұным толемді мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

  • Жеке тұлғалар атына (зейнетақы, алимент, еңбекақы, іссапар, гонорар.)

  • Ауылды жерлерде банктер жоқ жерде еңбекақы төлеу

Ақша аударымдарын жасағанда аударушы алушы атауын, шоттың нөмірін, сонымен қатар шот жүргізілетін банк атауын және номерін көрсетеді. Төлем тапсырысы бір экземплярмен почтаға беріледі. Байланыс ұйымы аударымдарды өзі төлеуді төлем тапсырыстарының артына байланыс ұйымы кәсіпорын атауын және алынған соманы жазадыю

Активті есеп айырысу. Акредитивтің мәні оның түрлері, оны есепайырысу кезінде қолдану 9,5 арнайы банк шотындағы ақша құралдарының есебі тарауында қаралған.

Төлем тапсырыс талабымен есеп айырысу.

Бұл жеткізушінің сатып алушыдан қызмет көрсетуші банкке жіберілген құжаттар негізінде жеткізілген тауарлы материалдар үшін келісімшартта көрсетілгендей төлем жасау.

Бұл төлем түрінде тауармен қатар түрлі құжаттар негізінде жеткізуші сатып алушы атына төлем талап тапсырысын 4 экземплярмен жазады. Жеткізуші жазган төлем талап тапсырысы бойынша реестр 2 экземплярда жазылады. Реестр төлем талабымен бірге жеткізуші банкіне беріледі. Бұл операция инкассо деп аталады. Яғни сатып алушыдан жеткізу шотына төлем сомасын аудару. Банк реестрді тексеріп олар толық болса өзіне реестрдің бір экземплярын қалдырып ал екіншісін жеткіжушіге қайтарады.

Жасалған төрт экземплярдың біреуі жеткізушіде қалып, төлемдердің өз уақытында келіп тұруын қадағалайды.

Ал қалғанын бөлек тексерген соң сатып алушы банкіне жіберіледі. Банк құжатты алған соң оларды тексеріп алдады. Тіркеп алған мерзімін жазып төлеушіге акцепт үшін береді. Акцепт немесе одан бас тарту акцепті төлем талап тапсырыс алған күннен үш күнге дейін жасалуы керек.

Төлеушінің құқығында төлық немесе кезеңді акцептіден бас тартуға болады. Акцептіден толық бас тарту келісімшарттағы талаптарды бұзғанда болуы мүмкін. Яғни төлем құжаттары бойынша келіспеген тауарларды әкелгенде, мерзіміне дейін тауарды әкеліп, тауар сапасының тиімді кезінде т.б.с.с.

Кезеңді бас тартуда төлеуші жеткізушіге нақты не үшін ол тауарды төлемейтінін қай сомада екенін жазуы керек.

Барлық жағдайда акцептіден бас тарту ол келісімшартта көрсетілген сілтемеге сүйеніп жасалынады, олнда қарастырылмаған жағдайлардың мүмкін болуы кезінде төлеуші жеткізуші алдында сот арқылы материалды жауапкершіліктен өтейді. Төлем талап тапсырмасы тауардан бас тартқаны туралы, құжаттармен бірге, жеткізушіге жіберілуі керек. Ал оған дейін сатып алушы оған толық жауапты болады және ол қайтарылған тауарлы материалдарды өзінде сақтауға алуы қажет. Бұзылған тауарларды сату жеткізуші шотынан болады және алынған табыс бойынша жіберіліп жеткізуші шотына есептеледі.

Толық төлем талап тапсырмасын өтеу кезінде төлеуші шоттарымен жұмыс істейтін тұлғалар қол қояды, барлық экземплярға мөр қойылып банкке тапсырылады олардың ішінде:

  • Біріншісі ақшаны аудару негізі ретінде қолданып банктің құндық құжаттарына жатады.

  • Жеткізушіге қызмет көрсететін банкке жіберіледі.

  • Сатып алушыға жүкті түсіргені туралы құжаттармен бірге жіберіледі, көрсетілген қызмет пен тауар үшін төлем жасау үшін.

Төлеуші шотында ақша жеткілікті болса бөлек төлем талап тапсырмасын төлейді.

Ал егер жеткіліксіз немесе жоқ болса онда төлем талап тапсырмасын №2 картотекаға оны толық төлегенге дейін орналастырады.

Балама талаптар бойынша есепайырысу.

Орталандырылған есепайырысулар, транспорттық ұйымдардың жүкті тасымалдау, сонымен қатар жүкті және транспортты экспедициялық қызмет көрсеткенде ұйымдар арасында балама талаптар пайда болады.

Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуші ұйымның банкінен гарантиялық анықтама беріледі. Онда: онымен депаненттелген шот; яғни көрсетілген қызмет үшін төлем уақытша осы бөліктен төленіп жатқаны туралы (озінің шотында ақша қаражаты жетіспейді). Анықтаманың қызмет ету мерзім келісім шартта анықталады.

Есеп айырысуды уақытында жасау, құжат айналысының техникасын қарапайымдау сауда ұйымдары өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алуда жүзеге асыра алады. Яғни бір бірінің арасындағы қарыздары бірдей соммамен жабылып отырады, ол операцияны бөлек жүзеге асырады. Өзара талаптар мен міндеттемелер есепке алу арқылы есепайырысу ұйымдардың сұраулары бойынша жеткізілген тауар мен көрсетілген қызметі үшін бөлек жүзеге асырады. Банкке төлем тапсырысы, чектер төлем талап тапсырысы өткізіледі.

Өзара талаптарды және міндеттемелерді есепке алу арқылы есепайырысу кезінде бөлікте жалпы қолданатын және бір қолданатын есепке алумен жүргізіледі.

Жалпы қолданатын есеп айырысуларға кезең бойынша өзара талаптар мен міндеттерді есепке алу сальдосы жатады. Бір реттік есепайырысуға екі ұйым арасындағы қарсы талаптар жатады.

Өзара талаптар мен міндеттерді есепке алу сальдосы бойынша кезеңдік есепайырысу арасында шарттық қатынастары үздіксіз жүретін екі ұйым арасында қолданады. Ұйымдарға бір қалалық және басқа қалалық бөліктер қызмет көрсетуі мүмкін.

Есеп айырысу бойынша кезең мен тәртіп ұйымдар арасында келісімшарт негізінде жасалынады. Келісім күні, есеп айырысудың кезеңі біткенде ұйым (есеп айырысуды жүргізетін) қарама қарсы талаптар бойынеша сальдоны шығарып оны басқа ұйымға хабарлауы керек.

Есеп айырысу бойынша жазулардың көптігінен ұйым оның сальдосын шығаруға құнама онда мерзім үш күнге дейін ұзартылады. Егер есепке алу нәтижесі бойынша есеп айырысуды жүргізетін ұйым өзінде бекітілген соммадан артық төлеуі керек болса онда ол басқа төлем тапсырмасын беріп керекті сальдоны аударады. Ал егер керісінше болса онда ол төлем талап тапсырманы өзара талаптар мен міндеттемелер айырым сомасына бөлек тапсырады.

Сальдо бойынша есепке алу сальдо сомасы біркүндік тауарды түсіргенге тең болғанда алынады. Сальдо сомасы кем болса онда ол келесі кезең есепайырысуына жатады. Сальдо бойынша есепайырысу туралы келісім бар болса тауарлы транспорттық құжаттар банкке тапсырылмайды.

Өзара талаптар мен міндеттемелер сальдосы бойынша төлем құжаттары графасында төлемнің бағытталуы мына жазу жазылады зачет келісімшарт мерзімі мен номері көрсетіледі.

Бірретік есепке алу ұйымдар арасында қандай да бір қарыздардың болуы кезінде және оның біреуінің банкте болуы кезінде қолданылады.

Бір реттік зачет жүргізгісі келетін ұйым банкке сұрау салады және онда есепайырысу құжаттарының негізгі реквизиттері номеры, мерзімі, төлеушінің аты, банктегі шоттың номеры, есепке алу сомасы, банк атауы. Есепке алуды сұрауды қабылдаған банк жүргізеді.

Тауарлық есепайырысулар өзара талаптар мен міндеттемелер есепке алу негізінде көтерме ұйымдарында қолданылады. Бөлшек саудада оны қолдану екіталай.

Вексель бойынша есепайырысу нарықтық экономикада төлем құжаттарының дайын кележатқан түрі вексель болмақ.

Вексель бұл вексель айналымы жолымен берілетін комерциялық несиенің түрі. Яғни белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Векскль беруші вексель беруші заңды немесе жеке тұлға.

Вексель ұстаушы вексельді ұстаушы яғни вексельде көрсетілген соманы алушы.

Вексельді шығару және оның айналыс.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының вексель айналысы» туралы заңымен реттеледі. 1997 жыл 22 сәуір № 97-1

Вексельдің екі түрі бар жай (соло) және аудармалы (тратта)

Жай вексель оны борышкер жазып береді және оған қол қояды. Вексель берушінің міндеті ол бірінші сұраған кезде төлем жүргізу.

Аудармалы вексель бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленген мерзімде ұсынушыға немесе үшінші тұлғаға төлеу жөніндегі кредитордың борышкерге берген бұйрығы.

Вексельдің келесі реквизиттері болуы керек: вексель аты құжатқа тіркелген, берілген соманы төлеу туралы бұйрық, кім төлеуі керек, төлем мерзімі, кімге төленетіннің аты, векселді құру мерзімі мен жері, вексель берушінің қолы.

Жоғарыда көрсетілген талаптардың бірі көрсетілмесе онда вексель жарамсыз болып табылады.

Аудармалы вексельді төлеуші табыстау қолының көмегімен акцептеуге тиіс. Аудармалы вексель келесі мерзімде төлемге берілуі мүмкін: ұсынғанда (белгілі бір уақытта); құралғаннан кейін белгіленген уақытта; белгіленген күні;

Аудармалы вексель бірнеше экземплярда берілуі мүмкін. Бұл экземплярлар номермен белгіленуі керек. Олардың әрбіреуі бөлек вексерь ретінде қаралады. Егер де вексельде оның бір экземплярда берілгендігі жазылмаса онда вексель алушы оның бірнеше экземплярда берілуін талап етуі мүмкін. Бұл жағдайда ол өзінің индосантына сұрауы керек. Индосаттар міндетті түрде экземпляр жасап беруі керек.

Аудармалы вексель бойынша мысал.

Бір экземпляр бойынша төлем жүргізілсе онда ол (төлеуші) міндеттен босайды. Басқа экземплярлар осы арқылы жабылады. Дегенмен төлеуші әрі де әр экземпляр бойынша жауапты болады.

Индоссант әртүрлі тұлғаларға экземплярларды берген және одан кейінгі индоссанттар өздері қол қойған экземплярлар үшін жауапты.

Бір экземплярды акцептеуге жіберген адам басқа экземплярда ол кімде екенін жазу керек. Соңғы тұлға экземплярды заңды ұстаушыға беру керек. Егер тұлға адам бас тартса онда ұстаушы экземпляр оған берілгендігі туралы иск береді. Аудармалы вексельүшінші тұлғаның тұрғылықты жерінде немесе басқа да жақта төленуге келе береді.

Вексель сомасына сыйақылар пенялар кірмейді.

Вексель сомасына сыйақы вексельде көрсетілуі керек, ал ол көрсетілмеген болса онда көрсетілмеген ретінде саналады. Сыйақы аударманы вексель құрылғаннан бастап саналады. Егер вексельде көрсетілген сомма жазбашада санмен жазылған болса онда келіспеушілік туындаған жағдайда жазбаша жазылған сома дұрыс деп саналады.

Вексель беруші акцепт және төлем үшін де жауапты. Әр вексель егер де ол бұйрық бойынша берілмеген болса да индосамент арқылы беріледі. Индосамент вексельдің барлық құқығын аударады. Егер индосамент банктік болса онда вексель беруші өз атымен немесе басқа бір тұлғаның атымен бланк толтыра алады және үшінші тұлғаға вексельді бере алады бланкті толтырмай және индосаментті аяқтамай. Индосамент акцепт және төлем үшін жауап береді егер басқа жағдай жасалмайтын болса. Ол алдағы индосаментке тыйым салуы мүмкін бұл жағдайда вексель индосерленген тұлғалар алдында ол жауапты емес. Аудармалы вексельді ұстаушы вексельді ұстаушы болып саналады. Егер индосаментте «алуға валюта» «инкассаға» «сенімартқан» деген жазулар бар болса онда вексель ұстаушы барлық құқықтарды орындай алады, бірақ индоситей алмайды.

Әр бір аударма вексельде мерзімі көрсетілуі де корсетілмеуі де мүмкін. Төленуі тиіс вексель бір жыл ішінде акцептіге ұсынылуы керек (берілген күннен). Вексель беруші оның уақытын ұзартуы да қысқартуы да мүмкін. Вексель мерзімін индосаментте қысқартуы да мүмкін. Жыл ішінде вексель акцептіге берілмесе онда вексель ұстаушы құқығынан айырылады.

Акцепт аудармалы вексельді келесі келесі бетінде «акцептелді» деген жазуымен белгіленеді. Төлем акцептісі вексель ұстаушыға ондағы көрсетілген соманы алуға құқық береді. Төлеуші акцепт арқылы вексельді уақытында төлеуді мойнына алады. Төленбеген жағдайда вексель ұстаушы акцептантқа шағымдануы мүмкін. Яғни вексель сомасынан пеня (рефинансированная ставка) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде бекітілген және басқа да шегерістер. Сонымен қатар вексель ұстаушы вексель сомасынан комиссия 0,01% көлемінде бекітеді.

Егер чек төлем мерзіміне дейін берілетін болса онда вексель сомасынан есептік пайыз алынады. Бұл пайыз (банк ставкасы) арнайы есеп ставкасымен ұсталынады. Аудармалы вексель бойынша төлем толық немесе бөлек төленуі (аваль) мүмкін.

Аваль аудармалы вексельде алынады немесе қосымша бетте берілген жерін көрсетеді. Ол «двальге санау» немесе басқа әртүрлі форма арқылы көрсетіліп аваль берушінің қолы қойылады. Вексель ұстаушы өз құқығын регресса индосантқа және вексель берушіге қарсылық көрсете алады егер төлем жасалынбаған болса:

  • Егер акцептіден бас тартса

  • Төлеуші банкрот болып саналғанда вексельді акцептеген акцептелгеніне қарамастан

  • Вексель беруші акцептелген вексель бойынша банкрот болып саналғанда

Регрестік иск вексель бойынша акцепт және төлем бойынша вексель бойынша төлем мерзімінен кеш болмауы керек. Вексель бойынша акцепт және төлем акт бойынша бекітілуі тиіс. Вексель бойынша акцепт емес және төлем жасамау туралы протест бір күн бойында нотариуспен бекітіледі. Бұл акцептелмеу төлем жасамау вексель бойынша процестің сотқа дейінгі ісәрекеттері болып табылады. Вексель алушы индосантыжәне вексель беру вексельдің акцептелмегі және төленбегені туралы төрт жұмыс күні алдында хабарлауы керек.Әр индосант екі жұмыс күнінде индосаментке жағдайды хабарлауы керек.

Акцептелмеу төлемеу жайында протест болған жағдайда вексельге байланысты тұлғалардың барлығына нотариус хабарлауы қажет. Бұл бойынша шығындар протест бойынша шығындарға жатады. Егер вексель ұстаушы протест жасаса онда барлық шығындарды өзі көтереді. Ал егер шағым индосантпен авальшыдан болса онда шығындарды қол қойған тұлғалардың барлығы көтереді. Барлық авальшы мен акцептеуші вексель ұстаушының алдында міндетті. Вексель ұстаушы осылардың барлығына иск жазуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары жай және аудармалы вексельмен есепайырысуға құқықтары бар, бірақ егер де олар «Қазақстан Республикасының вексель айналымы» заңына сай келсе. Есеп контораларда вексельмен есепайырысу Қазақстан Республикасының ұлттық банкі орнатқан тәртіппен бекітіледі. Кейінге қалтырылған төлемді вексельмен қайта рәсімдеу «Қазақстан Республикасының вексель айналымы» заңымен бекітеді. Акредитивке төлемді қамтамасыз ету банктегі қарызды вексельді залогқа беру жолымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық банкімен бекітіледі. Вексельді залогқа беру индосаментте рәсімдеуді қойылатын талаптарды сақтаумен іске асыруды. Басқа жағдайда вексельді залогқа қою жіберілмейді. Вексельді залогқа қою және тіркеу және олардың келісімшарттары Қазақстан Республикасының териториясында есеп контораларында жүргізіледі.Вексель арқылы есепайырысу операциялар туралы әдістер сәйкес бөлімде толық қаралды.