- •Электроэнергетика және электротехникалық жабдық
- •050718- Электроэнергетика мамандығы бойынша барлық оқу
- •1.1 Электрлік өрістегі диэлектриктің ішіндегі физикалық процестер
- •1.2 Диэлектриктердің классификациясы
- •1.3 Электрлік оқшауламаға әсер етуші жүктемені жіктеу
- •1.4 Электр кернеулері
- •2.1 Электр кернеулері. Ішкі асқын кернеулер
- •2.2 Сыртқы асқын кернеу
- •2.3 Жұмыстың температуралық шарты
- •2.4. Механикалық кернеулер. Сыртқы механикалық кернеулер
- •3.2 Ішкі механикалық кернеулер. Эксплуатация есептік шарттарды таңдау
- •4.1. Изоляторларды топтастыру, олардың мінездемелері және оларға қойылатын талаптар
- •4.2. Әуе электр берілісі желісінің және қосалқы станциялардың оқшаулағыштары (изоляторлары)
- •4.3. Оқшаулағыш тіркесін бойлай кернеудің таралуы
- •4.4. Изоляторларды жасап шығару технологиясы
- •5.1 Жоғары кернеуде пайдаланатын электрлік машиналардың оқшауламасы
- •5.2. Термопластикалық оқшаулаудың даярлау технологиясы
- •5.3. Термореактивті изоляцияны даярлау технологиясы
- •6.1 Трансформаторлардың оқшауламалары
- •6.1 Сурет - Үш фазалық үш орамалы
- •7.1 Конденсаторлардың оқшауламасы
- •7.2. Кабельдер мен сымдардың оқшаулама заттары
- •7.3 Ауа желілеріне арналған оқшауланған сымдар
- •8.1 Кабельдердің жіктелуі және арналуы
- •8.2 Жоғарғы кернеулі күштік кабельдің оқшауламасы
- •8.1 Сурет– Жеке қорғасындалған кернеуі 35 кВ үш орамды кабелдің орындалуы
- •8.2 Сурет – Май толтырылған кабель
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
4.1. Изоляторларды топтастыру, олардың мінездемелері және оларға қойылатын талаптар
Изолятор деп әртүрлі потенциал астында болатын өткізгіш талсымдарды электрлік оқшаулауға және оларды механикалық бекітуге арналған конструкцияларды айтады. Тағайындалуы бойынша изоляторлар желілік және аппараттыққа бөлінеді. Желілік изоляторлар электр станциялары мен электр жеткізу желілерде жұмыс істеуге тағайындалынған. Желілік изоляторлармен тіреуіштерге талсымдарды механикалық бекітеді. Желілік изоляторларға жататындар істікті және аспалы. Электр құрылғыларға арналған изоляторларды аппараттық изолятор дейді. Оларға жататындар тіреуіш және өткерме изоляторлар.
Ток өткізгіш бөліктердің орналасуы бойынша изоляторлар тіреуіш, өткерме және аспалыларға бөлінеді, құрылысы бойынша табақша, оқтауша және істікшеге бөлінеді, ал қондырғының орналасу, орынымен желілік және станциялыққа бөлінеді.
Изоляторлардың негізгі мінездемелеріне разрядтық кернеулер, геометриялық параметрлер, механикалық сипаттамалар және электр қондырғыларының номиналдық кернеуі жатады. Изоляторлардың разрядтық кернеулеріне үш ұласу және бір тесіп өту кернеулері жатады: а) құрғақ разрядтық кернеу Uқр - жиілігі 50Гц кернеудегі таза, құрғақ изолятордың ұласу кернеуі;
б) сулы разрядтық кернеу Uср - жиілігі 50Гц кернеудегі интенсивтігі 5мм/мин тікке 45° бұрышымен жауатын жаңбырмен суланған таза изолятордың ұласу кернеуі;
в) импульстік разрядтық кернеу Uимп - кернеудің стандарттық найзағайлы импульстерінің 50%- дық ұласуы ( изоляторға берілген 10 импульстің бесеуі (5) ұласу кернеуімен бітеді, ал бесеуі (5) ұласумен бітпеген импульстің амплитудасы);
г) тесетін кернеу Uт- изолятордың оқшаулайтын денесін 50Гц жиілікте тесетін кернеу; изоляторды тескенде ол істен шығады сондықтан осы мінездеме өте сирек пайдаланылады. Аспалы табақша изоляторлардың сулы разрядтық кернеуі құрғақ разрядтық кернеуге қарағанда 1,8-2 есе төмен, оқшаулама изоляторлардың айырмасы онша үлкен емес, 15-20%-ғы дейін. Импульстік разрядтық кернеу изолятордың сулануына, ылғалдығына және ластығына тәуелді емес, яғни 20%-ке амплитудасы құрғақ разрядтық кернеуден жоғары. Изолятордың бетінің ластануы сулы разрядтық кернеуді өте төмендетеді.
Геометриялық параметрлерге келесілер жатады:
а) изолятор құрылысының ұзындығы Нс, құрылуы орналастырғаннан кейінгі изолятордың габариті; кейбір изоляторлардың, мысалы аспалы табақшалардың, құрылыс ұзындығы изолятордың шын биіктігінен төмен болып шығады;
б) изолятордың ең үлкен диаметрі D;
в) изолятордың жылыстау тоғының жол ұзындығы ℓу
г) ауада электродтардың ( құрғақ кезінде) ең кіші арасы ℓс. Осы араға құрғақ разрядтық кернеу тәуелді;
д) сулы разрядтық арасы ℓm, ұйғару бойынша изолятордың бір бөлігі жауыннан суланғаннан кейін тоқты өткізетін болады деп анықталады. Әртүрлі категориялармен жасалынған және атмосфераның ластану дәрежесіне сай изоляторлардың жылыстау тоқ ұзындығы ГОСТ (МЕСТ) бойынша нормаланады. Эффективті изолятордың жылыстау ток жолының ұзындығы деп ластанған изолятордың бетінен разрядтың даму жолының ұзындығын айтамыз.
Изоляторлардың негізгі механикалық мінездемелеріне келесі үш сипаттамалар жатады:
а) минималды созып қирататын күш. Көбінесе аспалы изоляторлар -
ды есептегенде керек;
б) минималды майыстырып сындыратын күш. Тірекше және өткерме изоляторлар үшін саналады;
в) минималды қысып бұзатын күш.
Осы күштердің өлшем бірлігі деканьютон (даН) килограмм күшке сәйкес немесе килоньютон (кН).
