Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер BEKA.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
466 Кб
Скачать
☆

4.4. Изоляторларды жасап шығару технологиясы

 

         Изоляторларды жасау үшін кең қолданатын зат – электротехникалық фарфор. Оның құрамы балшықтық заттардан (42 - 50%), кварцтан (20 - 25%), калийдің полевой шпатынан (22 - 30%), ұнтақталған фарфор сынықтары (5 - 8%) және судан тұрады. Кебірлететін заттар (кварц, полевой шпат немесе пегматит) және сынған фарфор бұйымдардың ұнтағы қосылып ары қарай граниттен жасалған катокпен тартылып ұсақтандырылады, содан соң шарлы диірменнен өткізіліп, елеуішпен еленеді, магниттік сенерациямен тазаланады да сумен диірменнен өткізіліп, елеуішпен еленеді, магниттік сенерациямен тазаланады да сумен шыланады. Содан жасалынған массаның аты шликер, 45 – 50%-ы су болады. Атмосфералық қысымы 6 – 8 атм қысымымен қысып фильтр – пресстен шыққанда осы шликерде 25% су қалады. Осы шыққан заттан вакуум – пресс деген құрылыммен пластмасса шығарып, одан изоляторларды жасайтын дайындықтарды (заготовка) жасап шығарады. Изоляторларды гипс және болаттан жасаған астаулармен (форма)  және басқа да әдістермен престеп, қысып жасап шығарып токарьлық станокпен дұрыстайды. Осы жасалынған изолятордың дайындығын кептіру үшін кептіргіш пештен өтіп, дымқылдығы 0,5 - 2%-ға дейін кебеді. Құрғатылған изоляторларды глазурь деген сұйық шынысы сияқты суспензиямен қаптап (малып), сонан соң термиялы өңдеу үшін тоннельдік пешке орналастырады. Ол пештен бұйымдар шамасы 24 сағатта күйдіріліп шығарылады. Изоляторларды шынықтырылған шынылар мен полимерлерден де жасайды.

Шынықтырылған электр техникалық шынылар арзан материал. Шикізат - кварц құмы, сода, даломит, бор және басқа компоненттер. Осы заттардан айқын пропорционалған қоспаны шихта дейді. Шыны пісіретін пешке шихта толтыра артылады да, 16000 С температураға жеткенде балқиды, сұйық стекломасса құрастырылады, осы массадан әртүрлі шыны бұйымдар әзірленеді. Жапырақ шыныларды керу әдісімен, ал изоляторларды престеумен алады.

Полимерлік изолятордың құрылысы былай: оқтаушасы қшауламасы эпоксидтік волокниттен немесе электроқшауламалы стеклопластиктан әзірленеді, яғни шыныдан жасалған талшықтардан ровнинг деген негізі шығарылады, осы талшықтар эпоксидноциклоалифатикалық, полиэфиримидтік немесе эпоксиднодиондық  шайырлармен байланыстырылады. Осы оқтаушаны қорғау үшін сыртын кремний органикалық резеңкемен (тағы бір аты силикон резенке)  қаптайды. Екі жағынан көміртекті болаттан жасалған ұштар престеледі. Қорғаушы корпустың (қабықтың) жасалу әдісі екі түрлі: біріншісі, оқшауламаның сыртынан арнайы престерде монолитті престеледі, ал екіншісі түрі, қорғаушы резеңкеден дөңгелектерді алдымен әзірлеп, сонан соң оқтаушаға тіркестіріп киіледі, ол «шашлық» әдісі. Бұл әдістің кемшіліктері көп болған соң қазіргі уақытта көбінесе пайдаланбайды. 25 Полимерлі изоляторлардың басқаларына қарағанда артықшылықтары: а) ластанған аумақта өзіне тиіс кернеуді тесіп ұстау; б) жеңілімен сынбайтындығы, «вандализмге» табандылығы; в)  салмағы жеңіл; г) әкеліп орналастыруы қарапайым.

Кемшіліктері: а) органикалық заттың тозуы; б) қатты майыстырғанда сынып кетуі; в) құстар сыртқы қабатын бұзып кету мүмкіндігі.  

 

№5 дәріс. Электрлік машиналардың оқшауламасы және оларға қойылатын талаптар

 

Дәрістің мазмұны:

-         үлкен кернеуге арналған электрлік машиналардың оқшауламасы;

-         термопластика изоляцияны жасап шығару технологиясы;

-         термореактивтік изоляцияны жасап шығару технологиясы.

 

Дәрістің мақсаты:

   - жоғары кернеуде пайдаланатын электрлік машиналардың оқшауламасымен танысу және оларға қойылған талаптар.