Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esse-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
78.25 Кб
Скачать

16. Айналыстағы ақша массасының өсуі неге әкеледі, оның салдары

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.

Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Экономикадағы ақша массасының негізгі өсу себебі орталық және коммерциялық банк ілердің кредиттік эмиссиясы болды. Ұлттық банкінің мәлімет - деректері бойынша 1993 жылдың тамызынан 1994 жылдың тамызына дейін (үкіметке, коммерциялық банк ілерге, ЭЖҚ есебінен және басқа қарыз алушыларға) берілген кредиттердің сомасы 5,7-ден 22,4 млрд теңгеге дейін көбейді (яғни 4 есе); коммерциялық банкілердің кредиттері (шаруашылықтарға берілген) 7,9-дан 35,9 млрд теңгеге немесе 4,5 есе көбейді. Ұлттық банк бөлген кредит ресурстарының құрылымында коммерциялық банкілерге және үкіметке берілген кредиттердің үлесі елеулі орын алды.

Әсіресе үкіметке берілген кредиттер көлемі көп өсті - 46 есе. Бұл 1993-1994 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (1994 ж. - 7% ЖІӨ-ге) Ұлттық банкінің кредитімен қаржыландырылғанына көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елеулі тапшылығы қолма-қол ақшаға айналып, өл соңынан инфляцияны қоздырушы факторға айналды

Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

-ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

-өндірілген өнімдерге энергетикалық, материалдардың, еңбектің жоғары мөлшерде жұмсалуы;

-өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

-мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

-мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;

-басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.

Қорыта келе ақша массасының өсуі ақшаның құнсыздануына алып келедә, алол елдің экономикасына кері әсерін тигізеді.

17. Қазақстанның банк жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек деп ойлайсыз? Қазақстанда екідеңгейлік банк жүйесі құрылып, қазіргі таңда жұмысын атқарып жатыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұрыңғы мамандандырылған банктер өзінің тұрақты клиенттеріне және акционерлерге белгілі бір жеңілдіктермен несие береді. Осы жағдай қуаты азырақ коммерциялық банктерге өз салымшаларын сақтап қалу үшін күресте салыстырмалы түрде жеңіл несие беруге мәжбүрлейді. Халықтың 90% - ға жуық салымы ұлттық сақтандыру банкінің есепшотына келеді, себебі халық оған өте сенеді. Тек осы банкте ғана салымның сақталуының кепілдігін мемлекет береді және жалғыз осы банк жеке тұлғаларға несие берумен айналысады. Жаңа коммерциялық банктер шағын клиенттермен айналыспайды, әрқашан халықпен жұмыс істей бермейді. Халықтың салымдары үлесі коммерциялық банктер пассивінде тұрақты түрде 0,5% аспайды. Бірақ, кейінгі кезде олар да тәуелсіз қаражат іздеу барысында жеке салымшылардың назарын аудару үшін жұмыстың жаңа формаларын: жедел салымдар, депозитті және сақтандыру сертификаттары, акциялары, вексельдер, облигацияларды қолдана бастады.  Заңды тұлғалармен есеп айырысу қызмет көрсету сферасы аз монополизацияланған. Қазіргі таңда, өз есепшоттарында көп қаражат сақтайтын немесе өткізетін ірі клиенттер үшін нағыз бәсекелескен күрес өтіп жатыр.   Қазақстандың коммерциялық банктерінің негізгі активті опреациялары –заңды тұлғаларды несиелеу болып табылады (активтің 35-37%-ы). Банктың осы іс-әректіне тән мынадай заңдылықты атап кетуге болады. Біріншіден, қысқа мерзімді несиелердің үлес салмағы өте жоғары (95-96%), осы көрсеткіштің өсу тенденциялары да өзгермеген. Несиелердің орташа мерзімі 3-4 айға созылады, бұл үлкен тәуекелге баруды қажет етеді және кризис пен инфляция уақытында белгілі бір белгісіздік жағдайын тудырады. Екіншіден, мемлекеттік мекемелерге берілетін несиеге ставка мөлшері экономиканың баламы салаларына берілетін несиеге қарағанда әлдеқайда аз болып келеді, ал сауда жасауға берілетін несие ставкасы кәсіпорынды кеңейту және дамытуға берілетін несие ставкасынан көбірек. Меншіктің түрлі формаларындағы мекемелерге несие берілгенде қарызды қайтарудың түрлі кепілдігін қолданады: сақтандыру, қайтадан сақтандыру, кепілдік, кепіл, қардарлық. Коммерциялық банктердің жүргізетін басқа операцияларына тәуелсіз конверсияланатын валютаға салымдар (активтердің 40%-ы) және банкаралық неие беру (активтердің 2%-ы) жатады. Банк операцияларының жаңа түрлері – бағалы қағаздарға және пайларға салымдар (активтердің 0,5-0,6%-ы), сенімдік операциялар, лизинг әлі кең етек жая қойған жоқ. Шаруашылық кәсіпорындарға және банктерге берілетін несиеден басқа коммерциялық банктердің қаражатының көп бөлігі Ұлттық банктің корреспонденттік, резервтік есепшотында орналасқан (15-16%). Банктің қаражат көздері - кәсіпорындардың ағымдағы есепшоттары, басқа банктердің несиелері, банктің өзіндік қаражаты. Депозиттердің минималды және максималды ставка соммасы 100%, ал коммерциялық банк несиелері 180% құрайды.Пайыздық ставкалардың өсуіне Ұлттық банктің есеп жарнасын өсіруі себеп болды. Қазіргі таңда Қазақстан банк мекемелері арнайы маманданусыз әмбебап банк ретінде жұмыс атқарады.

18.ҚР ақша нарығында жүргізілген девальвация экономикаға қалай әсер етті. Девальвация дегеніміз – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты төмендету. девальвация бола қалған жағдайда да қарапайым халыққа алаңдайтындай негіз жоқ. Себебі, экономикада өтемақылық механизм деген термин бар. Азаматтардың салымдары құнсызданып, тұтынушы ұтылғанымен, ұлттық экономикаға серпін беретін күш бұл. Үкімет ұлттық ақшаның бағамын бірден түсіре салмайды. Ондай жағдайда теңгемен жалақы алатын, теңгемен банкке салым салған халықтың негізгі бөлігі зиян шегер еді. Сондықтан, жұмсақ девальвация жүзеге асады. Ол үшін екі тарап: халықтың мүддесі мен экономиканың нақты секторының мүддесі тең жағдайда қарастырылады. Екінші жағынан алып қарағанда, ғаламдық кеңістікпен өлшесек, инфляция деңгейінің күрт төмендеуі дефляцияға ұласып кетуі кәдік. Дефляция дегеніміз – отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, экономикалық өсімді тежейтін тажал. Ондай жағдайда тұралаған нарыққа келетін инвестициялар көлемі жедел қысқарады. Ал, экономикалық өсім тоқтап қалса, жұмыссыздық белең алады. Міне, осы кезеңде қазақстандық теңгенің бағамын төмендету тығырықтан шығаратын логикалық шешім болып табылады. кономикалық өсімді тоқтатпау үшін бізде әрі «жұмсақ», әрі сенімді түрде теңгенің бағамын төмендетуді жүзеге асыруымыз қажет. Бұдан экономикамыз көптеген жағымды мүмкіндіктерге ие болады. Біріншіден, арзан азық-түлік тауарлары көбейеді. Екіншіден, импортқа шектеу қойылып, экспорттың өсіміне жол ашылады. Үшіншіден, сауда сальдосы жақсарып, сырттан келетін капиталдың көлемі ұлғаяды. Бір сөзбен айтқанда, девальвация қажеттілік! Теңгенің девальвациясы ұлттық экономикамызды әлемдік дағдарыстан қорғап, еліміздің одан әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жүргізілді.Ұлттық банктің теңгені девальвациялауы тағы бір маңызды қадам болды. Ұлттық валютаның құнсыздануы сөз жоқ жанға батады, алайда бұл дағдарысқа қарсы қажетті шара. Осы орайда Президент одан әрі теңгені жасанды түрде ұстап тұру қауіпті болғанын айта келе, «біздің көршілеріміз Ресей, Украина, Қытай ұлттық валюталарын құнсыздандырды. Егер біз теңгенің бағамын одан әрі ұстап тұра берген болсақ, онда Қазақстан экономикасының нақты секторы аталмыш және басқа да елдердің өндірісшілерімен бәсекеге түсе алмас еді», деді. Мемлекет басшысы теңгенің девальвациялануы басқа да мақсаттарға ауадай қажет, еліміздің алтын- валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік бергенін атап көрсетті. Ресейде девальвация басталғаннан кейін Қазақстан экономикасында күшті  девальвациялық жағдай туындады. 2009 жылдың қаңтарында ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары мен еуроның  қолда бар сатылымы 2 миллиард долларды құрады. Бұл бір айдағы Ресей сататын 25 миллиард долларға балама еді. Ал Ресей соншама алып мемлекет бола тұрып, бір айда тек 12 миллиард доллар сатты. Бір сөзбен айтқанда, 2 миллиард доллар Қазақстан үшін бір айға өте көп болатын. –Заңды және жеке тұлғалардың 3,8 миллиард доллар депозиттері теңгеден долларға айналдырылды. Бұл шамамен  олар банкіге орналастырған жалпы қаражаттың 10 пайызын құрайтын еді.

20. Қазақстанның несие нарығының жағдайына сипаттама. Нарықтық экономикада несиенің рөлі аса маңызды. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы — несие нарығының дамуына себепкер болады. Несие нарығы экономикалық санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын күн қозғалысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынасты білдіреді. Несие нарығы — механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге қайтып оралады. Несие нарығының мәні онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Ақша нарығы қаржы ресурстарын банк жүйесіне, нәтижесінде, кәсіпорындарға және үй шаруашылығына тиімді бөлуге арналған. Бұл дегеніміз, тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық монетарлық саясаттың тікелей әсер етуден жанама әсер ету әдістеріне өтудің қажетті шарты болып табылады. Кең қолданылатын ашық нарықтағы операциялардың әсерін бүкіл банктік жүйе бойынша таратуға көмектесетін банкаралық нарықтың жұмысынсыз берілген операциялар жетерліктей тиімді болмайды. Банктік жүйені ақша-несие реттеу органдарымен саналы басқару банк жүйесі қауіпсіздігінің және орнықтылығының тек біршама деңгейін қамтамасыз ете алады. Банк жүйесі мен нарығы туралы ең интенсивті белгілерді қалыптастыратын жөнді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық бұл нарықтық тәртіп үшін басты негізі болады. Өтпелі экономикасы бар елдер үшін, соның ішінде ҚР, тиімді банкаралық нарықты құру өте күрделі мәселе. Бүгінгі күнде, ҚР қаржы нарықтары толық жетілмеген, жетерліктей сыйымдылығы жоқ (бұл оларды потенциалды орнықсыз етеді) және жетерліктей функционалды емес. Оларға өтімділік тұрақсыздығының мерзімді ушығуы тән, соған қарамастан Ұлттық банк бүгінге дейін күрделі дағдарыстарды болдырмауға тырысты. Алайда, ҚР халқаралық қаржы нарықтарына бірігу жағдайында, нәтижесінде шетелдік қоржынды инвестициялардың артуы салдарынан жалпы қаржылық жағдай одан аса тұрақсыз болып отыр, бұған 1997 жылдың соңындағы оқиғалар дәлел.

21. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүзеге асыра отырып экономикада қандай мәселелерді шешеді. «Ақша-несие саясатын жүргізу тиімділігіне «ҚР Ұлттық банкі туралы» 1995 жылғы Заң ықпал етті. Ақша-несие саясатының бағыттық мақсаты және оны жүзеге асыру құралдары­ның тиімділігін айқындау бөлігіне қатысты проблемалар қарастырыл­майды деуге болады. «Ақша-не­сие саясатының негізгі бағыт­та­рында» несие жүйесін дамыту мә­селесіне назардың тым аз ау­дарылғаны маған осындай ой айтуға мәж­бүрлейді. Ақша-несие саясаты­ның сапасы көбіне оның ғылыми негіздемесіне қатысты болады. Әзірше ондай саясат құрыла қойған жоқ. Ақша-несие саясатының бағыттарын тал­қылай отырып, дамыған елдер­дің орталық банктері оның негізгі төрт мақсатына сүйенетінін баса көрсеткім келеді. Олар - еңбекпен қамтудың жоғары деңгейі, эко­но­микалық өсім, несие үшін пайыздық мөлшерлеменің тұрақтылығы, қаржы нарықтарындағы тұрақ­ты­лық. Ақша-несие саясаты мем­лекеттік экономикалық саясаттың құрамдас бөлігінің (блогының бірі) бірі болып табылатынын бәріңіз білесіздер. Мемлекеттік экономи­калық саясат әр блоктағы пробле­ма­ларды шешу шараларын қарас­ты­руы тиіс. Мысалы, ҰБ ақша-несие саясатындағы өзінің міндетін орындайды. Бірақ ақша-несие саясаты мемлекеттік эко­номикалық саясат шеңберінде бюд­жет-салықтық және құры­лым­дық шаралармен бекітілгенде ғана тиімділікті көрсетеді. Сондықтан да стратегиялық шешімдерді қабыл­даған кезде мемлекеттік басқарудың барлық органдарының қатысуын тығыз үйлестіру қажет. Ал дәл қазір экономиканың қаржылық тұрақ­ты­лығындағы жетістіктерінде Ұлт­тық банктің рөлін тым асыра көр­сету қаупі орын алып отыр деп есептеймін. Жаһандық экономикадағы ахуалдың оңала қоймауына орай өткен жылы Халықаралық валюта қоры елдің экономикалық билігіне банк секторындағы проблемаларды шешумен қатар әлемдік дағдарыстан туындайтын салдарларға дайын болуға кеңес берген болатын. Бұл орайда, бас банкирдің айтуынша, ХВҚ-дың ұсынымдары іс жүзінде Қазақстан билігі қолданған шараларды қайталаған екен. 2012-2015 жылдары тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шараларды әзірленді. Оның ішінде ұлттық валютаның нақты бағамының айтарлықтай ауытқуына жол бермеу, төлем балансының орнықтылығын көтеру жөнінде шаралар қарастырылған. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты қысқа мерзімді кезеңде айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. Басты мақсат – елдің қаржы секторының және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып қала береді. Инфляция орта мерзімдік жылдық көрсеткіші 6-8 пайыз шегінде болжанып отыр. Ақша-несие саясатының сипаты ішкі және сыртқы экономикалық ахуалға байланысты болады. Тұтастай алғанда, бас банктің жүргізіп ақша-несие саясаты елде макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталуына және ішкі жалпы өнімнің жыл сайын 7 пайыз деңгейінде өсуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады, дейді Г. Марченко.

22.Қазіргі танда коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеу проблемалары. ҚР-ң ипотекалық несиелеуінің саясаты, пікір берушілердің ойынша, молынша коп табыс табу. Мұндай жағдайда, қарапайым халықтын емес, ауқатты және коммерциялық банктердің мүдделері үшін тиімді жұмыс атқарады. Ипотекалық несиелеу тек ауқатты азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешеді. Қарапайым азаматтар үшін несие алу тиімсіз болып келеді. Қазіргі замаңғы мемлекеттік тұрғын үй саясатын тұрғын үй мәселесін шешуде жұмыс істейтін халықтың орташа табысы және өзінің жинақ қаражаты бар негізгі бөлігіне арналып ыңғайласуы тиіс. Ипотекалық несиелендіру жүйесін құру халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға байланысты маңызды. Әлеуметтік мәселені шешуді жеделдетіп қана қоймай, тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу арқылы елдегі жалпы макроэкономикалық ахуалға оңды ықпал етіп, Экономикалық өрлеуге серпін берілуіне жәрдемдеседі. Бүгінгі таңда табысы орташа азаматтарды құны қол жетергіліктей тұрғын үймен қамтамасыз етудің қалыпты жүйесін құру болып табылады. Қазақстанда ипотекалық несиелендіруді дамыту үшін ипотекалық несиелендірудің түсінігін, түрлерін, республикамыздағы даму жағдайын және болашақтағы даму қарқынын терең зерттеу керек. Ең басты мәселе осы ипотекалық несиелендіруді Қазақстанда дамыту үшін қандай мәселелер туындап отырғаны назар аудару өте маңызды, сонымен бірге осы мәселелердің шешу жолдарын қарастырып тиісті шешімдер қабылдау ипотекалық несиелендіруді дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Басқа несие түріне қарағанда, несиені қамтамасыз ету механизмі өте күрделі. Ипотекалық несиелендіру механизмінің негізі, ол несие алушы банкке кепілдік міндеттемесін береді, яғни кепілдік міндеттемесі бастынша банк несие уақытында қайтарылмаған жағдайда кепілдікке қойылған қозғалмайтын мүлікке (үй, жер учаскісі және т.б.) ие болу құқығын куәландырады. Ипотекалық несиелендірудің орындалу қызметтері: - материалдық өндіріс сферасында инвестицияны тарту механизімін қаржыландыру функциясы; - зайымдық қаражаттардың қайтарылуын қамтамасыз ету функциясы; - жылжымайтын мүлікті қайта үлестіру және айналымды ынталандыру функциясы; - өндірістік ипотекалық бағалы қағаздарды кепілдік ретінде жалған капиталды көп бағытты құру функциясы. Сондықтан да Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуына көп көңіл бөлу керек, өйткені бұл жүйе Қазақстанның нарықтық экономикасының дамуына әкеледі. Ипотекалық несиелеудің мәні келесідей: - кепілдік механизм ретінде жылжымайтын мүлік түрінде шаруашылық айналымға капитал тарту, бағалы қағазды кепіл ретінде қайталама нарық-экономиканың өсу факторы; - антиинфляциялық фактор ретінде ең негізгі бөлігі ретінде жылжымайтын нарықпен ақша қаражаты байланыстырады. Мысалы, АҚШ-та американлық орта еңбек ақының 25 пайызын ай-сайын жылжымайтын мүлікке төлем төлейді; - халықтың акша қаражаттары, ауыл шаруашылығын дамыту, қаланы, жергілікті құрылыс комплексін орналастыра отырып дамуты;

23.Қазақстанда  қор нарығының дамуы және қазіргі жағдайы. Қор нарығындағы тауар – бағалы қағаздар. Акцияны компаниялар шығарады, оны эмитенттер деп атайды. Акцияны сатып алатындар – инвесторлар. Сатып алушылар мен сатушыларды кездестіруге көмектесетін арнайы делдалдар – брокерлер. Сауда өтетін жер биржа деп аталады. Қатысушылардың барлығы бірге қор нарығын құрайды. “Қор нарығы” дегенді ең алдымен бағалы қағаздар нарығы деп түсінеміз, былайша айтқанда, облигация, акция, бағалы бланкілер және басқа қағаздар сияқты бағалы қағаздармен белгілі бір қаржылық операцияларды өткізу. Алайда, қор нарығы орасан зор қаржылық қаражат нарығының бір бөлігі, яғни қапитал нарығы екенін естен шығармау керек. Әлемде қор нарығының бірнеше түрлері бар, алайда оны шартты түрде екі түрге бөлуге болады: алғашқы және қайталама. Алғашқы нарықта жаңа бағалы қағаздар алғаш рет шығарылады және орналастырылады, ал қайталамада алғашқы нарыққа шығарылған бағалы қағаздар айналымға түседі. Қор нарығының арқасында қаржыны дамымаған және кіріс әкелмейтін саладан барынша дамып және табысқа жетіп жатқан салаға ауыстыруға жол ашылып отыр.  Қазақстанда қор нарығының қалыптасуы, чек жүйесінің көмегімен меншік құқығы бекітілген 1991-1993 жылдардағы жекешелендіру бағдарламасын қабылдаудан басталды. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының толық қалыптасқан кезі деп 2002 жылды атауға болады, бұл уақытқа дейін мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы толық қалыптасты, жолға келтірілген инфрақұрылым құрылды және операцияларды өткізу тетігі жолға қойылды. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының заңнамалық, институттық және техникалық инфрақұрылымы құрылды, корпоративті бағалы қағаздардың нарығы дамыды. Соңғы 10 жылды Қазақстан биржасындағы биржалық сауда көлемі 7,3 млрд. доллардан 206,5 млрд. долларға дейін өсті. 2011 жылы сауда көлемі 200 млрд. доллардан асты. Осыларды есепке ала келе мемлекет тұрғындарға тұрақты қаржылық көрсеткіш көрсететін тұрақты компаниялардың акцияларын ұсынады. Бірінші болып ІРО-ға 2012 жылы қыркүйекте қазақстандық ірі “ҚазТрансОйл” АҚ мұнай тасымалдау компаниясы шығады. Әрі қарай 2013 жылдан бастап қазақстандықтарға “KEGOC”, “Air Astana”, “ҚазТрансГаз”, “НМСК “Қазмортрансфлот”, “Самұрық-Энерго”, “Қазақстан темір жолы” ҰК”, “Қазтеміртранс”, “ҚазМұнайГаз” және “Қазатомпром” АҚ-лары өз акцияларын ұсынады. 2015 жылдан кейін ІРО-ға қазақстандық басқа өндіру компаниялары шығуы мүмкін. Қазіргі кезде брокерлік компаниялардың барлығы Алматы мен Астана қалаларында орналасқан, олардың өңірлердегі агенті қызметін “Қазпошта” АҚ-ның бөлімшелері атқарады. Оларда тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін ақпараттық қосындар ұйымдастырылады, солар арқылы ақпараттық, анықтамалық материалдар таратылады, бір мезгілде бағалы қағаздарды сатып алу бойынша қызметтер көрсетіледі. Сонымен бірге бағдарламаға зейнетақы жинақтау қорлары да қатысады деп күтілуде, мамандардың пікірі бойынша олар да тұрғындардың көптеп тартылуына атсалысатын болады.

24.Қор нарығының дамуы Қазақстан экономикасының қандай мәселелерін шешеді. Кез келген нарық сатып алушыдан, сатушыдан және тауардан тұрады. Қор нарығындағы тауар – бағалы қағаздар. Акцияны компаниялар шығарады, оны эмитенттер деп атайды. Акцияны сатып алатындар – инвесторлар. Сатып алушылар мен сатушыларды кездестіруге көмектесетін арнайы делдалдар – брокерлер. Сауда өтетін жер биржа деп аталады. Қатысушылардың барлығы бірге қор нарығын құрайды. Қазақстанда “Халықтық ІРО” өткізудің мақсаты – тұрғындарға еліміздің жетекші компанияларының акцияларын сатып алуға басым құқық беру, яғни акциялар бірінші кезекте жеке тұлға-азаматтарға сатылатын болады.  Ондай бағдарламаны Қазақстанда өткізудің себептері деп мыналарды айтуға болады. Біріншіден, нәтижелі кәсіпорындардың акцияларын иелену азаматтарға олардың дамуы мен өсуінен пайда табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, ондай бағдарламаны өткізу инвесторлар ауқымын кеңейту, акцияға сұранымның артуы, олардың өтімділігін көтеру есебінен қор нарығын дамытуға жағдай жасайды. Үшіншіден, акцияны сатудан түскен қаражатты кәсіпорын өзінің әрі қарай дамуына, активтер сатып алуына, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағыттай алады. Бағдарламаға қатысқан елдің қарапайым тұрғыны үшін тиімділігі – акциялар арқылы ол ұлттық компанияларды басқаруға қатысуға мүмкіндік алатындығында, сол сияқты акция дивидендінен, сондай-ақ нарықтағы қағаз құнының өсуінен пайда алуға болатындығында. Сонымен бірге акцияларды иелену қатысушы компаниялардың ашықтығын және ондағы корпоративті басқару деңгейін көтеруге көмектеседі. Бағдарлама аясында тұрғындарға мемлекеттік компаниялардың 5-тен 15 пайызға дейінгі акцияларын өткізу жоспарланып отыр. Әр компанияның сатуға әртүрлі үлесі болады. Ол мемлекеттің стратегиялық компанияларда бақылау пакеттерін сақтау, сол сияқты олардың өтімділігін және бақылаудың сақталуын қамтамасыз ету үшін еркін айналымда акциялардың қажетті санын қамтамасыз ету бойынша талапты орындау керектігіне байланысты.  Бұл тұрғыда азаматтардың қолына бағалы қағаздардың түпнұсқасын алмайтындығын, барлық есеп электронды түрде жүргізілетіндігін білгені жөн. Азамат брокерлік шот ашады, онда мәміленің барлық жағдайы көрсетіледі және инвесторға сатып алған бағалы қағаздардың бағасы мен саны көрсетілген шоттың көшірмесі беріледі.

25. Қазіргі кездегі Қазақстанның валюта нарығының дамуы. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. ҚР-ң 2005 жылғы 13 маусымдағы “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” жаңа Заңы ҚР-ғы 2005-2007 жылдарға арналған валюталық тәртіпті ырықтандыру бағдарламасын іске асырудың құқықтық негіздерін және 2007 жылдан бастап ұлттық валютаның толықтай айырбасталу принциптеріне көшуді бекітті. Валюталық реттеу және бақылау жүйесі валюталық операцияларды тіркеу және хабарлаумен негізделеді. Елдің төлем балансының және сыртқы қарызының жағдайын анық және уақытында талдау және статистикалық есептеу мақсатында, филиал капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды және шетелде шот ашуды тіркеу жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр. Елбасының халыққа Жолдауында мемлекеттің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарының қатарында – инфляцияны тежеу және қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті белгіленген. Сонымен қатар, инфляцияны тежеу жауапкершілігі Ұлттық банкпен қатар, алға қойған міндеттерді орындау мақсатында өкілеттік берілген еліміздің Үкіметіне де жүктеледі деп көрсетілген. Өтіп бара жатқан жылда Ұлттық банк инфляцияны тежеуге бағытталған мынадай қадамдар жасады: қысқа мерзімді ноталарды ұсыну көлемін ұлғайтты, ең төменгі резервтік талаптар есебі базасының, оның сыртқы міндеттемелері бөлігін кеңейтуге өзгерістер енгізді. Нәтижесінде, осының барлығы ақша көлемінің азаюына, демек, инфляцияның төмендеуіне алып келуі тиіс. Сонымен қатар, Ұлттық банктің ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде қолданған шаралары белгілі бір уақыт өткеннен кейін әсер ететінін ескерген жөн. Инфляцияға монетарлық факторлармен қатар, монетарлық емес, яғни: мерзімділік, әкімшілік реттеу, монополист кәсіпорындардың бағалары, монополияға қарсы заңнама, бәсекелік ортаның дамымауы сияқты факторлар әсер етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысына келетін болсақ, тұтынушылық бағалар жөнінде Ұлттық банктің Оңтүстік Қазақстан филиалы жүргізіп отырған мониторинг анықтағандай, мына факторлар өңірдегі инфляция деңгейінің өсуінің негізгі себептері болып табылады: – мерзімділік, көбінесе көкөністер бойынша, себебі, сұранысы мол жемістердің (алма, апельсин, банан, мандарин) көбі импортталады, сондықтан, бұл жемістердің ұсынысы, мерзімге қарамастан, тұрақты болып қалуда. Өзбекстаннан әкелінген өнімдерді қадағалау және кедендік ресімдеу процедурасын жеңілдету туралы Үкіметтің қаулысы қабылдағанына қарамастан, көкөністердің бағалары өткен жылдағымен салыстырғанда жоғары;

– тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемімен және еңбек өнімділігімен салыстырғанда, халықтың табысы озық қарқынмен өсуі;

– банктердің несие беру саласындағы белсенділік саясаты.

 

26. ҚР-да қолма-қолсыз ақша түрлерін дамытсақ  экономикамызға қалай әсер етеді? Экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.Қолма қолсыз ақша негізгі түрлерінің біріне төлем карточкалары жататынын бәріміз білеміз. Егер де біз төлем карточкаларының қолданылуын дамытатын болсақ, еліміздің экономикасына қалай әсер ететін еді? Қазіргі күні Қазақстанның екінші деңгейлі 20 банкі, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ төлем карточкаларын шығарып келеді. Ал айналымдағы карточкалардың жалпы саны - 8,4 млн. бірлікті құрап отыр. 7,8 млн. астам азаматтың төлем карточкалары бар. Төлем карточкаларын пайдаланып жүргізілген банк операцияларының ауқымы да серпінді түрде артып келеді. 2010 жылы банк операцияларының көлемі 3,5 трлн. теңгені құрайтын 36 млн. операциялар төлем карточкаларымен жүзеге асқан. Қазіргі күні қолында банкомат картасы бар қазақстандықтардың саны 7,8 миллионға жақындапты. Кейбірімізде банкомат картасы қос-қостан болса, енді біреулердің бір басында үш-төрттен болғанына ешкім таңғалмайды. Алайда «темір жәшіктен» ақша суыратын жұртшылықтың басым бөлігі төлем жүйесінің осы түріне әлі күнге сенімсіздікпен қарап келсе, одан да көп бөлігі банкомат карталарының басқа да мүмкіндіктерін жүзеге асырудан қашқақтайды екен. Ұлттық экономикамызда қолма-қол ақшасыз төлемдер неғұрлым артса, қаржы операциялары солғұрлым тазара түседі. Сондай-ақ төлем жүйесі неғұрлым үздіксіз, тиімді жүргізілсе, экономикадағы операциялық кедергілер де төмендеп, қаржы жүйесінің тұрақтылығы да артады. Яғни қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту – экономикалық өсімге сеп. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың «көлеңкелі» қаржы айналымын әшкерелеуде өте тиімді. «Ағымдағы жылы салық органдары кәсіпкерлікке байланысты төлем жүйесінің болуын, яғни кассалық аппараттардың жұмыс істеуін қатаң қадағалайтын болады. Бұған қоса бүгінде күдікті операциялар туралы хабарламағаны үшін екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігін көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл нені білдіреді? Жалпы, салық органдары төлем жүйесінен өтпеген, олар бойынша түбіртек алынып, кассалық аппаратқа ұрылмаған «көлеңкелі» қаражатпен күресті жандандырады. Ал әлгіндей «кесірлі кәсіпкерліктің» жолын кесу үшін заңды тұлғаларды операциялардың басым бөлігін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізуге итермелеу керек. Соған жағдай жасау қажет.

27. ҚР қор биржасының қазіріг жағдайы және мәселелері. Қаз қор нарығы жағдайының негізгі индикаторы KASE–қор биржасы ұсынған ұйымдастырылған нарық болып таб. KASE айналысқа жібе рілген бағалы қағаздардың негізгі үлес салмағы борыштық бағалы қағаздарға келеді - 58,7% (303 шығарылым). Акциялар мен мемлекеттік бағалы қағаздар секторлар бойынша – тиісінше 18,4% (95шығарылым) жəне 22,5% (116 шығарылым). Бағалы қағаздар нарығында негізгі проблемалардың бірі бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың секторында кредиттік тəуекелдің жоғарғы шоғырлануымен негізделген. Осы шоғырландырудың себебі сенімсіз эмитенттер жəне олардың төмен сапалы бағалы қағаздары, оның салдары – купондық сыйақыны жəне борыштық бағалы қағаздың номиналды құнын өтеу бойынша өзіне алған міндеттемелері. 01.12.2009 ж. KASE ресми деректері бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында дефолтқа жеткізген эмитенттердің саны 21-ді құрады, олардан бағалы қағаздары қазіргі уақытта KASE тізімінен алып тасталған эмитенттердің саны 10-ды құрады. Бұл ретте, KASE ұсынған есептер бойынша 01.11.2009 жылғы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында қаржы құралдары бойынша эмитенттер орындамаған міндеттемелердің көлемі 30 млрд.теңгені құрады. Сонымен бірге, инвестициялауға қол жетімді қаржы құралдарының аз болуы да қысқа мерзімге ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына тəн проблема болып табылады. Сенімді қаржы құралдарының жеткіліксіздігі бағалы қағаздар нарығының инвесторларына тəуекелдердің, оның ішінде кредиттік тəуекелдердің əртараптандыруын мейілінше толық жүргізуге мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде осы инвесторлардың активтерінің жай-күйіне жағымсыз əсерін тигізеді. Бұл ретте, жоғарыда аталған проблемалардың болуы қысқа мерзімді перспективада бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларының, оның ішінде əлеуметтік маңызды болғандықтан жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіреді. Қазір елімізде осы проблемаларды шешу мақсатында «Қ Р Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жұмыс істеуде. Тағы да бір бағалы қағаздар нарығын дамыту жолдарының бірі «Халықтық IPO» болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]