- •2. Эссе.Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар
- •4.ҚРдағы парабанк жүйесінің дамуы
- •Эссе.Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны.
- •8.Эссе.Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны
- •14. Мемлекеттің бағалы қағаз шығарудағы мақсаты не деп ойлайсыз? мбқ шығару мақсаты:
- •16. Айналыстағы ақша массасының өсуі неге әкеледі, оның салдары
- •28.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.
4.ҚРдағы парабанк жүйесінің дамуы
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды. Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:
ломбардтар;
несиелік серіктестіктер;
микрокредиттік ұйымдар;
жинақтаушы зейнетақы қорлары;
пошта-жинақ мекемелер.
Банктермен қоса отандық қаржы-несие нарығында елеулі орны бар қаржы-несиелік мекемелердің келесі бір өкілі –несиелік серіктестіктердің жай-күйі де еліміздің экономикалық ахуалына әсері мол.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 188 несиелік серіктестік тіркелген, олар 2010 жылғы мәлімет бойынша сол жылы 38 912 683 000 теңге сомасында 695 несие берген екен.
ҚАЗПОШТА” – пошта байланысы кәсіпорны. Бұрынғы Байланыс министрлігінің құрамындағы біртұтас “Байланыс” саласынан 1993 жылы қазанда бөлініп шығып, дербес шаруашылық субъектісі болды. 1995 жылы қарашадан республикалық мемлекеттік кәсіпорын. ҚР Үкіметінің “Пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру туралы” 1999 жылы 20 желтоқсанда “Қазпошта” ААҚ болып қайта құрылды. Құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Мемлекеттің үлесі 100%. Ұйымдық құрылымы негізгі 4 деңгейден тұрады. `“Қазпошта” ҚР Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес теңгемен және шет ел валютасымен операциялар жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін, жедел поштаны қабылдау, тасымалдау және жеткізу жөнінде кәсіпкерлік қызмет көрсетеді; Бағалы қағаздар рыногінде делдалдық қызметпен айналысады. ТМД елдерімен (Өзбекстаннан басқа) және алыс 14 шет мемлекетпен халықаралық пошта аударымы алмасылады.
Эссе.Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны.
2012 жылғы 2-тоқсанның басында біріншіден ақылы қызметтер көрсету, бірінші кезекте реттелетін қызметтер көрсету бағаларының өсуі салдарынан инфляциялық процестерінің шамалы жеделдетуі байқалды.
Сонымен қатар мұнайдың жоғары әлемдік бағаларының ықпалы және жанар-жағар материалдары нарығына тиісінше жоғары қысым орын алды.
Сонымен бірге тұтастай алғанда 2012 жылғы 2-тоқсандағы инфляция деңгейі бағалардың маусымдық ауытқуын есептегенде ел үшін қолайлы деңгейде болды.
2012 жылғы 2-тоқсанның және тұтастай алғанда 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұтыну нарығының тұрақтылығы және инфляцияның белгіленген
6-8% мақсатты дәлізден төмен сақталуы Үкіметтің, Ұлттық Банктің және жергілікті атқарушы органдарының бірлескен күшімен іске асырылатын инфляцияға қарсы саясаттың тиімді болуын дәлелдейді.
Инфляциялық процестерге монетарлық факторлардың ықпалы ең төменгі деңгейде сақталып отыр. Мәселен 2012 жылғы 1-тоқсандағы ақша массасының өсуі небәрі 1,1% болды, қолма-қол ақша көлемі 6,2%-ға өсті, ақша базасы 5,2%-ға кеңейді.
2012 жылғы 2-тоқсанда бағалардың негізгі өсуі ақылы қызметтерге тиесілі болды. Олардың құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саласының қызметтеріне, оның ішінде электр энергиясы, газбен қамту, суық сумен қамту, сондай-ақ байланыс қызметтері мен көлік қызметтері сияқты қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуін атап өту керек.
6. ЭССЕ.Қазақстанның қор нарығының даму ерекшелігі. Бүгін Қазақстанның Қор нарығы мемлекет қаржы секторының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан нарығының бүкіл тарихында керекті институционалды инфрақұрылым базасы орнады; қор нарығының кәсіби қатысушылары қызмет атқарады, инвесторлар мен эмитенттер; классикалық қаржылық құралдармен сауда өткізіледі. Еліміздегі қор нарығының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін және оның әлем капитал нарығында батыл ықпалдастығын қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығы (АӨҚО) құрылды. Негізінде, бүгінгі күні ел экономикасының дамуына толығымен қолданылмайтын қазақстандық инвесторларының инвестициялық ресурстардың маңызды көлемі жинақталған. Сонымен, институционалды инвесторлардың активтері 100 млрд. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде тек зейнетақы қоры жыл сайын 2 млрд.долларға артады. Сонымен, нарықта төлемпаздық саны артық болғандықтан, оларды экономиканың дамуына бағыттау керек. Тұрғындардың еркін қаржы ресурстары қазақстандық кәсіпкерлік үшін маңызды тартымды инвестициялар болады. Сонымен, Орталық депозитарийдің мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың ақпан айы бойынша 9,7 мың жеке тұлғалар, 72 млрд.теңге (немесе 492 млн. АҚШ доллары) болатын корпоративті бағалы қағаздардың ұстаушылары болып саналады. 2010 жылы KASE-де жеке инвесторлар тарапынан сомасы 282 млн. АҚШ доллары болатын акциялар мен корпоративті облигацияларды сатып алынды. Өтімді және қызықты бағалы қағаздардың жетіспеушілік мәселесін шешу үшін Елбасы осы жылдың ақпанында «Нұр Отан» ҰДП ХIII съезінде үкіметке «Халықтық IPO» — халық арасында ірі кәсіпорындар акцияларын орналастыру бағдарламасын дамытуды тапсырды. Қазақстан қор нарығында «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» құрамына кіретін компаниялардың акцияларын кезеңді орналастыру жоспарлануда. Ірі компаниялардың акцияларын сатып алу және бағалы қағаздар құнының өсуі мен дивиденттер арқылы мемлекеттік компаниялардың табыстарына қатысу арқылы халық өзінің әл-ауқатын көтереді. Қазіргі таңда экономиканы қор нарығы арқылы реттеу керектігінмойындау уақыты жетті, себебі қор нарығы барлық нарық субъектілерініңқаржы ресурстарының экономиканың болашағы бар салаларына тиімдіқұйылымын қамтамасыз ете алады.
Тамақ өнімдерінің және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қымбаттауы 2012 жылғы 2-тоқсанда қалыпты болды. Бұл ретте жанар-жағар материалдары бағаларының өсуін атап көрсеткен жөн, қалған тауарлардың бағалары салыстырмалы тұрақты болып қалуда.
7.ЕДБ несие саясатында орын алып отырған негізгі мәселелері. |
Банктердің несие саясатындағы қазіргі басты мәселесі несие тәуекелділігі болып табылады. Біздің ойымызша, «Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы». Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден-бір жолы – тәуекелдерді дұрыс басқара білу. Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды ескерген жөн:экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін; қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын; жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін; несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын; жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын; аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін; тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын. Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер деп келесілерді атауға болады:несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар дайындалуы; несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы; несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен деорталықтандырылуы; несиелік объекттің жеткіліксіз талдауы;
қарыз алушыны үстіртін талдау;
кепілзатының асыра бағалануы;
клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;
бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе тіптен жүргізілмеуі;
құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;
Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді.
