
- •2. Эссе.Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар
- •4.ҚРдағы парабанк жүйесінің дамуы
- •Эссе.Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны.
- •8.Эссе.Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны
- •14. Мемлекеттің бағалы қағаз шығарудағы мақсаты не деп ойлайсыз? мбқ шығару мақсаты:
- •16. Айналыстағы ақша массасының өсуі неге әкеледі, оның салдары
- •28.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.
14. Мемлекеттің бағалы қағаз шығарудағы мақсаты не деп ойлайсыз? мбқ шығару мақсаты:
1. Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде қаржыландыру (қолданысқа қосымша ақша шығармай-ақ).
2. Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б).
3. Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)
4. Бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді және жоғары ликвидті жинақталуы ұсынылады. (МБҚ бойынша кіріс инфляция деңгейінен артады).
Мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы.2010жылы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша 52 аукцион болды. Эмиссия көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 6,8% азайды жəне 659,9 млрд. Теңге болды, оның ішінде қысқа мерзімді – 152 млрд. теңге, орта мерзімді – 163 млрд. теңге, ұзақ мерзімді – 344,6 млрд. теңге. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің ұлттық валютада номинирленген айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі дисконтталған баға бойынша 1 669,5 млрд. теңге болып, 2010 жылы 29,6%-ға ұлғайды, оның ішінде: қысқа мерзімді – 152 млрд. теңге, орта мерзімді – 477,7 млрд. теңге, ұзақ мерзімді – 1 039,8 млрд.теңге. Орналастырылған қысқа мерзімді ноттардың көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғайды жəне 3 298,8 млрд. теңге (2009 жылы - 1 446,5 млрд. теңге) болды. Ұлттық Банктің 2010 жылы шығарылған қысқа мерзімді ноттарының орташа алынған кірістілігі орташа алынған айналыс мерзімі 116,42 күн (2009 жылы - 63,63 күн ) кезінде жылдық 1,38% деңгейде (2009 жылы – 3,24%) қалыптасты. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айналыста 899,5 млрд. теңге (дисконтталған баға бойынша) сомаға қысқа мерзімді ноттар болды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы Ұлттық Банктің операциялары. 2010 жылдың ішінде Ұлттық Банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жəне сату бойынша операцияларды жасаған жоқ. 2010 жылы Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноттарды ұзақ мерзімге сатып алу операцияларын, «тікелей РЕПО» операцияларын жүргізген жоқ.
15. Қазіргі кездегі Қазақстан қор нарығының дамуы. Қазақстанның қор нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы қаржы секторы реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де оны реттеуде мемлекеттің үлкен ролін айтады. Отандық биржадағы сауда-саттықтың 52 пайызы валюталық болса, 46,4% мемлекеттік бағалы қағазадарға тиесілі. Қазір қор нарығында 112 эмитент бар. ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ- I. Биржалық нарықтың жəне Биржа айналымындағы бағалы қағаздар өтімділігінің капитализациясын арттыру, Биржа ұсынатын қызметтер мен сатылатын қаржы құралдарының тізімін кеңейту. II. Биржа брендін күшейту мақсатында Биржа қызметінің барлық салаларында халықаралық стандарттарды енгізу, оның акцияларының құнын арттыру жəне Биржаның халықаралық деңгейде мойындалуына қол жеткізу. Қаржы нарығын қадағалау агенттігі Қазақстан қор биржасымен бірлесіп құнды қағаздар нарығында инвесторлардың құқығын қорғауда бір қатар шараларды қолға алды. Атап айтқанда, биржаның өкілеттілік тізімінде «буферлік санат» пайда болды. Бұл аралық тізімге өз міндеттемесін өтей алмаған компаниялардың аты енетін болады. Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылы дефолтқа жол берген компаниялардың тізімінде 18 құрылым бар. Олардың 11-і қазір уақытша тізімге көшірілді. Алматы аймақтық қаржы орталығы да халықтың қаржылық сауатын көтеріп, оларды құнды қағаздар нарығына көптеп тарту үшін арнайы курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Андрей Цалюк «Қазақстан қор биржасының алдында тұрған негізгі міндет-ол инвесторларға қолайлы, сенімді нарықты қалыптастыру». Қазақстан қор биржасында мемлекеттік құнды қағаздарға деген сұраныс арта түсті. Қазір Қазақстан қор биржасы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің КАСЕ-нің өз акционерлері арасында құнды қағаздарды орналастыру есебінен қаржыландыру деңгейіне байланысты талабын орындады. Қарапайым жұртшылықтың қор нарығына деген қызығушылығын арттыру үшiн құнды қағаздар саудасын қыздырып жүргендерге әлi де болса еңбектенiп, тер төгу қажет-ақ. Себебi, бiздiң халқымыздың табысы өте көп емес әрi бағалы қағаз шығаратын эмитенттер де аз. Менің ойымша, елiмiзде қор нарығын дамыту үшiн өркениеттi елдерден үлкен-үлкен брокерлiк компаниялар мен рыноктағы iрi субъектiлер келуi қажет. Әйтпесе оқшауланып, көлемi шектеулi, аз болып қалады. Содан кейiн толыққанды жұмыс iстей алмайды. Сонда ғана әлемдiк бағалы қағаздар жүйесiне кiрiгедi. Қазiр бағалы қағаздар биржаларының арасында үлкен бәсеке, талас-тартыстар бар. Себебi бағалы қағаздар - қалай дегенмен де, халыққа да, оның iрi ойыншыларына да жақсы табыс әкелетiн құрал. Мысалы, әлде бiр өндiрiс орнының акциясы бүгiн 1000 теңге тұрады десек, ертең, аз уақыт iшiнде оның бағасы 10 мың теңге болуы мүмкiн. Адамның қолында санаулы ғана емес, мыңдаған акция болады десек, бұл қыруар табыс әкелетiнi анық. Сондықтан бұл жерде халықтың биржа саудасы жөнiнде бiлiмiн арттыру, сауатын ашу керек. Сонымен қатар, мектептерге де арнайы пән енгiзу керек сияқты. Сонда елiмiздiң ертеңгi тұтқасын ұстар азаматтары, мына біз сияқты жастар мектеп партасынан сауаттанса, одан жоғары оқу орындарында ол бiлiмдерiн жалғастырып, биржаның не екенiн, қандай сауда алаңдары бар екенiн, одан қалай пайда табуға болатынын ерте бастан бiлер едi.