Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esse-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
78.25 Кб
Скачать

8.Эссе.Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді: • қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаз- дарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражат- тарды жұмылдыру және шоғырландыру; - өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру; • бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғыр- ландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін ба- ғаларды белгілеу және жалған капиталды қалып- тастыру. Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырлан-дыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономи-каның басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өн-дірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономика-лык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді. Қор биржасы өз қызметінде мынадай кағидаларға сүйенеді: - қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатын- дыктан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы; • сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы дел- далдарының қызметінің кор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болаша-ғы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адам-дарды окыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэко-номикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың үзақ мерзімді саясаты болуы керек.

9.ҚР Ұлттық банкінің банк секторын реттеуде алатын орны. Республикасының Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемлер болды. Осыдан келіп, Ұлттық «банк банктердің бірі» деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді. Ұлттық банкінің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы » және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар. Ұлттық банк банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.

Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады.Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады: - қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналымының ауқымын бақылау; - бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы; - есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және үйлестіру.

Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспондеттік шотты өңдеумен айналысады.Біртұтас корреспондеттік шотқа өту екі кезеңде жүреді.Бірінші кезеңде біртұтас корреспондеттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңдле- республика деңгейінде өту қарастырылған.

10. Әлемдік дағдарыс коммерциялық банк қызметіне қалай әсер етті? Әлем экономикасын құлдыратқан дағдарыстың алғашқы толқыны 2008 жылы соққан болатын. Бұл дағдарыстың салдары АҚШ пен басқа дамыған елдердің бюджет дефицитіне әкеліп соқтырды, ортайған қазынаның түбі көрінбесі үшін мемлекеттік шығындарды сәл ауыздықтауға да тура келді. Жұмыссыздық белең алып, қымбатшылық қалтаны қақты. Қаржы дағдарысы болса, жаһан­ды жалпағынан жайлап, мұхиттан асып, қатері шарпымаған құрлық қал­дырмады. Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны 2008 байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады. Екінші дең­гейдегі банктеріміз сырттан «қорлана» (фондирование) алмайтын жағдай қалыптасты. Керісінше бұрын алған несиелерін қайтаруға тура келді. Сондықтан да Қазақстанның ипотекалық жүйесі біраз ақсады. Халыққа үлес­тірілген несие қайтарымы тербеліске ұшырады. Жылжымайтын мүлік құны екі еседен астамға түсті. Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегия­сын қаржыландырған ЕДБ өткен жылы өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы халықты кре­диттеу көлемінің төмендеуіне алып келді. ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстанның банк жүйесінің құрылымдық проблемалары­на әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары бо­луымен түйінделген оның қызметіне және дамуы­на ықпалын күшейтті (банк секторының жиынтық міндеттемелеріндегі сыртқы міндеттемелердің үлесі – 44,9%, тартылған депозиттерге берілген кредиттер қатынасының көрсеткіші тиісінше 30% және 1,5-ке тең, олардың оңтайлы мәндері 2-ге жетті).

11.ҰБ-ң нарықтағы ақша айналысын реттеу құралдары. Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады.Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында,брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру әдістері: 1. Аукциондық әдіс,яғни алғашқы агенттердің өтініштерінде көрсетілген дисконттау бағасы бойынша қысқа мерзімді ноталарды орналастыру,яғни ең жоғарғы дисконттау бағасынан бастап аукционның шарттарында хабарланған шегінде сатып алушыларды қанағаттандыру бағасымен аяқтау. 2. Толық орналастыру әдісі (аукциондағы қалыптасқан орташа өлшемді дисконттау бағасында эмиссиялауға сәйкес қысқа мерзімді ноталардың қосымша көлемін орналастыру). 3. Алғашқы агенттермен келісілгендей дисконттау бағасында ҚҰБ шығарған қысқа мерзімді ноталарын сату әдісі. 4. 2009 жылғы тамызда ақша-кредит саясатының кейбір құралдарына өзгерістер енгізілген болатын. 2009 жылғы 10 тамыздан бастап Ұлттық Банк айналыс мерзімі 1 ай қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды тоқтатты. Енді 3 жəне 6 айлық айналыс мерзімдерімен мақсатты түсімділігі тиісінше 2,9% жəне 3,3% (+/-0,1%) ноталар шығарылады. Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы. Қысқа мерзімді нота эмиссиялық мемлекеттік дисконтталған құжаттамасыз бағалы қағаз болып табылады.Сондай-ақ ҰБ айналыстағы ақша массасын реттеу үшін ашық нарықтағы операциялар,валюталық интервенция құралдарын пайдаланады.

12.ЭССЕ.Қазақстан қор нарығындағы негізгі мəселерді атап өтіңіз. Қазақстанда белгілі экономист Қанат Берентаевтың айтуы бойынша «Қор нарығын дамыту үшін ең алдымен сол қордың қатысушыларына тиісті жағдай жасаған жөн». 1996 жыл аяғында Қазақстан багалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендесуынын нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана – Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде.Еліміздің қор нарығының даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармаай,оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды,мысалы,мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің БҚ шығаруда.Бірақ,қор нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік психологиялық мәселелер бар.Экономикалы мәселелер: нарықты реттейтін механизм жоқтығы, нарықты дамытатын біріңғай көзқарас жоқтығы, заңдардың мүлтіксіз орындалмауы, салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы, БҚНның материалдық техникалық негізінінң аздығы, нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі.

Ал әлеуметтік психологиялық мәселелерге қор нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен денгейі жатады. Ол мәселелер халықтың басым көпшілігінің қор нарығы мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздар сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды. Міне,осы негізгі мәселелерге байланысты еліміздің Қор биржасындағы бағалы қағаздардың өтімділігі төмен болуда. Міне, еліміздегі қор нарығындағы осындай негізгі мәселелерді шешсек еліміз дамыған елдер арасында бәсекеге қабілетті ел болуына кәміл сенемін.

13. күтіліп отырған әлемдік дағдарыстың екінші толқыны Қазақстанның банк секторына қалай әсет етеді деп ойлайсыз? Әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқыны және 2008 жылдың аяғында мұнай бағасының төмендеуі ықпалынан нақты сектордағы белсенділіктің төмендеуі жалғасты және тұтастай алғанда экономикалық белсенділік қысқара бастады. Ағымдағы  операциялардың сальдо шотының нашарлауы және банктердің ірі төлемдері сыртқы борышты өтеу шотына валюта бағамына қысым жасады және орталық банк ақпанның басында теңгені АҚШ долларына қатысты 20 пайыз құнсыздандырды. Қазіргі уақытта бірнеше банктер төлем қабілеттілігі проблемаларымен қақтығысты; екі ірі банк және бір шағындау мекеме борыштың негізгі сомасын өтеу шотына төлемдерді тоқтатты жәнеде бұл банктер өз кредиторларымен олардың міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың айтуынша, әлемдік қаржылық дағдарыстың екінші толқыны басталған жағдайда біздің ел Ұлттық қордан 20 миллиард доллар жұмсай алады. «Еліміздің ұлттық қорында 41 миллиард доллар бар. Ол ішкі жалпы өнімнің 25 пайызын құрайды. Алайда 20 млрд доллар республикамызға егер дағдарыс бірнеше айдан жарты жылға дейін созылған жағдайда ғана көмектесе алады» деген болатын. Банк секторы 2008 жылдың екінші жартысында басталған дағдарыстың екінші «толқынынан» елеулі қысым көрген отандық қаржы секторының негізгі сегменті болып қала берді. Атап айтқанда, сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегия­сын қаржыландырған ЕДБ өткен жылы өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы халықты кре­диттеу көлемінің төмендеуіне алып келді. Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс сек­торларын кредиттеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субъектілерін кре­диттеу де барынша азайды. Сонымен, ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстанның банк жүйесінің құрылымдық проблемалары­на әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары бо­луымен түйінделген оның қызметіне және дамуы­на ықпалын күшейтті (банк секторының жиынтық міндеттемелеріндегі сыртқы міндеттемелердің үлесі – 44,9%, тартылған депозиттерге берілген кредиттер қатынасының көрсеткіші тиісінше 30% және 1,5-ке тең, олардың оңтайлы мәндері 2-ге жетті).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]