Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

14.Солтүстік-Батыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі

Бұл экономикалық аудан Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары жерлерінде калыптасып дамуда.

Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған.Жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн. га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн. га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн. га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997). Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомоб. жолдарының Ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Олармен 4,8 млн. т жүк тасымалданған (1997). Негізгі автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтөбе, Орал—Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.

Агроөнеркәсіптік кешені Ақтөбе қаласының бірден-бір ірі және әлеуметтік – мағыналы секторы болып табылады.

2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі (ағымдағы бағамен) 7,5 млрд. теңге құрады.

Өсімдік саласында ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымы және технологиялық диверсификациясын қолдану жұмыстары жүргізіліп, ауыл шаруашылығы дақылдарының басымды түрлерінің егіс көлемі көбеюде

Жылдар

Барлық егіс ауданы

Соның ішінде

Дәнді дақылдар

Оның ішінде бидай

Майлы дақыл

картоп

Көкөніс

бақша

Жемдік дақылдар

2009

39,5

23,0

16,04

1,00

2,3

1,139

0,02

0,4

Қаланың мал шаруашылығы саласында ірі қара мал шаруашылығы, (мүйізді ірі қара мал басы), құс шаруашылығы және жылқы шаруашылығы дамуда.Ауыл шаруашылығы өндіріс көлемін жақсарту үшін Жоспарлы шаралар жасалып, жалпы өнім көлемін төмендетпеу шаралары қабылдануда

Мал шаруашылығы динамикалық өсу жолында оң көрсеткіштерге ие болуда, 2008 жылдан 2009 жыл аралығында мал шаруашылығы өндірісінің жалпы өнім деңгейі құн есебімен 115,3 пайызға өсті (554,6 млн.теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындап-сату жүйесін ұйымдастыру үшін үш ауылдық тұтыну кооперативі құрылды (АТК) АТС «Агро-көмек КZ», АТК «Ақ Сүт» және АТК «АгроЦентрАқтөбе».

Ақтөбе қаласында Ет кластері жұмыс атқарады, оның құрамына:АТК «Айбек»-Алға, Мартук аудандарының және Ақтөбе қаласының 12 ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері кіреді, 2008 жылы мал сою цехы іске қосылды, қуаттылығы тәулігіне 8 тонна және 1000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы бар.

Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайы ұшақтың барлық түрін қабылдайды. Ақтөбелік әуежай Алматы, Астана, Қарағанда, Кельно, Санк-Петербург, Мәскеу және тағы да басқа қалалармен тұрақты хабарлама ұстайды. Теміржол транспорты – жолаушы тасымалын 4 бағытта және халықаралық хабарларға транзиттік тасымалдарды іске асыратын, облыстың транспорттық жүйесінің негізін құрайды. Темір жол Ақтөбені Республиканың барлық облыстарымен, Ресей Федерациясы, Өзбекстанмен және басқа да елдермен байланыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]