Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

13.Солтүстік-Батыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны

Бұл экономикалық аудан Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары жерлерінде калыптасып дамуда.

Ақтөбе Қазақстанның индустриалдық дамыған қаласы болып табылады Ақтөбе қаласы өнеркәсібінің негізін өңдеу өнеркәсібі құрайды. Қаланың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 75,1% құрайды.  Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45 % шығаруды топтастырды

Өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай қосымша салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарының өндірісі (49,5%), сусындар мен темекіні қоса алғандағы тамақ өнімдерінің өндірісі (19,1%), химия өнеркәсібі (11,5%), өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (7%), машина жасау (6,6%), резина және пластмассалы бұйымдар өндірісі (2,5%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (1,9%), кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндірісі (0,8%).

Ақтөбе қаласындағы өндіріс дамуының деңгейін анықтайтын өңдеу өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарына жататындар:

металлургия өнеркәсібіндегі Ақтөбе ферроқорыту зауыты, оған қаланың өңдеу өнеркәсібінің шығарған өнімінің 50% келеді.

химия өнеркәсібінде Қазақстандағы хром қосындыларының жалғыз өндірушісі жалпы жобалық қуаты 103,27 мың тонна болатын «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» болып табылады.машина жасауда өндірістік қызмет жүргізетіндер: «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ – мұнай кәсібі құрал-жабдықтары, «Ақтөберентген» АҚ – медицина техникалары, «№406 азаматтық авиация зауыты» АҚ – авиация техникаларын жөндеу жөніндегі қызметтер, «Ақтөбе металл құрастырмалары зауыты» АҚ – дайын металл бұйымдарын өндіру.

Өнеркәсіп Батыс Қазақстан облысы экономикасының аса жылдам дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Облыс өнеркәсібінің жалпы мемлекеттік өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 2007 жылы 9,3% құрады. . Өнеркәсіп құрамында өндіріс көлемінің 90%дан астамы тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді және 10% өңдеу өнеркәсібінің үлесіне келеді. Тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2000-2007 жылдар аралығында 9 есе өсіп, 2007 жылдың соңына 715001,8 млн. теңгені құрады, 2000 жылы бұл көрсеткіш 80960,1 млн. теңгені құраған болатын. Тау-кен өнеркәсібінің құрамында барлық өндіріс көлемінің 96,6% газ конденсатын шығарудың үлесіне, ал 3,4% табиғи газ шығарудың үлесіне тиесілі.

Облыс аумағында 20 шақты ірі және кіші мұнай мен газ кеніштері ашылған, олардың жалпы болжамдық қоры 4,2 ден 7,6 млрд. тоннаны құрайды. Көмірсутекті шикізаттың негізгі қоры «Қарашығанақ» мұнай-газ кенішінде шоғырланған, ал қалған ірі емес қорлар Чинарев, Теплово-Токарев және басқа да кеніштерде шоғырланған. Қарашығанақ кен орнының қорлары 1,2 млрд. тоннадан астам мұнай мен 1,35 трлн. куб. м газға бағаланып отыр.

Өңдеу өнеркәсібі. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлемінде алатын үлесі 8% құрайды және 2007 жылы 57576,9 млн. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің құрамында ең көп үлес мұнай өнімдерін өндіру саласына тиесілі – 34,5%. Тамақ өнеркәсібінің үлесі - 27,5%, машина жасау - 16%. Ал қалған 22% басқа да металл емес өнімдерді өндіру мен басқа салалардың үлесінде. Өңдеу өнеркәсібінің құрамында 15,8% үлесті машина жасау мен металл өңдеу салалары алады. Бұл салада «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ, «Уральский завод «Зенит» АҚ, «Приборостроительный завод «Омега», «КазАрмапром» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «СПП Металлоизделия» ЖШС, «НИИ Гидроприбор» АҚ сияқты компанияларды атап көрсетуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]