- •1.Қазақстан экономикасы курсының экономикалық пәндер арасындағы орны. Курстың пәні және мәселелері.
- •2.Қазақстанның шаруашылық келбетін анықтайтын халық шаруашылығының маңызды салалары
- •3.Қазақстан экономикасы курсының қажеттілігі, оның құрылымы және мақсаттары.
- •4.Ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, сауданың дамуының негізгі бағыттары, ақша-несие жүйесінің дамуы.
- •5.Қазақстан экономикасы 1917-1928 жылдары арасында.
- •6.Қазақстан экономикасы соғыс алдындағы бес жылдықтарда(1928-1941)жж
- •8.Орталық Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •9.Оңтүстік-Шығыс Қазақстан: келбеті және республика экономикасындағы орны
- •10.Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •11.Оңтүстік Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •12.Оңтүстік Қазақстан: аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •13.Солтүстік-Батыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •14.Солтүстік-Батыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •15.Оңтүстік-Батыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі.
- •16.Қазақстан экономикасы соғыстан кейінгі бесжылдықтарда(1965-1985)
- •18.Қр отын энергетикалық кешенінің қазіргі кездегі жағдайы және оның құрылымы.
- •19.Қр көмір өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •20.Қр мұнай өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •21.Теңіз кен орнын игеру және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
- •22.Қр газ өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •23.Қр химия өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы
- •24.Қаз.Ң металлургия мен машина жасау кешендерінің қазіргі жағдайы
- •25.Қазақстанның түсті металлургиясының дамуы және орналасуы
- •26.Қазақстанның қара металлургиясы, оның орналасуы және дамуы
- •27.Қр машина жасау кешенінің орналасуы және дамуы
- •28.Аграрлық өнеркәсіп кешенінің мәні және құрылымы
- •30.Қр мұнай өңдеу заводтары және олардың даму мәселелері
- •31.Солтүстік Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі.
- •32.Қр ауыл шаруашылығы. Негізгі салаларының сипаты және даму проблемалары
- •33.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, оның жетекші салалары
- •34. Экономиканың дамуындағы көліктің рөлі. Республикаға тасымалдайтын көліктердің жалпы сипаты.
- •35. Қр темір жол көлігінің даму проблемалары
- •36. Автомобиль көлігінің жалпы сипаты және жұмыс істеу проблемалары.
- •37. Су және құбыр көліктерінің қалыптасуы және дамуы
- •38. Халық шаруашылығын аймақтық ұйымдастырудың мәні және қажеттілігі.
- •39. Аймақтық экономиканың маңызы, мақсаты және проблемалары
- •40. Шығыс Қазақстан, оның өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны.
- •41. Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму деңгейі
- •42. Солтүстік-Шығыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •43. Солтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •44. Солтүстік Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •45. Оңтүстік-Батыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •46.Жамбыл-Қаратау аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері.
- •47. Павлодар-Екібастұз аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері
- •48. Маңғышылақ аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері
- •49. Нарыққа көшу кезеңдегі қр экономикалық және әлеуметтік жағдайы
- •50. Өтпелі кезең, экономиканы реформалаудың негізгі мәселелері
- •51. Қр құрылымдық және инвестициялық саясатты жүргізу жолдары
- •52. Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі экономикалық реформалар
- •53. Қр халықты әлеуметтік қорғау бағдарламасы. Әлеуметтік саладағы реформаның жүруі
- •54. Қр шағын бизнес, оның дамуы және проблемалары
- •55. Қр шағын кәсіпкерлікті қолдау институттары
- •56. Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары
- •57. 2030 Стратегиясының іске асырылу кезеңдері, кезеңдердің негізгі мәселелері
- •58. Қр аөк дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты және нәтижесі
- •59. Халықаралық қаржы ұйымдары және ондағы Қазақстанның орны
- •60. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі
- •Қазақстан экономикасы курсының экономикалық пәндер арасындағы орны. Курстың пәні және мәселелері.
- •Қазақстанның шаруашылық келбетін анықтайтын халық шаруашылығының маңызды салалары
10.Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
Бұл экон.қ ауданның құрамына Алматы облысы кіреді.
Көлік
Алматы облысының аумағы өзен, теміржол, автомобиль және әуе сияқты көлік тораптарына ие. Алматы облысы арқылы жалпы ұзындығы 1342,9 шақырым теміржол магистралі өтеді. Бұл фактор аймақтың, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістігіне кіруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қажетті шарты болып табылады. Облыстың аумағында 17 автостанция және Талдықорған мен Қапшағай қалаларында 2 автовокзал орналасқан. Алматы облысында автомобиль көлігі қызметінің көрсеткіші тұрақты өсуі байқалады, өйткені облыстағы тасымалдау көлемінің негізгі бөлігі көліктің осы түрі құрайды
Автомобиль көлігімен 113,5 млн.тонна жүк тасымалданып ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,6 % артты, жүк айналымы 4536,9 млн.т/км құрады (2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 115,0%). Сонымен қатар облыста 2 әуежай: Талдықорған қаласында -«Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ және Іле ауданы Боролдай кентінде -«Альтаир Эйр» ЖШС орналасқан
Ауыл шаруашылығы дегенде, тіл ұшына алдымен ірі қара, жылқы және құс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері оралады. Өйткені, аграрлық кешенде көпсалалы, тұрақты құрылым қалыптасты. Толығырақ тоқталғанда олар 906 ауылшаруашылық кәсіпорындарын, 41981 шаруа қожалығын және 321, 5 мың жекеше шаруашылықты құрайды Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2000 жылдан бастап, жылма-жыл орташа есеппен 15 пайызға өсуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңы – 861,7 мың гектар. Оның ішінде 377,2 мың гектары – суармалы немесе өңделетін барлық өңірдің 43,8 пайызы. Соңғы жылдары өнімділігін арттыру арқылы дәнді дақылдарды өсіруде тұрақты көрсеткішке қол жетуде. Егер 2001 жылы дәнді дақылдар түсімі 799,4 мың тонна болса, соңғы үш жыл бойы оның өсімі 1 млн. тоннадан асып отыр. Негізгі техникалық дақылдардың бірі – қант қызылшасын өсіруге баса көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде облыстың республикадағы өзіндік үлесі 81,7 пайызды құрады. Сонымен қатар, облыс еліміздің темекі өндіру жөніндегі басты шикізат аймағы болып есептеледі. Себебі, жапырақ жинаудың жалпы көлемі – 87,4 пайызды, ал дайын шылым беру көлемі 94,4 пайызды көрсетеді.
Республика бойынша көкөніс өндіру жөніндегі облыстың үлесі – 24,1 пайыз. Соңғы 4 жылда орта есеппен жыл сайын 465,3 мың тонна көкөніс өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын “Ақ жол” ЖШС іске қосылды. Ал “Фуд Мастер Компания” ЖШС “Пике” сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары шығарылуда. Сол сияқты Текелі қаласындағы “Зеленый дом” ЖШС-нің ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.
. Облыстың жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі мол. Жеміс ағаштарының жалпы көлемі 17,2 мың гектарды, оның ішінде жүзімдік алқаптың өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары алманың ежелгі “Апорт” сортын қалпына келтіру қолға алынған. Сондықтан, Алматы облысының өз атына лайық дүние жүзіне даңқы жайылатын кезі де алыс емес екендігіне сенім мол.
Облыс дәндік жүгері өсіруден республика бойынша бірінші орында. Дәлірек айтқанда, бүкіл елдегі дәндік жүгерінің 63 пайызын дайындайды
облыс республикада жылқы мен құстың саны жөнінен бірінші, ірі қара, қой-ешкі жөнінен екінші орында. Жұмыртқа мен жүн өндіруден – бірінші, ет пен сүттен – екінші орынға ие. Негізінен қойдың қазақтың арқар-меринос, австралиялық меринос, дегерес, тағы басқа тұқымдарын өсіру тұрақтанып, нақты көрсеткіштерге қол жетуде. Дегенмен, жүн мен теріні қайта өңдеу бүгінгі бәсекелестік деңгейіне жете алмай отырғанын жасырмағанымыз жөн. Алматы облысының агроиндустрия саясатының басты бағыттары қандай. Олар – ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете өңдейтін кәсіпорындар құру, мал шаруашылығының жемшөп базасын дамыту, облыста мал мен өсімдік шаруашылықтарының озық технологиясын дамыту, биотехнологияны дамыту, фармацевтика өнеркәсібін дамыту, экологиялық таза тамақ өнімдері кәсіпорындарын дамыту тәрізді негізгі бағдарламаның негізінде жүзеге асырылады.
