Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

8.Орталық Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі

Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес .Жердің климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті , жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз ,күшті жел соғып тұрады . Жауын-шашын аз жауады

Ауыл шаруашылығы

Егін шаруашылығы : Қарағанды облысының солтүстік аудандарында жаздық дәнді-дақылдар егіледі .

Мал шаруашылығы : қой шаруашылығы жақсы дамыған . Сонымен бірге ірі қара, ешкі, жылқы, түйе және шошқа өсіріледі

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі.Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.

Жеңіл өнеркәсіп : Қарағанды аяқ киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы, сыртқы трикотаж, тігін және шұлық бұйымдары кәсіпорындары .

Тамақ өнеркәсібі : Қарағанды ет комбинаты, Қарағанды кондитер фабрикасы, диірмен комбинаты, Балқаш балық зауыты

Көлік географиясы . Қарағанды облысының аумағын бойлық (меридиандық) бағытта 1205 км-ге созылатын Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді . Аса маңызды жүк тиеу мен түсіру станциялары : Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Жарық, Мойынты, Осакаровка және т.б.

Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент- Түркіменабад» газ құбыры желісі басып өтеді. Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады

9.Оңтүстік-Шығыс Қазақстан: келбеті және республика экономикасындағы орны

Бұл экон.қ ауданның құрамына Алматы облысы кіреді. Аймақтың шаруашылық келбеті: машина жасау, түсті металлургия, АӨК, жеңіл ж.е тамақ өнеркәсіптерінің даму нәтижесінде қалыптасқан. Бұл жақта Алматы ж.е Талдықорған өнеркәсіп аудандары қалыптасқан. Алматы орталығының халық шаруашылығы кешенінде машина жасау ж.е металл өңдейтін, ағаш өңдейтін, жеңіл , тамақ, полиграфия өнеркәсіптері ж.е құрылыс бұйымдар өндірісі маңызды орын алады. Машина жасау кешеніне ААМЖ АҚ, Поршень , Электроприбор, Эталон, Металлист сияқты ірі кәсіпорындары кіреді. Өңірдің ерекше өзгешелігі мұнда өнеркәсіптің шикізаттарын өңдейтін салалары жергілікті қорларды пайдалануға негізделе қалыптаспаған, олар тасып әкелінетін шикізаттармен жұмыс істейді. Тек АӨК кәсіпорындары жергілікті шикізаттармен жұмыс істейді. Бұл өңірде жеңіл ж.е тамақ өнеркәсіптері өте дамыған. Жеңіл өнеркәсіптің ірі ж.е жетекші кәсіпорындары АММК АҚ, Озат АҚ, Алпам трикотаж бірлестігі, Жетісу аяқ киім акционерлік фирмасы, Қыз Жібек тігін кәсіпорындары. Тамақ өнеркәсібі Жігер сүт комбинаты, жеміс консервісі комбинаты сияқты ірі кәсіпорындарын қамтиды. Талдықорған ауданында тау кен рудасы ж.е аграрлық өнеркәсіп кешендері даму алған. Текелі кен орнынан шығатын полиметалл рудасы, байыту негізінде құрылған Қазқорғасын ӨБ қамтиды.Облыстың тамақ өнеркәсібінің көзге түсер кәсіпорындарына Талдықорған жеміс консервісі ж.е Үштөбе ет консервісі зауыттарын жатқызуға болады. Облыстың машина жасау ж.е металл өңдеу кәсіпорындарының арасында Талдықорған аккумулятор, Үштөбе машина жөндеу, Лепсі вагон жөндейтін ж.е металл өңдейтін , ж.е Үшарал ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу зауыттарын атап кетуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]