Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

59. Халықаралық қаржы ұйымдары және ондағы Қазақстанның орны

Халықаралық Валюта Қоры – БҰҰның арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вуде (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды..ХВҚ-ның стандарттар мен кодекстердің сақталуын тексеру жөніндегі миссиясы соңғы ретте Алматы қаласында 2006 жылғы қараша-желтоқсанда жұмыс істеді.2004 жылы ХВҚ миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетті.Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің шағын топтарына қатысуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасын ХВҚ ның ж.е Дүниежүзілік Банктің Бельгия шағын тобынан Швейцария шағын тобына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізді. Дүниежүзілік Банктің тобы 1944 жылы құрылған және оған мынадай бес қаржы институты кіреді:- Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі - Халықаралық даму қауымдастығы;- Халықаралық қаржы корпорациясы;- Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік;- Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық .Қазақстан 1992 жылғы шілдеде ХЖДБ-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ИДРХО-ға мүше және 1993 жылғы қыркүйекте ХҚК-ге мүше болды.Дүниежүзілік банк тобы Қазақстандағы сыртқы қаржыландырудың ірі көздерінің бірі болып табылады.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі активтерінің депозитарийі болып табылады және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің «А» шотына қызмет көрсетуге қатысады. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің ережелерінде көзделген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы төлейтін немесе Қазақстан Республикасына төленетін сомаларды аудару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан 1992 жылдың шілде айында ХҚДБ мүшесі болды. Бүкіләлемдік банктің Қазақстанға ғана берген кредиті 2002 жылы 1.89 млрд. АҚШ долл. құрады. Бүкіләлемдік банк тобы Қазақстанды сырттай қаржыландыратын ірі көздердің бірі болып табылады.

60. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі

ҚР ның сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықХалықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]