
- •1.Қазақстан экономикасы курсының экономикалық пәндер арасындағы орны. Курстың пәні және мәселелері.
- •2.Қазақстанның шаруашылық келбетін анықтайтын халық шаруашылығының маңызды салалары
- •3.Қазақстан экономикасы курсының қажеттілігі, оның құрылымы және мақсаттары.
- •4.Ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, сауданың дамуының негізгі бағыттары, ақша-несие жүйесінің дамуы.
- •5.Қазақстан экономикасы 1917-1928 жылдары арасында.
- •6.Қазақстан экономикасы соғыс алдындағы бес жылдықтарда(1928-1941)жж
- •8.Орталық Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •9.Оңтүстік-Шығыс Қазақстан: келбеті және республика экономикасындағы орны
- •10.Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •11.Оңтүстік Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •12.Оңтүстік Қазақстан: аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •13.Солтүстік-Батыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •14.Солтүстік-Батыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •15.Оңтүстік-Батыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі.
- •16.Қазақстан экономикасы соғыстан кейінгі бесжылдықтарда(1965-1985)
- •18.Қр отын энергетикалық кешенінің қазіргі кездегі жағдайы және оның құрылымы.
- •19.Қр көмір өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •20.Қр мұнай өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •21.Теңіз кен орнын игеру және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
- •22.Қр газ өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •23.Қр химия өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы
- •24.Қаз.Ң металлургия мен машина жасау кешендерінің қазіргі жағдайы
- •25.Қазақстанның түсті металлургиясының дамуы және орналасуы
- •26.Қазақстанның қара металлургиясы, оның орналасуы және дамуы
- •27.Қр машина жасау кешенінің орналасуы және дамуы
- •28.Аграрлық өнеркәсіп кешенінің мәні және құрылымы
- •30.Қр мұнай өңдеу заводтары және олардың даму мәселелері
- •31.Солтүстік Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі.
- •32.Қр ауыл шаруашылығы. Негізгі салаларының сипаты және даму проблемалары
- •33.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, оның жетекші салалары
- •34. Экономиканың дамуындағы көліктің рөлі. Республикаға тасымалдайтын көліктердің жалпы сипаты.
- •35. Қр темір жол көлігінің даму проблемалары
- •36. Автомобиль көлігінің жалпы сипаты және жұмыс істеу проблемалары.
- •37. Су және құбыр көліктерінің қалыптасуы және дамуы
- •38. Халық шаруашылығын аймақтық ұйымдастырудың мәні және қажеттілігі.
- •39. Аймақтық экономиканың маңызы, мақсаты және проблемалары
- •40. Шығыс Қазақстан, оның өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны.
- •41. Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму деңгейі
- •42. Солтүстік-Шығыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •43. Солтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •44. Солтүстік Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •45. Оңтүстік-Батыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •46.Жамбыл-Қаратау аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері.
- •47. Павлодар-Екібастұз аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері
- •48. Маңғышылақ аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері
- •49. Нарыққа көшу кезеңдегі қр экономикалық және әлеуметтік жағдайы
- •50. Өтпелі кезең, экономиканы реформалаудың негізгі мәселелері
- •51. Қр құрылымдық және инвестициялық саясатты жүргізу жолдары
- •52. Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі экономикалық реформалар
- •53. Қр халықты әлеуметтік қорғау бағдарламасы. Әлеуметтік саладағы реформаның жүруі
- •54. Қр шағын бизнес, оның дамуы және проблемалары
- •55. Қр шағын кәсіпкерлікті қолдау институттары
- •56. Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары
- •57. 2030 Стратегиясының іске асырылу кезеңдері, кезеңдердің негізгі мәселелері
- •58. Қр аөк дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты және нәтижесі
- •59. Халықаралық қаржы ұйымдары және ондағы Қазақстанның орны
- •60. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі
- •Қазақстан экономикасы курсының экономикалық пәндер арасындағы орны. Курстың пәні және мәселелері.
- •Қазақстанның шаруашылық келбетін анықтайтын халық шаруашылығының маңызды салалары
56. Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары
Нарықтық экономика мына жағдайлар айқын анықталса ұтымды жұмыс істейді:
1.Товарды қанша көлемде өндіру керек,қандай қызмет атқару керек
2.Не өндіру керек
3.Қоғамға қажетті товарлвр қалай өндіріліп,қандай қызмет атқарылуы керек
4.Өндірілген өнім кімге арналған,оны кім алу керек
5.ӨЗГЕРІСТЕР БОЛҒАН ЖАҒАЙДА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ СОҒАН БЕЙІМДЕЛУІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ.
Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
маржиналдық (шекті) талдауға;
балама тандау шығындарына;
экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді — бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны. Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:
географиялық орналасу;
табиғи ресурстардың бар болуы;
тарихи даму жағдайлары;
халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;
өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.