Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

55. Қр шағын кәсіпкерлікті қолдау институттары

Даму институттарының қолдауымен

Дағдарысқа дейінгі кезеңде дамуы бойынша әлемнің Қытай, Үндістан секілді азулы мемлекеттерінен қалыспаған Қазақстанның одан әрі өркендеуіне дамуына жол ашатын іргелі міндеттер белгіленген. Соның ең бастысы – экономикамызды әртараптандыру. Бүгінде Президенттің бастамасы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жұмыс істеуде. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, жаңашыл бағытқа арқа сүйей отырып, отандық нарықты сұранысқа ие өнімдермен толтыратын боламыз. Елбасы өткен жылғы Жолдауда: «Біз қазір консервіленген жеміс-жидектердің 80 пайызын, ет өнімдерінің жартысын, құрғақ сүттің 53 пайызын сырттан әкеліп жүрміз» деген еді. Одан бөлек, бүгінде еліміздің тұтынушылары шетелдік мұнай өнімдерге қол жайып келеді. Ендігі жерде мемлекет осы олқылықтардың орнын толтыруды көздеп отыр. Индустрияландыру картасымен қатар, мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы экспортқа жіберуге жарайтын бәсекеге қабілетті сапалы өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Бүгін инновациялық жобаларды іске асыруда мемлекеттің кәсіпорындарға беретін қолдауы күшейе түсуде.

Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын даму институттары жемісті жұмыс істеуде. Жалпы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазақстанның Даму банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Қазына Капитал Менеджмент», «ҚазЭкспортГарант» СК» секілді бес даму институты бар. Олардың қолдауымен өткен жылы республикада 146 инвестициялық жоба қаржыландырылып, 96-сы пайдалануға берілді. Жаңа өндірістерде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«Самұрық-Қазынаның» міндеттерінің бірі - шикізаттық емес сектордағы ішкі жалпы өнімді арттыру арқылы экономиканы әртараптандыру және жаңғыртуға жәрдемдесу б.т. Бұған дейін біз былайғы мемлекеттерге тек шикізат шығарушы ел болып танылғанымыз рас. Алайда, жаңашыл бағытқа батыл қадам баспасақ, ескі сүрлеу бізді алысқа апармайтынына көзіміз жетіп отыр.

«Самұрық-Қазына» қоры мен оған енетін даму институттары несиелеу, кепілдік беру, капиталға қатысу, экспорттық несиелерді сақтандыру, инвестицияларды сақтандыру, лизинг секілді қолдау түрлерімен қатар ақпараттық және ұйымдастыру тәрізді қызметтерді де көрсетеді.

Мәселен, «Қазақстанның Даму банкі» орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік несие береді. Инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландырумен қатар агроөнеркәсіп кешеніне 20 млн. АҚШ долларына дейін қаражат ұсынады. Экспорттық операцияларға да несиелей көмек көрсетеді.

Айта кетелік, осы «Қазақстанның Даму банкінің» қолдауымен Павлодар жерінде тұңғыш алюминий өндірісі іске қосылды. Жоғары сапалы өнімді әлемнің көптеген елдері сатып алуда. Даму банкінің сондай-ақ облысымызда болатты үздіксіз құю арқылы жылына 60 мың тоннаға дейін өнім өндіруді көздеген «Литмашкомплект» ЖШС-нің, жылына 38 мың километр кабель өткізгіш, 4 мың тонна электр оқшаулағышы жоқ сымдар шығаруды мақсат еткен «Қазэнергокабель» АҚ-ның жобаларын жүзеге асыруға қолдау танытқанын. 2010 ж.ң қазан айына дейін Қазақстан Даму банкінің қаржыландыруы нәтижесінде 2776 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ да Павлодар облысында бірқатар жобаларды қолдауда. Жалпы сомасы 24,98 млн АҚШ доллары болатын 4 жобаны іске асыруға қатысып отыр. Соның нәтижесінде 228 жұмыс орны құрылады. Жобалардың қатарында агорөнеркәсіптік холдингті дамытуға байланысты, жиһаз өндірісін кеңейтуге қатысты және қиыршық тас өндірісін қалпына келтіру жөнінде бизнес-бастамалар қолға алынған.

Мәліметтерге жүгінсек, облыста «Даму» қорының қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қолдау шарасы жүйелі түрде іске асуда. «Даму-Өңірлер» бағдарламасы жалпы сомасы 26,4 млрд.теңгеге 720 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. 1166 жұмыс орны құрылып, қолдау көрсетілді. Бұдан басқа, қаржылай емес қолдау шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын бойынша кәсіпкерлік ісін бастаған тұрғындарға және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге арналған қысқа мерзімді тренинг-оқулар өткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]