- •1.Қазақстан экономикасы курсының экономикалық пәндер арасындағы орны. Курстың пәні және мәселелері.
- •2.Қазақстанның шаруашылық келбетін анықтайтын халық шаруашылығының маңызды салалары
- •3.Қазақстан экономикасы курсының қажеттілігі, оның құрылымы және мақсаттары.
- •4.Ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, сауданың дамуының негізгі бағыттары, ақша-несие жүйесінің дамуы.
- •5.Қазақстан экономикасы 1917-1928 жылдары арасында.
- •6.Қазақстан экономикасы соғыс алдындағы бес жылдықтарда(1928-1941)жж
- •8.Орталық Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •9.Оңтүстік-Шығыс Қазақстан: келбеті және республика экономикасындағы орны
- •10.Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •11.Оңтүстік Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •12.Оңтүстік Қазақстан: аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •13.Солтүстік-Батыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •14.Солтүстік-Батыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •15.Оңтүстік-Батыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі.
- •16.Қазақстан экономикасы соғыстан кейінгі бесжылдықтарда(1965-1985)
- •18.Қр отын энергетикалық кешенінің қазіргі кездегі жағдайы және оның құрылымы.
- •19.Қр көмір өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •20.Қр мұнай өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •21.Теңіз кен орнын игеру және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
- •22.Қр газ өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.
- •23.Қр химия өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы
- •24.Қаз.Ң металлургия мен машина жасау кешендерінің қазіргі жағдайы
- •25.Қазақстанның түсті металлургиясының дамуы және орналасуы
- •26.Қазақстанның қара металлургиясы, оның орналасуы және дамуы
- •27.Қр машина жасау кешенінің орналасуы және дамуы
- •28.Аграрлық өнеркәсіп кешенінің мәні және құрылымы
- •30.Қр мұнай өңдеу заводтары және олардың даму мәселелері
- •31.Солтүстік Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі.
- •32.Қр ауыл шаруашылығы. Негізгі салаларының сипаты және даму проблемалары
- •33.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, оның жетекші салалары
- •34. Экономиканың дамуындағы көліктің рөлі. Республикаға тасымалдайтын көліктердің жалпы сипаты.
- •35. Қр темір жол көлігінің даму проблемалары
- •36. Автомобиль көлігінің жалпы сипаты және жұмыс істеу проблемалары.
- •37. Су және құбыр көліктерінің қалыптасуы және дамуы
- •38. Халық шаруашылығын аймақтық ұйымдастырудың мәні және қажеттілігі.
- •39. Аймақтық экономиканың маңызы, мақсаты және проблемалары
- •40. Шығыс Қазақстан, оның өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны.
- •41. Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму деңгейі
- •42. Солтүстік-Шығыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •43. Солтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі
- •44. Солтүстік Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •45. Оңтүстік-Батыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны
- •46.Жамбыл-Қаратау аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері.
- •47. Павлодар-Екібастұз аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері
- •48. Маңғышылақ аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері
- •49. Нарыққа көшу кезеңдегі қр экономикалық және әлеуметтік жағдайы
- •50. Өтпелі кезең, экономиканы реформалаудың негізгі мәселелері
- •51. Қр құрылымдық және инвестициялық саясатты жүргізу жолдары
- •52. Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі экономикалық реформалар
- •53. Қр халықты әлеуметтік қорғау бағдарламасы. Әлеуметтік саладағы реформаның жүруі
- •54. Қр шағын бизнес, оның дамуы және проблемалары
- •55. Қр шағын кәсіпкерлікті қолдау институттары
- •56. Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары
- •57. 2030 Стратегиясының іске асырылу кезеңдері, кезеңдердің негізгі мәселелері
- •58. Қр аөк дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты және нәтижесі
- •59. Халықаралық қаржы ұйымдары және ондағы Қазақстанның орны
- •60. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі
- •Қазақстан экономикасы курсының экономикалық пәндер арасындағы орны. Курстың пәні және мәселелері.
- •Қазақстанның шаруашылық келбетін анықтайтын халық шаруашылығының маңызды салалары
52. Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі экономикалық реформалар
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы да айқындалды. Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шеңберін кеңейту, ондағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері республиканың күн тәртібіндегі мәселер болып саналды. Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру “Қазақстан-2030” стратегиясына және бірқатар заңнамалар негіздерінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаа сәйкес жүзеге асырылып келеді. Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыттары айқындалған. Осылардың төртіншісінде: “ҚазАгроның” негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу” екендігін атап айтқан
53. Қр халықты әлеуметтік қорғау бағдарламасы. Әлеуметтік саладағы реформаның жүруі
Халықты әлеуметтік қорғау д/з оларды жеткілікті жұмыс орындарымен, тұрғын-үйлермен қамтамасыз ету, сақтандыру, жайлы жағдай туғызу. Қазақстанда осыған б/ты көптеген бағдарламалар жүргізілуде. Солардың біразын айтатын болсам:
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, өз кезегінде, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықты жұмыспен қамтуға ынталандырудың жаңа тетіктерін іске қосуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ.
Жаңа объектілердің құрылысы кезеңінің өзінде 207 мың адам қатысып, кейін жаңа кәсіпорындарда 161 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.
Бұған қоса, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы да еліміздегі жүздеген шағын ж/е орта кәсіпорындардың белсенділігін арттыра отырып, мыңдаған жаңа жұмыс орындарының п.б.на септігін тигізеді.
Индустриалды-инновациялық саясаттың жемісті болуы еңбек ресурстарына, олардың сан және сапа жағынан қамтамасыз етілуіне де көп б/ты болады.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, бірде-бір мемлекет, бірде-бір үкімет не бірде-бір ірі бизнес жеткілікті мөлшерде жұмыс орнын құруға қауқары жетпейді. Сол себепті де өз бетінше жұмыспен айналысуға негізделген шағын ж/е орта бизнесті дамыту қажет екендігі айдан анық.
Қолданыстағы заңнама б/ша зейнетақымен қамсыздандыру ж/е әлеуметтік сақтандыру құқықтық негізде жұмыс істейтін өз бетінше жұмыспен айналысушыларды ғана қамтиды. Бұлар - адвокат, жеке нотариус, жеке кәсіпкер, сондай-ақ арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлға ретінде тіркелген адамдар.
Осыған б/ты, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды заңды нарықтық ортаға шығару үшін жағдай жасау мәселесі өзекті мәселелердің бірі б.т.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік қолдауға қатысты оқыту арқ өз бетінше жұмыспен айналысушыларға жәрдемдесу (ынталандыру) бағдарламалары кейіннен жұмысқа орналастыру және тұрақты жұмыспен қамту тұрғысынан барынша нәтижелі бағдарламалардың қатарына жатады.
Микробизнесті қолдау позициясында, өз бетінше жұмыспен айналысуға жәрдемдесу үшін кредит беруді жеңілдетіп қана қоймай, белсенді адамдар үшін жаңа орындар табу, оларға консультациялық көмек көрсету қажет.
Үкімет «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын бекітті.
Негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқ халықтың табыс деңгейін арттыру болып белгіленді.
Алдымен, бағдарлама өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздарға және табысы аз қазақстандықтарға бағытталатын болады.
Бағдарлама үш бағыттан тұрады.
Бірінші – кейіннен жұмысқа орналастыра отырып кәсіптік оқыту.
Екінші бағыт – жеке ісін, ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу.
Үшіншісі – тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамыту мүмкін болмаған жағдайда, Бағдарламада экономикалық дамыған өңірге көшіп баруға мүмкіндік бар, бұл өз кезегінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп басталған «Ертеңің үшін аянба!» бағдарламасы да белсенді іске қосылады, бұл бағдарлама халықтың бизнесті, оның ішінде үй бизнесінің түрлері мен оны жүргізу туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Бұған қоса, келешек кәсіпкерге өз ісін ұйымдастыру үшін инфрақұрылым, яғни жол құру, жылу және сумен жабдықтау, кәріз, телефон және электр желілерін жүргізу қажет болатын болса – бұл шығындардың бәрін мемлекет Бағдарлама бойынша өз мойнына алады.
Тағы да азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуға н/е жеке ісімен айналысуға мүмкіндігінің болмауына байланысты жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерден жұмыс ұсынатын болады.
