Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

47. Павлодар-Екібастұз аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері

Павлодар-Екібастұз өнеркәсіп торабына Палодар, Екібастұз, Ақсу, Қалқаман қалалары мен бірнеше елді-мекен кіреді. Мұндағы Павлодар —Қазақстанның ірі индустриалды орталығы, ол электрэнергия, балшық, мұнай қайта өндеу өнімдері, машиноқұрылысы, тағам өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешенін құрайды. Аймақтағы жетекші сала өндірістің 70% қамтамасыз ететін металлургия өнеркісібі мен металдарды өндеу болып табылады.

  • Қара металлургия

Ферроқорыту Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ филиалы болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты— әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн. тонна өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт Теміртауға, ТМД мен қиыр шетелдердің металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді.

  • Түсті металлургия

Өнеркәсіптің жас саласы. Бұл глиноземді өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна. Кәсіпорын алюминий, сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар мен электр өнеркәсібі материалдарын өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын глинозем өндіреді. Галлий — шетелдерде үлкен сұранысқа ие сирек металл. Ол Жапонияға, Германия мен АҚШ-қа экспортталады.

Машина жасау және металлөндеу

Павлодар Ертіс өңірінің алғашқы ауылшаруашылық машинажасау кәсіпорны — «Октябрь» зауыты. Зауыт стандартты емес диірмен құрал-жабдығын, сауда құрал-жабдығын (стеллаждар), металлосайдингтер мен металлжабынғыштар, қол және электрлі стеллаждар шығарады.

Химиялық өнеркәсіп

Облыстың кәсіпорны мұнайды қайта өндеу кәсіпорнының қалдықтары негізінде жұмыс істейді, шикізат ТМД елдерінен, ең алдымен Ресейден әкелінеді. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы көп: полимер негізіндегі сыр мен лактар, майлау материалдары, антифриздар, пластмасса мен полиэтилен бұйымдары, хлор, каустикалық сода.

  • Отын-энергетикалық кешен

1954 жылы Екібастұзда қуатты көмір өнеркәсібі бастама алды. Геологиялық бағалаулар бойынша тас көмірінің жалпы қоры — 12,8 млрд тоннаны құрайды. Шығарылатын көмірдің көп бөлігі Оралға, Батыс Сібірге экспортталады және Қазақстан өзге облыстарына жөнелтіледі. Павлодар облысында 8 көмір орындары бар. Олардың ең ірілері Екібастұз және Майкөбе бассейндері. Осы орындардың қорлары шағын аумақта жерден тереңде емес қабатта орналасқан, бұл көмірді ашық тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Бұл - көмір шығарудың өнімді әрі арзан тәсілі. Екібастұз бассейні аумағында бірнеше разрездер бар, оның ішінде ең ірісі — «Богатырь». Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі разрез. «Богатырь Аксес Комир» ЖШС көмірді «Богатырь» және «Северный» разрездерінен шығарады. Көмірді шығару бойынша өндіріс қуаттылығы — 40 млн тонна. «БАК» ЖШС шығаратын көмір үлесі Қазақстанның көмір шығаратын компанияларының арасында 44% құрайды. Қоңыр көмір - лигнитті шығару Майкөбелік көмір орнында іске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]