Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

46.Жамбыл-Қаратау аймақтық өндірістік кешендерінің шаруашылық келбеттері.

Қаратау – Жамбыл облысында орналасқан . Жерінің көлемі 50 мың шаршы км ден астам , халқының саны 500 мың адам шамасында , оның 64 % қала тұрғындары . Бұл кешен Тараз , Қаратау , Жаңатас және бірнеше жұмысшылар поселкелерін қамтиды.

АӨК өндірістік келбетін тау – кен химия және аграрлық өнеркәсіп кешендері сипаттайды . Біріншісі шикізатты шығару және өңдеу ,минералдық тыңайтқыштар және сары фосфор өндіретін химия өнеркәсібіне негізделген , ал екіншісі – АӨК нің жүн жуу , қант , былғары аяқ киім және спирт шығаратын салаларынан тұрады.

АӨК дамуының негізі Қаратау фосфориті , оның жалпы қоры 2 ,6 млрд т тең және кенде фосфор ангидридінің мөлшері жоғары . Қаратау бассейнінің үлесіне ТМД елдеріндегі фосфор ангидридінің есепке алынған қорының 1/3 дейін келеді.

Мақта ,қант қызылшасын және басқа бағалы дақылдар өсіретін Оңтүстік Қаз және Орта Азия ауыл шаруашылық кәсіпорындарының фосфорлық тыңайтқыштарға қажеттіктерінің өсуіне байланысты .Қаратау бассейні .Ұлы Отан соғысы жылдары игеріле бастады. Қаратау тау – кен химия комбинаты 1946 ж.алғашқы рудасын берді.1939 ж. Ақсай , ал 1965 ж.Жаңатас кен орындарынан кен шығарыла бастады. Қаратау – Жамбыл АӨК республиканың сары фосфор және фосфорсыздандырылған мал азықтық фосфор шығаратын жалғыз ғана ауданы «Қаратау » ӨБ үлесіне республикада өндірілетін минералды тыңайтқыштардың 76% астамы және сары фосфордың жартысы келеді.

Қазіргі кезде химия өнімдерін өндіруді өсіру іске қосылған кәсіпорындарын барынша дамыту және шикізат көздеріне тікелей жақын орналасқан жаңа кәсіпорын жолдарымен жүргізілуде.

Былғары аяқ киім шығаратын өнеркәсіп Тараз қаласындағы шикізаттар және зром заводтары , былғары аяқ киім комбинаты сияқты кәсіпорындарын қамтиды.Жалғыз ғана Тараз қаласындағы былғары аяқ киім комбинаты Қазақстанда шығарылатын былғары аяқ киімінің 1/5 жуығын өндіреді.

Қаратау бассейінінің кені байытылатын шикізат және оның құрамында 4% магний тотығы , 5- 10 % карбонат бар . Байытылмаған кенді тасымалдаудың жайсыздығынан транспорт шығыны сары фосфор тасымалдауын 12-14 есе өсіреді. Сондықтан Қаратау кенін өз орнында өңдеген жөн . Екіншіден , Қаратау фосфоритінің ерекшелігі , ол кен өңдеу кезінде электр энергиясымен қыздыру технологиясын пайдалануды қажет етеді . Осы себептен іске қосылған химия кәсіпорындарының қуаттылығының өсуі және жаңа химия кәсіпорындарын салуға байланысты электр энергиясына қажеттілік күрт өседі . Ал осы жағдайға Қаратау – Жамбыл АӨК өзіне жақын орналасқан отын - энергетикалық қоры жоқ.

АӨК барлық салаларының әдеттегідей жұмыс істеуі барлық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдары пропорционалды дамып және экономикалық байланыстардың кеңеюін қажет етеді. Қаратау – Жамбыл аймақтық кешені келешекте темір жол , автомобиль және құбыр транспорттарын пайдаланады . Сыртқа тасымалдайтын негізгі жүк – фосфор кені , ал кешенге әкелінетіні – газ , ағаш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]