Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

43. Солтүстік-Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму денгейі

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағында, оның ішінде Павлодар облысында майлы дақылдардың ішінен көп таралғаны күнбағыс, ол дақыл майлы дақылдардың республика бойынша егістік көлемінің 70% қамтып, 85% майлы дақылдар өнімімен қамтамасыз етеді. Алынатын май өнімдеріне сұраныстың жоғары болуына байланысты күнбағыстың егіс көлемі одан әрі ұлғаяды. Соған қарамастан күнбағыстың өнім көлемі төмен деңгейде, облыс бойынша гектарына 3-4 центнерді құрайды, бұның басты себептерінің бірі өнімділігі төмен күнбағыс сорттарын қолдану және себу мерзімін, себу мөлшерін сақтамау, сонымен қатар ауыспалы егістік жүйесінде қайта себу мерзімін қадағаламау. Бұл мәселелердің барлығы егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.

Әртараптандыруда жоғары мүмкіншілікке ие болатын дақылдардың бірі - ол жарма дақылдары. Павлодар облысы республика бойынша жарма дақылдарының негізгі егіс алқабы шоғырланған аймақ болып есептелген, өткен ғасырдың 80-інші жылдарында республика бойынша жалпы қарақұмық егістігінің 58%, тарының 25% алқабы шоғырланған. Жарма дақылдарынан ең жоғары өнім алуда жаңа аудандастырылған, жергілікті жағдайларға бейімделген жоғары өнімді сорттарының алатын орны ерекше. Жарма дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында ұрық алмастыру ауыспалы егістігінде жарма дақылдарының қор сақтаушы технологиясын жетілдіру қажет.

2015 жылға дейін ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін 10 есеге дейін арттыруға арналған бағдарламаны осыған сай малға азық қорын қалыптастырмай жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан ауыспалы егістік жүйесінде дәнді дақылдармен қатар өсіру технологиясы сай мал азықтық дақылдары болуы қажет.

Егіншілік жүйесінде топырақ өңдеудің алатын орны ерекше, себебі мәдени өсімдіктердің тіршілігіне қажетті факторлар осы топырақ өндеу әдісі арқылы қалыптасады. Топырақты қорғау талаптары егіншілік жүйесінде топырақтың құнарлылығын арттыру және мәдени дақылдарға жағдай жасаумен қатар жел және су эрозияларының алдын алуға негізделеді. Мұны бірінші кезекте механикалық өңдеу жүргізгенде есте сақтаған абзал. Энергия көздері құнының тұрақсыз болуымен байланысты қазіргі таңда топырақты өндеуді азайту өзекті мәселелердің бірі болуы, минималды және нөлдік топырақ өңдеу тәсілдерінің тигізетін оң әсерін айқындауға итермелейді. Осы тұрғыдан облыстың барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қолайлы агроландшафтарында экологиялық таза өнім алуға бейімделген топырақты минималды жане нөлдік өңдеу тәсілдерінің негізінде қор сақтаушы технологиясын қалыптастыру және оны әрі қарай жетілдірудін қажеттілігі туындайды.

Өсімдік қалдықтарын жоғары мөлшерде пайдаланып, топырақ өңдеуді минималдандыру егістіктің арамшөптермен ластануы және зиянкестердің көбеюіне ықпал етеді. Қазіргі таңда Павлодар облысының егуге жарамды егіс алқаптарының 30-35% ауыспалы егістіктен шығып, жусан басып, шегіртке көбейетін орынға айналған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерінің ішінен ең көп таралғаны астық көбелегі, астықтың сабақ егеуіші, трипстер, аурулардың ішінен септориоз, қаракүйе белең алып бара жатыр, егіс алқаптарының арамшөптерінен көп тарағаны кәдімгі кәулен, гүлтәжі, қара сұлы, жатаған бидайық, дала шырмауығы, тары тұқымдастары, тағы басқалары. Осыған байланысты мәдени дақылдарды озық үлгідегі технологияларды қолданып өсімдік қорғау мәселесін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Көзделген мақсаттағы жетістіктерге жету жолында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарының алатын орны ерекше, әсіресе егіншіліктің ландшафты жүйесінде.

Сорт дақылдарды өсіру технологиясында ең басты нысан болып табылады, сондықтан сорттың бар мүмкіншілігін көрсету мақсатында барлық агротехнологиялық және ұйымдастырушылық шараларды соған бағыттау қажет.

Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Облыс жерін солтүстігінде батыстан шығысқа қарай Орта Сібір мен орталық өңірінде Оңтүстік Сібір (Маралды – Тұз, Спутник – Ақсу, Коряковка – Сольветка) темір жол басып өтеді. м 2002 ж. Ақсу – Конечная т. ж. Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қ-на дейін ұзартылды. Оңтүстік Сібір т. ж. бойында Павлодар, Екібастұз сияқты ірі темір жол станиялары өсіп қалыптасты. Темір жолдардың ұзындығы 800 км-ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) Ертіс өз. бойынша іске асырылады. Автомобильдік жолының ұзындығы 5150 км.

Павлодар облысында құрамында теміржол, автомобильді, әуе және өзен көлігі кіретін көлік кешені бар. Көліктің барлық түрі бір-бірін толықтырады және біртұтас көліктік-коммуникациялық желіні құрайды.

 Автомобильді көлік

Облыс аумағы арқылы республикалық маңызды жалпы ұзындығы 1517 км 7 жол өтеді.Жалпы пайдаланылатын автомобильді жолдардың үзындығы 5666 км, оның ішінде 4917 км қатты қапталымы бар автомобильді жолдарды құрайды. Жалпы пайдаланылатын қатты қапталымы бар автожолдардың тығыздығы 1000 ш.км -ге 39,4 км келеді. 2012 жылдың 2 маусымы кезеңінде 59 ішкі облыстық бағыттар кызмет етуде. Ауылдық аймақ елді мекендері мен аудандық орталық арасындағы автобустық (микроавтобустық) қатынасты қамтамасыз ету үшін 42 ішкі аудандық бағыттар жұмыс істейді.

 Теміржол көлігі

Облыстағы теміржол тасымалының негізгі операторы "Павлодар жол бөлімі" ҚТЖ ҰК “ АҚ болып табылады. Павлодар бөлімінің іске берілген теміржол ұзындығы 1069,2 км, бас жолдардың ашық жолының ұзындығы 1436,7 км құрайды. Жалпы ұзындығы 893,3 км, оның ішінде 381,8 км электрленген. Павлодар бөліміндегі жолдардың қызмет етуінің қамтамасыз ету үшін 43 пункт, оның ішінде 35 станция, 5 разъезд, 1 жету пункті, 2 жол бекеті бар.

 Өзен көлігі

Павлодар облысы өзен көлігі саласында "Павлодар өзен порты" АҚ қызметін атқаруда, ол облыстың құрылыс обьекттеріне қажет өзен құмын алу және тасымалдаумен айналысады, сонымен қатар транзиттік қатынаста жүк тасымалдауды да іске асырады. Флот тіркемелі жылукемелерінен және т.б. тұрады. Құбыр көлігі Магистральді құбырлардың ұзындығы 2010 ж. 2577 км, ал магистральді құбырлардың жүк айналымы 12,6 млрд ткм құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]