Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

42. Солтүстік-Шығыс Қазақстан: өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны

Солтүстік-Шығыс Қазақстан аймағына Павлодар облысы кіреді. Жерінің көлемі 125 мың шаршы км тең, халқының саны 927 мың адам, оның 62% қала тұрғындары. Орта есеппен алғанда 1 шаршы км. шаққанда халқының тығыздығы 7,4 адамға тең. Оның жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 733 км, ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы 4700 км тең.

Аймақтың шаруашылық келбетін анықтайтын салалар түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, электр - ергетикасы, машина жасау, мұнай өңдеу, жеңіл және тамақ нерксіптері. Бұл аймақта Қазақстанның ЖІӨ-10%, электр- -ергиясының 42% астамы өндіріліп, еңбек қорының 6%, республика халық шаруашылығының негізгі қорының 8% шоғырланған. Солүстік - Шығыс Қазақстанның республика - өнеркәсібінің жалпы оніміндегі үлесі 15% шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде-11,5%. Мұнда халық тұтынатын товарлардың 6%-ке дейіні өндіріліп, Қазақстан товар айналымының 7%-тен астамы қамтамасыз етіледі.

Солтүстік-Шығыс Қазақстан энергетикалық көмірге, табиғи тұздарға және басқа да пайдалы қазбалар қорларына бай. Бұл аймақтық түсті металлургиясы бокситтермен жұмыс істейтін Торғай және Краснооктябрь руда басқармаларымен және алюминий тотығын шығаратын Павлодар алюмині заводымен (ПАЗ) негізделінеді.

ПАЗ-ды "White Sven Ltd" ағылшын компаниясының басқаруына бергенге дейін жылына 300 мың тоннадай боксит және өндіріске қажет қоспалар Австралия және Гвинеядан сатып алынатын. Келешекте бокситке тапшылық тууы мүмкін. Сондықтан 1995 жылы шілде айында Қазақстанда - "Шығыс Аят" өте ірі боксит кен орнын игеру инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Бұл ортақ жобаға Соколов - Сарыбай өндіріс бірлестігі және республика алюминий өнеркәсібінің барлық үш кәсіпорындары (ПАЗ, Торғай және Краснооктябрь кен басқармалары) қатысады. Жобаны исланд "Айведон Интернейшнл ЛТД" және ағылшын "White Sven Ltd" шет ел компаниялары қаржыландырады. "Шығыс Аят" кен орнының қорының көлемі 90 млн. т. Бағаланылады, рудада алюминийдің орта дәрежедегі үлесі 42%. Келешекте осы кен орны ПАЗ-дың негізгі шикізат базасы болады.

Бұл аймақтың қара металлургиясы республиканың ферроқорытпа өнімінің 81% өндіретін Ақсу ферроқорытпа заводына сүйенеді. Ақсу, Ақтебе ферроқорытпа заводтары және Дон тау-кен байыту комбинаты үшеуі бірігіп "Казхром корпорациясын құрды. "Казхром" корпорациясы "Жапон Хром" жапон компаниясының басқаруына берілді. Қазіргі кезде "Казхром" корпорациясының өнімі республикаға түсетін валютаның маңызды көзі. Тек Ақсу заводы жылына 1 млн. т. дейін әр түрлі фракциялық жоғары сапалы ферроқорытпа өндіреді, оның 60%-і экспортқа кетіп, республикаға жылына 100 млн. АҚШ долл. молшерінде кіріс келтіреді.

Павлодар қаласында Омбы-Павлодар әрі қарай Шымкентке дейін созылатын мұнай құбыры арқылы Батыс Сібірден келетін шикі мұнайды өңдейтін ірі завод жұмыс істейді. Бұл заводтың жылына 7,5 млн т. дейін мұнай өңдейтін қуаты бар. Ол бензин, мазут, дизель отынын, мұнайбитумін, сұйық газ, күкірт шығарады. Келешекте Павлодар мұнай өңдейтін заводтың қуаттылығы екі еседен астам өспек. Регионда машина жасау өнеркәсібі де дамыған. Павлодар трактор заводының негізінде "Павлодартрактор" концерні құрылған және Павлодар құрастырмалы механизмдер жасайтын заводы жұмыс істейді. Павлодар қаласында косметика және дәрі - дәрмек өндіретін шағын кәсіпорындарды біріктіретін "Космоформ" концерні құрылған.

Регионда көмір Екібастұз және Майкүбі кен орындарында шығарылады. Біріншісінің негізінде "Екібастұз көмір" өндіріс бірлестігі құрылған.

2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың халқы 752,4 мың адамды немесе Қазақстанның барлық халқының 4,6% ( республика бойынша 8-ші орын) құрады.Экономикалық белсенді халқы 447,2 мың адамды немесе Қазақстанның барлық ЭБХ 5,2% құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]