Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

35. Қр темір жол көлігінің даму проблемалары

Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі Қаз.н эк.н дамытуда басты роль ойнап, жолауш.р мен жүк.ді тасымал.ң негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекет.ң көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қаз.н темір жол торабының инфрақұрылымы респуб.ң барлық аймақ.н өзара байланыс.п, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федер.мен.ҚР.ң территор.ң үлкендігі және көптеген ірі кәсіпор.ң шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекет.ң темір жол.ң ролі барлық отандық эк.ка үшін стратегиялық маңызды. Жүк.ң көптеген түр.і үшін темір жол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік болып табылады.Халық шару.ң барлық сала.н біріңғай жүйеге біріктіретін теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуі, Қаз.ң тұрақты эк.қ өсуінің қажетті шарты б т. Осыған орай, оның тұрақты қызмет етуі үшін қажетті шарт.мен қамтамасыз ету белгілі бір ресурс.ды қажет етеді. Бірақ та, объективті себептерге байланысты соңғы 10 жыл ішінде қозғалмалы құраммен инфрақұрылымға инвестициялар бағытталмаған десе де болады. Нәтижесінде белгілі бір уақыт ішінде негізгі құралдардың тозуы бет алды.ҚР теміржол көлігінің проблема.ы:Теміржол көлігін дамуту бағдарларымен қатар жүйелік күрделік.мен түйісіп қалады. Қолда бар парк.ді сақтап қалу үшін жылына қатардан шығып кеткен 3 мың вагонды алмастыру керек. Жолаушылар вагондардың дефицитi 2008 жылда 315 орын, 2009 жылы - 583 орынды құрады , ал 2012 жылға 920 орынды құрауы мүмкін

36. Автомобиль көлігінің жалпы сипаты және жұмыс істеу проблемалары.

Автомобиль (гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.

XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.

Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.

Автомобиль көлігін дамытудың негізгі шарты автомобиль жолдарының қалыптасуы.Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі қалыптаспаған,сондықтан автопарктерде толықтыру қазіргі кезде өзекті мәселеге айналып отыр.Республикада жабдықталған автомобиль жолдарының тапшылығы жүктерді автомобиль транспортымен тасымалдауды қымбаттатуда.

Автомобиль көлігі-қысқа қашықтыққа жүк және жолаушы тасымалдауда,жүкті қақпадан қақпаға жеткізуде ыңғайлы көлік түрі болып табылады.Еліміздегі ең ірі автомагистраль-оңтүстік аудандар арқылы өтеді.Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент автомобиль жолы.Қазақстан арқылы 5 халықаралық маршрут өтеді:

1.Алматы-Астана-Қостанай

2.Алматы-Петропавл-Омск

3.Алматы-Семей-Павлодар

5.Шымкент-Ақтөбе-Орал

Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді.

1-дәліз: Қорғас – Алматы – Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.

2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Орал – Ақтөбе — Қызылорда – Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.

Автомобиль көлігі.

3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Петропавловск – Астана – Алматы – Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.

4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) – Павлодар – Семей – Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.

5-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Челябі) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 км болатын маршрут – Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі.

6-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Қорған) – Петропавл – Есіл – Арқалық – Жезқазған – Қызылорда – Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол.

7-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахан) – Атырау – Бейнеу – Түрікменбашы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]