Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

25.Қазақстанның түсті металлургиясының дамуы және орналасуы

Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі қуатты өндіріске айналды. Бұл кезеңде Мырғалымсай-Березовск кеніштері алғашқы өнімдерін берсе, Текелі қорғасын-мырыш комб-ның 1-кезегі пайдалануға берілді, Белоусовск және Березовск байыту комб-тары іске қосылды. 1943 ж. Ақшатау вольфрам комб. өнім бере бастады. Шымкент қорғасын з-тының қуаты едәуір ұлғайтылды. Қазақстанда соғыс жылдары жауға атылған 100 оқтың 86-сы Қазақстан металынан құйылды. 1955 ж. қызыл мыс қорыту 3,1 есе, тазартылған қорғасын өндіру 5,9 есе өсті. Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нде озық технол. үдерістер мен жаңа техника түрлерін игеріп, өндіріске енгізу кеңінен қолға алынды. 1965 ж. Мырғалымсай кенішінің кеншілері көлбей үңгілеу бойынша шыңтасты 10 м2 кеңдікте тік жарып, 1237,6 м жерді 31 күнде үңгіп шығып, рекорд жасады. Ал өскемен қорғасын-мырыш комб-нда мырыш концентраттарын “қайнаған қабатта” күйдіру әдісін игеру жабдықтардың жұмыс өндірімділігін 3 – 4 есе өсірді. Жалпы жер асты жұмыстарында өздігінен жүретін жоғары өндірімді жабдықтар кеңінен пайдаланыла бастады. 9-бесжылдық кезінде түсті металлургия саласында жаңа техниканы енгізу жөнінде 500-ден астам өте маңызды шаралар жүзеге асырылып, өндіріске жұмсалатын шығын көлемі 75 млн. сомға кемітілсе, еңбек өнімділігі 7,5%-ға өсті. Осы жылдары кешенді түрде механикаландырылған цехтар саны 5,7 есе көбейіп, автоматты басқару жүйесінің алуан түрі молынан пайдаланылды, 50-ден астам автоматтандырылған телімдер жұмыс істеді. Қазіргі таңда Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі 50-ге жуық түсті, сирек, асыл металдар өндіреді, осы металдардың негізінде 70-ке жуық бұйым түрлерін шығарады, олар шетелдерде жоғары сұранысқа ие және әлемнің 30-дан астам еліне экспортқа шығарылады. Түсті металлургия құрылымының 47%-ы қорғасын-мырыш, 30%-ы мыс, 8%-дайы алюминий өнеркәсібінің үлесіне тиеді, ал 15%-ы басқа салалардың (алтын өнеркәсібінің, титан-магний, вольфрам, молибден, сирек металдар өнеркәсібінің) үлесінде. Қорғасын-мырыш өнеркәсібі Шығыс, Оңт. және Орт. Қазақстанда, мыс Орт. және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Алтайдағы металлург. қайта өңдеу кәсіпорындарының екеуі өскемен қорғасын-мырыш комб-нда. Металлургия з-ттарын кентаспен және концентраттармен қамтамасыз ететін 8 кен байыту комб. – Ащысай полиметал комб. (Кентау), Шалқия кеніші (Қызылорда облысы), Шығыс Қазақстан мыс-хим., Зырянов қорғасын, Ертіс полиметалл комб-тары (Шығыс Қазақстан облысы) Жәйрем және Қарағайлы кен байыту комб-тары (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш комб. (Алматы облысы) жұмыс істейді. Мыс өндіретін, қорытатын кәсіпорындар Орт. және Шығыс Қазақстанда шоғырландырылған. Олар Жезқазған, Саяқ, Қоңырат кеніштерінің кентастары мен Алтайдың мыс концентраттарын пайдаланады. Олар – Балқаш және Жезқазған кен металлургия комб-тары, Ертіс мыс қорыту з-ты. Павлодар алюминий з-ты Қостанай мен Ақмола облыстарында өндірілетін боксит кентастары негізінде жұмыс істейді. “Қазақмыс”, “Қазақмырыш” сияқты корпорациялар нарық талабына сай көп салалы, түпкі өнім шығаратын кен металлургия кәсіпорындарын біріктіреді. Қазақстанда дұрыс экон. саясат жүргізілуі нәтижесінде республикада Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің қуатты әлеуеті қалыптасты: түсті металдарды өндіру көлемінің соңғы он жыл бойына серпінді қарқынмен өсуі байқалды. Қазіргі таңда кен өндіруді, концентратты қайта өңдеуді және түрлі өнім (катодты мыс, қорғасын, т.б.) шығаруды ұлғайту мақсатымен түсті металлургияда жыл сайын миллиардтаған теңге инвестиция жұмсалады. Жаман Айбат және Артемьевск кеніштерін салуға алғашқы кезеңде 8,2 млн. доллар қаражат жұмсалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]