Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

22.Қр газ өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы.

Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игер- ген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.Қазіргі кезде республ.да 100-ге жуық газ қоры барланды. Қазір Қаз.да 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:Қазақ газ өңдеу зауыты.Теңіз газ өңдеу зауыты.Жаңажол газ өңдеу зауыты. Қарашығанақ өңдеу кешені.Қаз.н газ өнеркәсібіне республика аумағы арқылы өтетін  Бұхара – Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий  және  Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1,2 млрд. м3. Қаз.қ Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.Дербес газдың қоры жағынан Қаз.н барланған газ қорының 90 %-ына иелік ететін 23 елдің ішінде 16-шы орынды иеле- неді. Қаз.н дүние жүз.гі газ қор.ң 1,3 %-на ие.Газдың барланған қор.ң 97 %-ға жуығы Батыс Қаз.н аймақ.да, оның 75 %-ы Батыс Қаз.н обл.да, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыс.ң үлесіне 7-8 %-дан келеді. Газдың басым белігі Қарашығанақ кенор.да шоғыр.н. Респуб.ң газдық потенциалы Каспий теңіз айдын.ң табанынан жаңадан ашылған газконденсатты-мұнайлы кенорындар есебінен артатын болады. Дербес газдың жыл сайынғы енімінің 80 %-ын Батыс Қаз.н обл, 13 %-ын Маңғыстау обл. қамтамасыз өтеді, қалған белігі езге обл.р мен аудан.ң үлесінде. Газ өндіру деңгейін Қарашығанақ, Имашев, Чинарев, Ұрықтау, Жаңажол, Теңге, Жетібай, Оңт.к Жетібай, Амангелді, Шағырлы Шемішті кенорындары және кенорын.ң Прорва тобы қамтамасыз етеді.Елімізде газ өнеркәсібі саласында «Қазтрансойл», «Іскергаз» компаниялары, «Қазақгаз өнеркәсіп» мем.к газ концерні,т.б қызмет атқарады

23.Қр химия өнеркәсібі, оның орналасуы және дамуы

 Қазақстандағы химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. өнеркәсіптің әртүрлі салаларының, ауылшаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.

Қазақстандағы химия және металлургия  салалары бойынша негізгі ірі кәсіпорындар - өскемен, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі, жүйелі түрде жоғары болу тенденциясы байқалады және негізгі ластағыш заттар қауіптілігі жоғары класқа жатады. Аэрокосмостық мәліметтер бойынша, аталған кәсіпорындардың әсер ету аймағы, ластану көзінен 60км қашықтыққа дейін созылуы байқалады және қалалардың көпшілігінде ауыр металдардың мөлшері, зияны жоқ жоғары концентрациясы (ЗЖЖК) деңгейінен бірнеше есе асып түседі.

Химия өнеркәсібі негізгі шикізат ретінде Оңтүстік пен Батыс Қазақстанның фосфорит қорларын, мұнай мен мұнай өнімдерін, металлургия өндірісінің қатты қалдықтары мен газ тастандыларын (мысалы, күкіртті газ), Солтүстік пен Оңтүстікте бар әртүрлі тұз қорларын, дәрілік қасиеті бар өсімдіктерді, т.б. қолданады. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев таблицасында келтірілген 107 элементтің 99 табылған, оның 78 зерттелген, 63 пайдаланылады.

Қазақстанда химия өнеркәсібінің қалыптасып дамуы Бөген мен Шаян өзендерінің жағалауларында өсетін жусанның негізінде салынған Шымкенттің сантонин зауыты мен кішігірім сабын, желім және тұз шығаратын кәсіпорындардан басталған.

Қаратау фосфориттерінің негізінде Оңтүстік пен Батыс Қазақстанда фосфор өндірісі жолға қойылып, «Қаратау» кен-химия комбинаты, Тараз супер фосфат, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Жаңатас қаласында байыту фабрикасы, Шымкент фосфор зауыты іске қосылды.

Ақтөбе аймағында да фосфориттің үлкен қоры табылып, бұл өз еліміздің солтүстігін ғана емес, Ресейдің де көптеген шаруашылықтарын фосфор  тыңайтқыштарымен  көп жылдар бойы қамтамасыз етіп келеді. Ақтөбе фосфориттерінің сапасы жоғары болғандықтан, ол ешқандай өңдеусіз қышқылды топырақтарға пайдаланылады. Және де ашық әдісті пайдалануға болатынына байланысты ақтөбелік фосфориттерден алынатын өнімдердің өзіндік құны анағұрлым төмен.

Ақтөбе қаласында халықшаруашылығына үлкен маңызы бар деп химия зауыты мен хром қосылыстарын шығаратын зауытты атауға болады. Олар натрий бихроматын, сульфитін, пигментті бояулар шығарады.

Мұнау негізінде полиэтилен мен полипропилен шығаратын Атырау химия зауытының, ағылымға берікті және көбіктенген сапалы полистирол өндіретін Ақтау пластмасса зауытының, 39 түрлі өнім шығаратын Қарағанды синтетикалық каучук зауытының (1942 жылы іске қосылған, Теміртау қаласында орналасқан, қаріргі кезде ол «Карбид» өндіріс бірлестігі деп аталады) Қазақстан экономикасының дамуына, сонымен қатар экономикалық байланыстардың шет елдермен экспорт пен импорт негізінде көбеюіне қосатын үлестері зор.

Химия өнеркәсібінің Қазақстанда дамуына осы саламен металлургия саласының бірлесіп, яғни металлургия қалдықтарынан, қосалқы өнім ретінде бөлініп шыққан заттарды шикізат үшін пайдалануына байланысты. Мысалы, Шығыс, Орталық және Оңтүстіктегі металлургия өнеркәсібінен шығатын өндірістің жанама газдарынан күкірт қыщқылы алынып, осы аймақтардағы ірі фосфор тыңайтқыштарын шығаратын өндірістерге беріліп отырылады. Экономистердің есебі бойынша тасталатын жанама металлургиялық газдардан алынған қышқылдан екі есе арзанға түседі және 1 тонна өнімге жұмсалатын тиісті қаржының мөлшері де 2,1 есе төмен.

Химия өнеркәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сантүрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндерін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы заттар қатарына кіреді.

Бұл салада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі қиындау, өйткені қолданылатын аспаптардың (агрегаттардың) көпшілігі ескірген, олардың 60%-не жуығы 10 жылдан артық, 20%-тейі 20 жылдың үстінде ұсталғандар, ал 10%-нің пайдалануда жіберілетін тастанды газдардың 90% тазалау циклынан өткізіледі.

Газды, сұйық пен қатты түрде тіршілік ортаға тасталатын негізгі заттарды атап өтсек, бұлар – көміртек, күкірт, азот оксидтері, көмірсутектер, аммиак, фенол, күкіртті сутек, күкіртті көміртек, бензин, олефинде, ауыр металдардың қосылыстары, беттік активті заттар, спирттер, әртүлі қышқылдар, фосфогипс, тұздар, т.б.

Химия өнеркәсібіне байланысты әлі ойдағыдай шешімін таба алмай келе жатқан проблемалардың бірі фосфор өндірісінің қалдықтары фосфогипс пен галит мәселесі. Көп мөлшерде жиналған бұл қалдықтар айналымға қажетті көптеген жер көлемін алып жатуымен қатар, біраз мөлшерде топырақты ластап қышқылдандыруда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]