Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177.13 Кб
Скачать

1.Қазақстан экономикасы курсының экономикалық пәндер арасындағы орны. Курстың пәні және мәселелері.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жолдарымен таныстыру. Жалпы тарихи-экономикалық шолу келесі кезеңдерді қарастырады “өткендегі-қазіргі кезде-болашақта» және экономиканың “сала-аймақ-барлық халық шаруашылық” байланысын зерттеу.

Міндеттері:

- Қазақстан экономикасының құрылымын және оның ерекшеліктерін зерттеу;

  • Қазақстанның орнықты даму траекториясына өту жағдайында экономиканың өзекті мәселелерін зерттеу және талдау;

  • Аймақтардың даму деңгейін бағалаумен және аймақтық саясат бағыттарын талдаумен байланысты арнайы білімдер жүйесін иеру;

  • Әлеуметтік-экономикалық процестерді, кәсіпорынның және бүкіл елдің сыртқы экономикалық қызметін зерттеп, талдау үшін сараптамалық ақпараттарды пайдалану әдістерін қолдана білу.

Пәнді оқытудың нәтижелері

Курсты оқыту барысында алынған білімдер республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы нақты мәселелерді талдауда теориялық негізі бола алады, сонымен қатар алынған білімдер Қазақстанда қызмет ететін отандық және шет елдік компаниялардың жұмыс істеуінің әдістері мен құралдарын, ерекшелік қағидаларын айқындауға және ашуға мүмкіндік береді.

2.Қазақстанның шаруашылық келбетін анықтайтын халық шаруашылығының маңызды салалары

Қазақстанның шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергет., металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау обл-нда. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т). Маңғыстау обл-ндағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат. Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).

Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды.

Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл комб. өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа з-ттары жұмыс iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 97 ж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технол. тiзбекпен байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акцион. компаниясы.

әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда.

Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комб-тары жұмыс iстейдi. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]