
- •Қай мемлекеттi алса да билiктiң конституциялық-құқықтық құрылымын анализдеу кезiнде ондағы саяси партиялардың орны мен маңызын бiлу қажет.
- •1. Қоғамдық ұйым, яғни партияға мүше болу әркiмнiң өз еркi.
- •Президенттiк:
- •Парламенттiк:
- •Аралас республика:
- •Монарх (король, королева);
- •Парламент (монархпен бiрге);
- •Басында премьер-министр бар министрлер кабинетi (Үкiмет).
Шетелдердiң конституциялық құқығының қайнар көздерi. Негiзгi қайнар көзi – Конституция. Конституциялық органикалық және жай заңдар. Соттық прецеденттер және конституциялық қадағалау органдардың шешiмдерi. Конституциялық салт–дәстүр (конституциялық келiсiмдер, конвециялық нормалар). Елбасы және Үкiмет (регламентарлық актiлер) қабылдаған нормативтiк актiлер. Парламенттiк регламенттер. Доктринальды қайнар көздер. Мемлекет аралық интеграцияның органдарының актiлерi.
Құқықтық тәртiптi нығайту және реформалау кезiнде құқықтық ғылымның ұсынған шешiмдерi – егерде ол салыстырмалы құқықтық әдiске сүйенiп шешсе нәтижелi болуы ықтимал. Сондықтан осы салыстырмалы құқықтық әдiс, қай шетелдiң құқықтық жүйесiнiң қандай күрделi мәселелерiнiң қандай жолмен шешiлгендiгiн ескере отырып, оны ұлттық құқықтың сәйкестелген саласында қолдануға болады.
Конституциялық құқық құқықтануда үш аспектiде қарастырылады:
нақты мемлекеттiң құқық саласы ретiнде;
ғылым ретiнде;
жоғары заң бiлiмi жүйесiндегi оқу пәнi ретiнде.
Конституциялық құқық ғылымына 18 ғасырда саяси философия көп әсер еттi (Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Локктың еңбектерi). Осы аталғандардығ еғбектерiнде көптеген қағидалар, конституциялық-јґјыјтыј доктриналардыЎ жасалуына мҐмкiндiк туЈызды. Конституциялық-құқықтық доктрина жеке дара болып қана қоймай, юриспруденцияның басты, негiзгi саласы болып табылады.
Бұл қағидалар:
халықтық егемендiк;
билiктi бөлу;
конституцияның жоғарылығы;
негiзгi құқықтардың ажырамайтындығы.
Шетелдердiң конституциялық ғылымы – барлық мемлекеттердiң конституциялық құқықтық сала ретiнде және оның реттейтiн қоғамдық қатынастары туралы ғылыми ұсыныстардың, идеялардың, көзқарастардың, қағидалардың жүйесi.
20 ғасырдың 2-шi жартысы – конституциялық құқық ғылымына мәндi позитивтi өзгерiстер ене бастады. Оған қазiргi кезде конституциялық құқықтық доктрина деп мiнездеме беруде. Бұл кезең тарихи тәжiрибеден тоталитарлық мемлекеттiлiктiң қаупiн түсiне бiлдi.
Батыс Еуропа және Жапония елдерiнде екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн жаңа конституциялар қабылдана бастады. Негiзi демократиялық қағида. Кейiн социалистiк жүйе құлағаннан кейiн, осыған ұқсас конституциялар Орталық, Шығыс Еуропа елдерiнде қабылданды. Бiрiккен ұлттар ұйымының қызметiмен көптеген конституциялық қағидалар – халыјаралық-құқықтық үлгi мазмұнына ие болды.
Шетелдердiң контитуциялық құқығы - құқық саласы ретiнде оның нормалары ненi реттейтiнi анықтап алу қажет. Конституциялық құқықты - кез-келген елдiң ұлттық құқығы саласы ретiнде қарастыру үшiн оның пәнiн бiлуде туындайтын көзқарастарды Үш топқа бөледi:
конституциялық құқықтың реттеу пәнi қауымдық билiктi жүзеге асырады;
осы құқықтың нормалары ненi қорғайды, кепiлдендiредi деген сұраққа жауап бередi;
аталып өткен екi топтың үйлесiмдiлiгi, яғни, қауымдық билiк пен адам бостандықтарының өзара әрекетiн қамтамасыз етедi.
Конституциялық құқық қоғам мен мемлекеттiң құрылысының негiзiн құрайтын, мемлекеттiк билiктi тiкелей жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Бұл қатынас адам, қоғам және мемлекеттiң әрi мемлекеттiк құрылыс пен оның қызметiн анықтайтын негiзгi қатынастар.
Конституциялық құқықты реттеу әдiсi - заңдылық күшi жағынан көбiнесе қоғамның, жеке тұлғалардың, мемлекеттiң мүдделерiн қамтиды. Олар мына әдiстер арқылы жүзеге асырылады:
конституциялық реттеудiң көмегiмен қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси, дiни өмiрiнiң дамуын анықтайтын өзектi қағидалар мен ережелер бекiтiледi;
әдiстiң халықтың жалпы мүддесiнiң ең жоғарғы деңгейде қорғауды қамтамасыз етедi;
қоғам өмiрiнiң маңызды салаларының ұйымдастырылу негiздерi жалпы түрде бекiтiледi;
әдiстiң көмегiмен қоғамның бiртұтас дамуының келешегi анықталады.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарға мынадай жолдармен әрекет ете алады:
а) қоғам мен мемлекеттiң құрылысының ең маңызды әлеуметтiк, экономикалық қағидаларын бекiтедi;
ә) конституциялық қатынастардың субъектiлерiнiң мәртебесiн анықтайды;
б) кейбiр әрекеттердi жасауға тыйым салады;
в) аумајтық ұйымдастырудың құрылымын анықтайды.
Конституциялық құқықтың басқа құқық салаларынан шектелуiнiң қосымша негiзi - құқықтық реттеудiң әдiсi, яғни қоғамдық қатынастарға құқықтың әрекет етуiнiң әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жиынтығы:
Шетелдердiң конституциялық құқығының институттары – бiртектес, бiрiмен-бiрi өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтiн, әрi жеке топты құрайтын конституциялық құқықтық белгiлi бiр нормаларының жүйесiн бiлдiредi. Олардың қатарына, адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесi, сайлау құқығы, конституциялық қадағалау, президенттiк институты, азаматтық және өзге де институттар жатады. Бұл iрi институттардың өздерi бiрнеше бөлiктерден құралады. Мысалы, сайлау құқығы институты – сайлау құқығы (субъективтi мазмұндағы) және сайлау процесi тәрiздi жеке институттардан тұрады. Ал, сайлау процесiнiң өзi бiрнеше кезеңдерден тұрады (сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну) және т.с.с..
Шетелдердiң конституциялық құқығының қайнар көздерi:
конституция;
конституциялық және органикалық заңдар;
заңдар;
атқарушы билiк органдарының заңға бағынышты актiлерi;
соттық прецеденттер;
конституциялық әдет-ғұрыптар;
дiни мәтiндер;
доктринальды қайнар көздер және т.б..
Шетелдердiң конституциялық құқығының субъектiлерi екi үлкен топқа бөлiнедi: жеке топтар және қоғамдық құрылымдар. Бiрiншi топ субъектiлерiне – азаматтар, шетел азаматтарының тобы, сайлаушылар (электорат) және депутаттар, олардың топтары (Италияда, сайлаушылар топтары заңшығарушылық ұсыныстарына ие болатын субъектiлер болып табылады).
Ал, екiншi топтың субъектiлерiне – мемлекет бiртұтас ретiнде, оның органдары, кей жағдайларда жекелеген бөлiктерi (палаталар, комиссиялар, парламенттегi саяси топтар) және аумақтық бiрлiктер, мекемелер мен жеке басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер жатады. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастарда жоғарғы рөлдi мемлекет атқарады. Конституциялық құқықтың субъектiсi ретiнде мемлекет органдары мақсаттарға сәйкес белгiлi өкiлеттiктерге ие болады (заңдар шығару, басқа органдардың қызметiн бақылау, заңдарды орындау). Бұл қатынастарда олар билiк өкiлеттiгiн атқарушы ретiнде немесе бағынышты субъект ретiнде, ал кейбiр жағдайларда келiсiмдiк қатынастардың теңқұқылық қатысушылары ретiнде жұмыс атқарады. Аумақтық қауым өздерiнiң құқықтарын өз органдары арқылы немесе тiкелей референдум жолымен жүзеге асырады.
Конституцияны қабылдау тәртiбi, толықтырулар мен өзгертулер енгiзу тәртiбi бойынша түрлерi. Конституцияның мазмұны. Конституционализм концепциясы, билiктi бөлу және адамның табиғи құқықтары теориясымен сәйкес – конституцияны қабылдаудың мақсаты, мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру шарттарын көрсету, билiк тармақтарының бiр-бiрiмен қатынас кезiнде және адам тұлғасына қатысты жүзеге асыру кезiнде шектен шықпауды бекiту болып саналады.
"Конституция" терминi - латын тiлiнен аударғанда (constitutio) бекiту деген мағынаны бiлдiредi.
Конституция – қоғамның нарықтық және рухани даму мәнiнiң саяси-құқықтық формасын көрсететiн, күрделi тарихи, әлеуметтiк және заңды құбылыс. Конституция – қоғамдық және мемлекеттiк құрылысты анықтайтын, билiк органдарының тәртiбi мен қағидаларын құрайтын, адам мен азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiн, сайлау жүйесiн қалыптастыратын, өкiлеттiк органмен ерекше тәртiпте немесе референдумда халықпен қабылданатын, мемлекеттiң ең негiзгi нормативтiк құқықтық актiсi болып табылады.
Конституциялардың модельдерi:
Либеральдық – конституцияны реттеу пәнiнiң шектелуi, табиғи құқықтар. Реттеу объектiсi – мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру және тұлғаның мәртебесi;
Этатистикалық – қоғамдық қатынастарды, пәндердi кеңейту шараларымен сипатталады. Қоғамда реттелмей қалатын жеке сала болмайды;
либеральды-этатистикалық.
Конституциялардың топтастырылуы. әр елдiң конституциялары қабылдану нысаны, құрылымы, қабылдау тәртiбiне қарай ерекшеленедi. Қабылдау сипатына қарай: жазылған және жазылмаған. Жазылған – жоғары заңдық күшi бар, қабылдануы ерекше және күрделi. Жазылмаған – конституциялық сипаттағы нормативтiк актiлер, қабылдануы жай заңдарды қабылдау тәртiбiндей (Ұлыбритания, Жаңа Зеландия). Парламентпен қабылданатын конституциялық мазмұндағы актiлерi конституциялық келiсiмдермен, прецеденттермен толықтырылады. Ұлыбританияда конституциялық мазмұндағы бiрнеше билльдер, келiсiмдер, прецеденттер, доктриналар - конституциялық құықтық қайнар көздерi ретiнде қарастырылады.
Конституцияны қабылдаудың негiзгi тәсiлдерi:
парламентпен – көп таралған түрi. Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3 (кей мемлекеттерде 3/5, 3/4) дауысымен қабылдануы. Конституцияны қабылдау кезiнде қос вотум қолданылады. Яғни, конституцияны қабылдау немесе түзетулер енгiзу кезiнде екi рет дауыс берiледi. Парламенттiң бiр сессиясы, бiр легислатурасы шегiнде (1996 жылғы Украинаның Конституциясы ең алдымен абсолюттiк көпшiлiкпен, одан кейiн бiлiктiлiк көпшiлiкпен) бекiтiледi, ал, Бельгия, Голландия, Испания елдерiнде конституцияны қабылдау үшiн парламент арнайы қайта сайланады және жаңа құрамымен конституцияны қабылдайды;
халықпен референдумда – кең таралған тәсiл, кей мемлекеттерде конституция ең алдымен парламентте, одан кейiн референдумда бекiтiледi;
құрылтайшылық жиылыспен – конституция қабылдау үшiн сайланатын ерекше орган. Олар әр түрлi аталады: Конвент, конгресс, құрылтай жиылысы (АҚШ, Италия, Португалия, Таиланд және т.с.с.). Бұл аталған органдар: егемендi және егемендi емес (яғни, қабылданғаннан кейiн референдумға жiберiледi) болып екiге бөлiнедi;
октроирленген – монархтың немесе мемлекет басшысының конституцияны сыйға тартуы. Метрополиялар өздерiнiң отаршылдығынан босаған мемлекеттерге конституцияларын сыйлаған (Ұлыбритания, Голландия).
Конституцияларды қабылдауға әсер ететiн факторлар:
- қоғамдағы таптық күштер;
- конституцияны әзiрлеу және қабылдау кезiндегi қоғамдық көзқарас, пiкiр;
- халықтың менталитетi;
қоғамдағы мәдениеттiң деңгейi;
қоғам мен мемлекеттiң өткен тарихи жағдайы;
басқа мемлекеттердiң конституцияларының әсерi;
билiктiң шынайы түрде қоғамның қай қабатының қолында болуы;
шетелдердiң басып кiруiне байланысты;
өндiрiстiк күштер мен өндiрiстiк қатынастардың даму деңгейi, меншiктiк қатынас.
Азаматтықты алудың 2 негiзгi тәсiлi:
филиация (дүниеге келу фактiсi);
натурализация (азаматтықты өз еркiмен өтiнiш беру арқылы алу).
Филиация – қандай да бiр әрекеттi жасауды қажет етпейдi, оның екi негiзгi қағидасы қолданылады: "қанды құқық" және "топырақ құқығы". Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттiк құрылыс пен билiктi ұйымдастыру мәселелерiне қарай қазiргi конституциялардың негiзгi реттеу пәнi болып табылады.
Жалпы негiзде адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастырып қарастырады:
табиғи және жағымды (позитивтi);
жеке;
саяси;
Әлеуметтiк;
экономикалық.
Сайлау жүйесi. Мажоритарлық және бара-бар (пропорциональды) сайлау жүйесi. Пропорциональды сайлау жүйесi бойынша мандаттарды бөлу әдiстерi. Сайлау квоталары (Хэр, Гогенбах-Бишоф, Друп сайлау квоталары). Бөлу әдiстерi: Империалли, Сент-Лагюэ, Д.Ондт, дат.
Аралас сайлау жүйелерi. Симметриялық және асимметриялық. Дәстүрлi емес сайлау жүйелерi – шектелген вотум, кумулятивтi вотум, панашаж.
Референдум - жариялану қажет дегендi бiлдiредi. Референдум түрлерi: факультативтi (консультативтi) – референдумға шығарылған мәселенi шешудiң өзге де жолы болса; конституциялық (конституциялық реформа болған кезде, бүкiлхалықтық дауыс беру). Референдумға шығарылмайтын мәселелер:
есеп (бюджет);
салық;
амнистия (кешiрiм).
Плебисцит – халық шешiмi. Референдумның ерекше түрi. Қарастырылатын мәселелер:
мемлекеттiк тәуелсiздiк;
аумақтың мәртебесiн өзгерту;
мемлекеттiк шекараны өзгерту (Плебисцит Монғолияда 1946 жылы мемлекеттiк тәуелсiздiк немесе Қытай құрамында болу мәселесi жөнiнде жарияланды және халықтың 100 пайызы мемлекеттiк тәуелсiздiктi алуды жақтауы. 1962 жылы Франция және Алжирде Алжирдiң тәуелсiздiгi жөнiнде плебисцит өткiзiлiп, 70 пайыз Алжирлiктер мен 70 пайыз Француздар Алжирдiң тәуелсiздiгiн жақтау жөнiнде дауыс бердi).
Сайлау құқығы формальды – жалпыға бiрдей делiнгенмен, фактiлiк жағынан – оған қатысушылар "сайлау корпусымен", яғни заң бойынша дауыс беру құқығына ие болатын азаматтардың жиынтығымен шектеледi.
Саяси партиялардың әрекет ету әдiсi бойынша: демократиялық, радикалдық, экстремистiк партиялар. Дiнге қатысы бойынша: конфессионалдық. Партиялық жүйе. Көппартиялық, екi партиялық, бiр партиялық.
Қай мемлекеттi алса да билiктiң конституциялық-құқықтық құрылымын анализдеу кезiнде ондағы саяси партиялардың орны мен маңызын бiлу қажет.
Саяси партиялар мәнi бойынша 2 жақты сипатқа ие болады.
1. Қоғамдық ұйым, яғни партияға мүше болу әркiмнiң өз еркi.
Әрбiр нақты партиялар - белгiлi қоғамдық мүдделердiң, көзқарастардың бiр бөлiгiн ғана көрсетедi.
Партия терминi - латын сөзi “Pars”, яғни бүлiк.
Мемлекет нысанын зерттегенде оны екi жақты көзқараспен қарастырады:
гносеологиялық (“Gnosis” грек тiлiнен бiлу, тану, “Logos” түсiнiк), яғни ғылыми танымдық;
Инструментальды - (саяси тәжiрибелiк), яғни мемлекеттiк басшылықтың нәтижелiгi, үкiметтiң тұрақтылығы, оның халықпен өзара қатынасы. Бұл көзқарас конституциялық құқық ғылымында орын алады.
Мемлекеттiң саяси-аумақтық құрылым нысанына қарай:
унитарлы, яғни бiртұтас, мемлекеттiң құрамдас бөлiгi жеке саяси өзiндiлiкке ие болмайды;
федеративтiк – ерекше саяси-құқықтық мәртебеге ие болатын, бiрнеше мемлекеттiк бөлiктерден тұратын – одақтық мемлекет;
конфедерацияны федерациядан айыра бiлу қажет. Конфедерация – егемен мемлекеттердiң халықаралық құқықтық бiрлiгi. Оның мақсаты әр түрлi: әскери, саяси, экономикалық. Швейцария, Бiрiккен Араб Эмираты тәрiздi ол федерацияға дейiн көтерiлуi немесе таратылуы мүмкiн. Конфедеративтiк органдар тек конфедеративтiк келiсiм-шарттарда көрсетiлген жағдайда ғана өзiнiң мүше мемлекеттерiне императивтi түрде үстемдiк билiкке ие бола алады.
бикамерализм - парламенттiң екi палаталы iшкi құрылымы. Жоғары палатаға – Федерация субъектiлерiнiң тең өкiлеттiктердiң бекiтiлуi (АҚШ, Австрия).
Федерацияның негiзгi белгiлерi:
аумағы бойынша үлкен, көпұлтты;
парламент – жоғары палата субъектiлердiң мүддесiн қорғайды;
орталық пен региондардың арасы нақты ашылған.
Квазиконфедерация – конфедерацияға қарағанда тығыз, ал федерацияға қарағанда тығыз емес байланыста болады. Көбiнесе метрополия мен оның отаршылдығында болған мемлекеттердiң арасында (Фарер аралдары, Пуэрто-Рико).
Конфедерация – қатты байланыста болмайтын құрылым (1848 жылға дейiн Швейцария, Сирия мен Египеттiң конфедерациясы 1958 жылы құрылған, 3 жылдан кейiн таратылды).
Басқару нысаны – жоғары мемлекеттiк билiктi ашатын, жоғары мемлекеттiк органдардың құқықтық мәртебесiн, осы органдарды сайлауға азаматтардың қатысуы және олардың арасындағы өзара қатынас қағидаларын ашатын мемлекет нысанының элементi.
Басқару нысаны – жоғары билiктi қалыптастыру тәртiбi. Оның критерийлерi:
мемлекет басшысының лауазымын бекiту тәртiбi;
мемлекет басшысының өкiлеттiктерiнiң көлемi;
өкiлеттiктi мемлекет басшысы мен өкiлдiк органның бөлуi;
жоғары мемлекеттiк органдардың жауаптылығы.
Монархия: абсолюттiк – жоғары заң шығарушы және өкiлдiк органның болмауы (ежелде Египте, Қытай мен Вавилонда. Қазiргi кезде - Сауд Аравиясы, Катар, Бахрейн) және конституциялық. Дуалистiк (монарх пен өкiлдi органдар арасында билiктiң тең бөлiнуi – халық өкiлдiк органдардың болуы, парламенттiң өкiлеттiгi шектелген, мемлекеттiң өмiрiндегi басты рөлдi монарх атқарады; үкiметтi монарх тағайындайды; үкiмет монарх алдында жауапты; парламент монарх пен билiктi парламентпен бөлiсуi. Иордания, Марокко. үкiметтiң парламент алдындағы жауаптылығы институты жоқ). Конституциялық монархия – мемлекеттiң басшысының мұрагерлiк институты сақталған, бiрақ шынайы билiк парламентке тиiстi: - монарх билiгiнiң конституция және өзге де заңнамалармен шектелуi; парламенттiң өкiлеттiгiнiң көп болуы; парламенттiң үкiметтi құру құқығы; парламенттiң заң шығаруы және мемлекеттiң күрделi мәселелерiн шешуге араласуы (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Испания, Норвегия).
Парламенттiк монархия - монарх мемлекеттi басқару бойынша нақты өкiлеттiктерге ие болмайды. Монарх парламент қабылдаған заңдарға қол қояды, онда вето құқығы бар, бiрақ ол оны пайдаланбайды. Монарх төлем ақы алмайды, бiрақ цивильдiк параққа ие болады, яғни жылына бiр рет мемлекеттiк бюджетпен көрсетiледi (Жапония).
Сайланбалы монархия - мемлекет басшысы монархтың өз өкiлеттiктерiн сайлану арқылы жүзеге асыруы (Бiрiккен Араб Эмираты, Малайзия – 9 сұлтанаттың федерациясы, 4 республика).
Теократиялық монархия – монарх iрi дiндердiң бiрiн құрайтын дiни культтың басшысы. Католиктердiң Папасы – Ватикан мемлекетiнiң басшысы.
Республиканың үш негiзгi түрлерi және олардың белгiлерi: