Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

11. Ұйымға сыртқы ортадан тікелей әсер ететін факторлар

Стратегиялық  талдау келесі деңгейлерден тұратын орта анализін қарастырады:

    Микроорта – ұйымның ішкі ортасы.

    Мезоорта  – қоршаған ортаның тікелей ортасы.

    Макроорта – қоршаған ортаның жанама ортасы.

    Мегаорта  – үлкен масштабтағы орта, әлемдік  орта.

Сыртқы орта дегеніміз - ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады.

Сыртқы  орта сипаттамалары:

  • Сыртқы ортаның күрделілігі; ол әсер етуші факторлардың көп болуымен анықталады, т.б.

  • Сыртқы ортаның қозғалмалылығы;

  • Сыртқы орта белгісіздігі; ол тәуекелге әсер етуі;

  • Сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы.

Мезоорта (тікелей орта) – ұйыммен нақты және тікелей әрекеттесетін сыртқы ортаның бөлігі. Оған факторлар жиынтығы, жергілікті нарықтағы бизнес субъектісінің қызметінің шарттары, аймақтағы экономиканың даму деңгейі, берілген бизнес суъектісінің жергілікті іскет ортасы кіреді. Фирам қызметіне сонымен қатар экономикалық емес факторлар мен шарттар да әсер етеді – географиялық, әлеуметтік-психологиялық, технологиялық және т.б. Тікелей ортаны талдау саладағы істер жағдайын зерттеуді білдіреді. Саланы талдау өз кезегінде, кәсіпорыннның өмірлік цикл фазаларына сәйкес саланың тартымдылығын бағалауға мүмкіндік береді. Мезоортаны талдау Майкл Портердің бес бәсекелес күш моделі негізінде жүргізіледі.

Тура  әсер ететін факторлар деп - ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар  факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.

    Майкл Портер: «Қандай да бір салада әрекет ететін кәсіпорын үшін бәсекелік күрес стретегиясының мақсаты берілген салада компания ең дұрыс тәсілмен бәсекелес күштер әрекетінен қорғана алатындай және оларға өз пайдасымен әсер ете алатындай позицияны табу болып табылады».

    Портердің бірінші маңызды концепциясы оның көзқарасы бойынша, кез келген саладағы бәсеке өнімділігін анықтайтын негізгі 5 бәсекелестік күштерін айқындайды.

    5 бәсекелестік күштері келесідей:

    1. Салада жаңа бәсекелестердің  пайда болу қаупі.    Ол  қандай да бір салада пайда болған жаңа бәсекелес үшін қиындықтар мен  жеңілдіктерге байланысты. Салаға кіру қаншалықты қиын болса, ондағы бәсекелестер саны да аз және пайда алу мүмкіндігі де әлдеқайда көп болатыны анық.

    2. Сатып алушылардың бағаны төмендету қабілеттілігі. Берілген  күш сатып алушы бір түр  өнімін немесе қызметін басқасымен ауыстыра алу жеңілдігіне байланысты.

    3. Жабдықтаушылардың өз өнімдеріне  бағаны жоғарылату қабілеттігі.

    4. Нарықта сіздің өнімдеріңізді  ауыстыра алатын басқа өнім  мен қызметтердің пайда болу  қаупі.

    5. Саладағы бәсекелестер арасындағы  күрестің қаталдық дәрежесі.

12. Ұйымға сыртқы ортадан жанама әсер ететін факторлар

Сыртқы орта дегеніміз - ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады.

Сыртқы  орта сипаттамалары:

  • Сыртқы ортаның күрделілігі; ол әсер етуші факторлардың көп болуымен анықталады, т.б.

  • Сыртқы ортаның қозғалмалылығы;

  • Сыртқы орта белгісіздігі; ол тәуекелге әсер етуі;

  • Сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы.

    Макроорта – қоршаған ортаның жанама ортасы.

Макроорта кәсіпорындардың әрекетіне  жалпы бірыңғай жағдай жасайды.

Жанама  әсер ететін факторлар ұйым қызметіне  әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері  бұл әсерді басқарып немесе реттепотыра алмайды. Мұндай факторларға жататындар:

  • саяси жағдай;

  • табиғаттық;

  • экологиялық;

  • әлеуметтік;

  • мәдени;

ғылыми-техникалық факторлар болып табылады

      Демографиялық факторлар кәсіпорында көлемін талдау барысында маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымы және білім деңгейіне де ықпалын тигізеді. Соның негізінде тауар өндіруші кімге, қанша және қандй тауар өндіретінін  біледі.

     Экономикалық факторлар  кәсіпорынның әлуетті тұтынушыларын білумен бірге, олардың қанша тауар сатып ала алатынын анықтау ісі маңызды орын алады. әсіресе қазыргі жағыдайда осы факторларды қолану ерекше орын алып отыр.

     Саяси-құқық факторлары кәсіпорынның жұмысын шектейтін заңдылықтарды білу арқылы рынок әрекеттерін бағыттауға болады. Мысалы, Қазақстанда баға, бәсеке, тауар таңбасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, басқа кәсіпорындармен байланысын жақсарту үшін де маңызды рол атқарады.

     Ғылыми-техникалық  факторлары  кәсіпорын жұмысын талдау барысында жаңа тауар өндіруге, тауарды және технологияны жаңартуға, оны іске қосу жолдарын жасауға пайдалы. Соған байлансты ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану нәтижесінде кәсіпорынның қызмет атқаратын ортасы да айтарлықтай өзгереді.

    Табиғи факторлар  қоршаған  ортаның         тазалығын   сақтау0

мүмкіндігін  талдап отырады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]