Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

9. Мотивацияның маңызды теориясы

Әрекет етуге талаптанған адамдардың қажетін анықтау, әсіресе, маңыздылық ауқымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теориясын зерттеу қажет.

А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзіг-өзі жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі.

1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу, және жыныстық қатынас қажеттіліктер жатады.

2. қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділк қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қаіуп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттындырылуы мүмкін.

3. әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сү емелдеушілік сезімі.

4. құрметтеу қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі, мақұлдауы жатады.

5. өзін-өзі көрсету қажеттілігі – өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

А .Маслоу көзқарасы «қажеттілік иерархиясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттілікті қатаң иерархиялық құрылымда орналастыруға болады деп есептеді.

А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы.

10. Ұйымның сызықтық және функционалдық құрылымы. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Сызықтық құрылым өндіріс концентрациясының дәрежесін, технологиялық ерекшеліктерін және шығарылатын өнім түрінлерін есепке ала отырып, өндірістік сипаты бойынша құрылады.

Құрылым қарапайымдылығының артықшылықтары мен кемшіліктері болады:

Артықшылықтары:

  • Басқарушылық шешімдердің қабылдануы мен өткізілуінің орамдылығы;

  • Басқару қызметінің өткізілуінің салыстырмалы қарапайымдылығы.

Кемшіліктері:

  • Өндіріс жүйесіндегі деңгейлес байланыстардың бөлінуі;

  • Бағыныштылармен көптеген байланыстар, ақпараттар тым көп тиеу;

  • Басқару деңгейінің көптігінде басқару шешімдерін қабылдау мен өткізу процесі ұзарады.

  • Құрылымның қаталдығы.

Қолдану саласы:

  • Адам саны 300-500-ге дейінгі жоғары деңгейлі технологиялық және заттық маманданған (металл өңдеу, біртекті қызмет көрсету, құрылымдық, т.с.с.) кәсіпорын;

  • Сыртқы ортаның тұрақтылығы.

Сызықты-функционалдық құрылымдар қоғамның аграрлық бағытына индустриалды және кейіннен күодері техникалық өндірістерге көшу кезінде маңызды роль атқарады.

Артықшылықтары:

  • Функционалды басшылардың жоғары құзыреті;

  • Функционалды салаларда күштердің қосарлануы мен материалды ресурстарды пайдаланудың азаюы;

  • Функционналдық салаларда үйлестірудің жақсаруы;

  • Өнімдер мен нарықтардың әртүрлілігінің тиімділігі;

  • Өндіірстің әртараптануына максималды түрде бейімделу;

  • Процестердің нысандандырылуы мен стандарттау;

  • Қуаттарды жоғары деңгейде пайдалану;

Жетіспеушіліктер:

  • Өз бөлімшелердің қызметі нәтижесіне қатты қызығушылық. Жалпы нәтижелер үшін тек қана деңгейдегі жауапкершілік;

  • Функционалды-аралық үлестіру (координациялау) проблемалары;

  • Шамадан тыс орталықтандыру;

  • Үйлесімділіктің қажеттілігінен, шешім қабылдауға кеткен уақыттың ұзартылуы;

  • Нарықтың өзгеруіне әсері төтенше баяулатылған;

  • Инновация және кәсіпкерлер масштабтары шектелген.

Қолдану саласы:

Орташа және ірі өнеркәсіп орындары, конструкторлы-жобалы және зерттеуші ұйымдар, адам саны болатын өндірістік және ғылыми бөлімшелер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]