Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

8. Ұйымдастыру негіздері. Ұйымдық құрылым құрудағы әртүрлі көзқарастар. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар

Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Ұйымдастыруды басқару қызметі өндірісті дамытудың белгілі алты принципі бойынша құрады: а) мамандандыру; б) пропорционалдық; в) параллельдік (қатарластық); г) дәлділік; д) үздіксіздік; е) ырғақтылық.

Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай теориялық көзқарастар, тұжырымдар (концепциялар) болуы мүмкін.

Классикалық теория өндірісті басқару құрылымын қалыптастыруды мынадай ретпен жургізуді ұсынады: басқару қызметінің мақсаттары мен түрлері айқындау, басқарудың нақты қызметі бойынша іс-әрекет ауқымын есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару қызметін атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқандау.

Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы жұмыскерлердің әлеуметтік рөлін көтеруге негізделген.

Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым ұйым мен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады.

Ситуациялық (жағдайлық) көзқарастың мәні сол, басқару құрылымын құрудың ең қолайлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге сүйенуі тиіс.

Бюрократтық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бір-біріне қарай бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс-тұрысында көптеген ережелер мен нормалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдаумен сипатталады.

Ұйымдық құрылымды қалыптастырған кезде, отандық және шетелдік көп жылғы басқару практикасында оны құрудың ұйымдық принциптерін басшылыққа алу қажет.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыстастырғанда мына принциптер қолданылады:

    1. Жарлық беру мен дербес жауапкершілік принципінің тұтыстығы. Бұл қосарлы бағыныштылықты және қарама-қайшы нұсқау алу мүмкіндігін жояды.

    2. Сызықтық және қызметтік басшылықтың аралығындағы дәл шекараны анықтау принципі. Сызықтық басшылық өндіріс өнісдерін басқаруды жүзеге асыруы, ал қызметтік сызықтық басшылыққа жәрдем көрсету, оны қажетті ақпараттамен, ұсыныстармен жабдықтауы тиіс.

    3. Бақылаудың өрістеу принципі. Бір адам тиімді басшылық ете алатын бағынышты адамдар санын, яғни басқара алу нормасын дұрыс анықтау қажет.

    4. Қызметтік нақты шектеу принципі. Әрбір өндірістік және қызметтік буынның айқын белгіленген жұмысы болуы, басқа бөлімшелердің қызметіне басшылықтың барлық деңгейіне араласпауы тиіс.

    5. Әрбір буын басқарушысы мен лауазымды адамның құқығының міндеті мен жауапкершілігінің сәйкес келу принципі. Тек осындай сәйкестік қана қолайлы шешімді қаьылдауға және жүзеге асыруға нақты жағдай жасайды.

    6. Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық құрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерінің ең аз шығынымен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу қасиеті болу тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]