Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

4. Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты. Менеджерге қойылатын талаптар.

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер-ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.

менеджерлерге қойылатын  талаптар:

  • өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу;

  • жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;

  • бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық;

  • қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;

  • басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;

  • мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;

  • тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.

Сонымен менеджер – басқару саласындағы  нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман.

Менеджердің кәсіби шеберлігі

  1. тәуекелділік

  2. мақсаттылық

  3. ықпал ете білу

  4. байланыс орнатуға қабілеттілік

  5. қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі

  6. ұйымдылық мәдениеті

  7. тәуелсіздік

  8. жан-жақты білім

  9. болашақты ойлау

  10. өзіне сенімділік

  11. өжеттілік

  12. жаңашылдық

Менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай принциптері бар.

- төңірегіңе жақсы жандарды топтастыр, интелегенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;

- өзінің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әректіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблемаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;

- нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жазба біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарына негізделсін, әрі нақты, қысқа, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдер варианты –шағын болсын;

- басшы штаб мен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екі жақтың да жауапкершілігін дұрыс шектей білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі міндеті-басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс учаскесіне дұрыс ықпал ете білу;

- әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;

- сын-ескертпелерді, әр түрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;

- пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің түйінді мақсаты-барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;

- өз жұмыс стиліңді тап, әрі соны қолдан.

5. Әртүрлі бағыттағы мектептердің қосқан үлесі. Ғылыми басқару мектебі мен басқарудың классикалық мектептерінің қараған мәселелері

Басқарудың ғылыми мектебі 1885-1920 

     Мектептің көрнекті өкілдері  – Фредерик Тейлор, Фрэнк және  Лилия Гилберт. Классикалық мектептің  негізін қалаушы болып Фредерик  Уинслоу Тейлор саналады. Тейлорға  дейін еңбек өнімділігін жоғарылату  қозғаушысы  “пәндік” принцип болды – қанша жасасаң, сонша аласың. Дегенмен бұл амал ХІХ ғасырдың басында өзінің қызметін жойды. Өнеркәсіптің дамуымен қоса басқару осындай қарапайым негіздеме алмады. Тейлор еңбекті жеке жұмысшының өз талқылауы алмастыратын көптеген заңдар мен формулаларды, ережелерді шығаратын және статистикалық есеп, өлшеу, олардың қозғалысы арқылы тиімді пайдаланатын еңбекті ұйымдастыруды ойлады. Тейлордың пікірін орындаушы өндіріс процесін толығымен игеруге жағдайы келмеді, әсіресе, ол үнемі өзгеріп тұратын қозғалыс. Осылайша ғасырдың басында басқарушының рөлі орындаушы не істейді, қалай істейді, қандай көлемде істеу керектігі туралы шешумен негізделеді.

       Классикалық мектеп үшін арнайы  сағаттар – микрохронометр және кинокамера арқылы Фрэнк және Лилия Гилберт зерттеулері бір үлгідегі болып табылады және ол сағаттар еңбекті ұйымдастыру 17 қол саусақтарының элементарлы қозғалыстарына негізделгендігін сипаттайды.

  Бұл мектептің  басты негіздері:

• Ғылыми менеджменттің әдістемесінің алғашқы  фазасы жұмыстың мазмұнын талдау және оның негізгі компоненттерін анықтау  болды;

• Жұмыс  операциялары оның неғұрлым тиімді орындалуына  байланысты өзгеріп отырды;

•   Бұл операцияларды шығару нормалары  құрылды;

• Жұмысшылардың  өнімділігінің молаюы мен өндірістің көлемінің өсуіне қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында қолданылды;

•  Жұмысшыларды оқытуға көп мән берілді;

•  Басқару  функцияларының жұмыстың нақты орындалуынан жоспарлаудан болуы;

•   Басқару бойынша жұмыс белгілі  бір мамандық, бірақ өндірісті  басқару жағынан қарастырылды. 

    

Өнеркәсіптің буырқанған дамуы классикалық мектептің ғылыми көзқарастарының ары қарайғы эволюциясын айқындады. Ұйым туралы ғылым теориясында маңызды орын алатыны – Анри Файоль. Тейлордың ойларын ары қарай дамытқан “ғылым менеджменттің әкесі” болып саналатын француз ин,женері – Анри Файоль (1841-1925), ол алғашқы болып менеджменттің толық теориясысын жасаған: оның функцияларын, принциптерін анықтады, басқарудың жоғарғы деңгейінде теориясын дамытты.

     “Жалпы және өнеркәсіптік басқару” жұмысында Файоль алты бағытта көрсетуге болатын әкімшілік қызметтің сферасын көрсетті:

   • Техникалық (технологиялық) қызмет;

   • Коммерциялық қызмет (сатып алу, сату, айырбас);

   • Қаржылық қызмет (капиталды іздеу  және оны тиімді қолдану);

   • Қорғаныс қызметі (меншікті және жеке тұлғаны қорғау);

   • Бухгалтерлік қызмет (инвистиция, баланстық  ведомосттар, шығындар, статистика);

   • Әкімшілдеу (материалдарға да, механизмдерге  де тікелей ықпал етпейді, жеке құрамға  ғана әсер етеді).

     Мектептің басты негіздері:

   • Ұйымның жалпы, ортақ заңдылықтарын, сипаттамаларын орындау, басқарудың жан  – жақты принциптерін құру;

   • Ұйымды басқарудың ұтымды жүйелерін  талдау;

   • Басқаруды анықтау бір – бірімен  байланысты функциялар (жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, біріктіру, бақылаудан тұратывн жан – жақты процесс ретінде);

   • Ұйымды және басқару құрылымын құрайтын принциптерді таңдау (Анри Файольдің 14 принциптері). 

6. АҚШ-тағы және жапондық менеджмент

Н.С.Целищевтің пікірінше,басқарудың жапондық типінің базалық принциптерінің төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші – корпорация мен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі.

Екінші  топтағы принциптерді дара басшылықтан  гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек, көңіл  бөлуі, корпорациядағы адамдарды фирма  ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді  тең правода қарау деп тұжырымдауға болады.

Үшінші  топқа – фирманың жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін үш негізгі күшке  – басқарушыға, басқа жұмыскерлерге  және инвесторларға ықпал ету  мен көңіл бөлу балансын  ұтымды ұстау жатады.

Төртінші  топқа - әр түрлі фирмалармен –  іскер әріптестермен, соның ішінде ең алдымен өнімді тапсырушылармен  және сатып алушылармен алуан  түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.

Аталған принциптерді жүзеге асыру механизмінің маңызды элементтеріне мыналар  жатады:

  1. Еңбекті ұйымдастыру.

  2. Өндіріс процестерін басқару және бақылау.

  3. Топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру.

  4. жалдау және еңбек жағдайы.

Қазіргі Жапониядағы басқаруды американдық  менеджиризм мен жапондық традиционализмнің  қоспасы деп түсіну қажет. сондықтанда  мұнда «менеджмент» термині толық  сай келеді. Жапондықтардың өзі де, басқару туралы әңгіме болғанда, осы  терминді қолданады. Жапондықтар өздерін  американдықтардың шәкірті ретінде  есептей отырып, менеджменттің барлық белгілі концепцияларын мұқият зерттеді, әрі өзіне сай етіп құра білді.

          Қазіргі кезде басқару  саласындағы жапондық тәжірибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады, атап айтқанда, мұның өзі Массачусетс  технологиялық институтында зерттелуде.

          Жапонияда істі, өндірісті  және басқаруды ұйымдастырудың жоғары деңгейі кімді де болса қайран қалдырады. Жапония - өндірістік қатынасты, сонымен қоса, басқару сипатын  айқындайтын монополистік капитализм мемлекеті. Франциямен және Голландиямен қоса, Жапония экономиканы программалайтын капиталистік мемлекеттердің бірі. Талдаудың көрсеткеніндей қазіргі жапондық басқару жүйесі едәуір икемді, әрі тиімді механизм, оның өзі соғыстан кейінгі кезеңде, қазіргі ірі ауқымды өндірісті дамыту жағдайында қалыптасты. Бұл механизм ұдайы жетілдіру үстінде.

          Жапон экономикасының жетістігі басқарудағы әлеуметтік – кәсіптік саланың қызметіне  негізделген. Мұны менеджерлер деп  атайды. «Менеджер» ұғымы алуан саладағы басшылардың тілектес адамдар тобын  құрайды.

          Қазіргі кезде менеджерлер  мәртебесі ерекше артты, менеджерлердің жеке басындағы жетістіктеріне, олардың  белсенділігіне, батылдығына, күнделікті істегі творчестволық қабілетіне, қырағылығына, алдығыны ойлай білетіндігіне т.б. талап қоя бастады.

Басқарудың  жапондық стилі – бірегей. Жапондық стильге тән нәрсе –басқарудың Коносукэ Мацусита принципі. Оның ең бастысы  қызметшілерді басқара білу принципі.

Мацусита  идеясы бойынша жапондық басқару  жүйесінің үш түрі қалыптасқан: адам – қаржы – технология. Технология тәуелділік жағдайда, ал бірінші орында – қызметшілер.

            Басқарудың Мацусита стилі былайша сипатталады:

  • біріншіден, бұл танысудың белсенділігі (фирмалардың барлық бөлімшелеріндегі істің жайы, ондағы барлық қызметтің жұмыс істеуі);

  • оның стилінің екінші ерекшелігі – фирма жұмыскерлерінің кәсіптік шеберлігін үнемі жетілдіруіне күш салу;

  • Мацусита стилінің үшінші ерекшелігі:

  • инициативаны батыл көтермелеу;

  • ең соңында, төртінші стильдің ерекшелігі;

  • мүмкін болатын шешімдердің ең таңдаулысын іздестіру мақсатында менеджерлер арасындағы талқылауды жан-жақты қолдап отыру.

   Кадрлар бәрін шешеді – бұл жапондық корпорациялар  үшін ұран емес, кәсіпорынның табысты  болуын қамтамасыз ететін алғы шарт. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]