Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

2. Жүйелердің негізгі түсініктері. Ашық және жабық жүйелер және басқару жүйесі. Сыртқы және ішкі орталар

Өндіріс көптеген бөлшектерден, ұйымдардан тұрады.Оның ойдағыдай жұмыс істеуі оңай емес, себебі оған әсер ететін көптеген айнымалы факторлардың жағдайымен әрқашан санасу керек.

Жүйе бірнеше бөліктерден тұрады:

1.Ашық жүйе

2.Жабық жүйе

Ашық жүйелер-сыртқы ортамен, заттар, энергия және информацияны айырбастап, байланыс жасайтын жүйе.

Жабық жүйелер-сыртқы ортадан зат, энергия және ақпарат түсетін жүйе түрі. Жүйенің элементтері әрқашанда бір-бірімен қозғалыста, қарым-қатынаста болады. Осы байланыстың мазмұнына, пәніне, түрлеріне қарай жүйенің жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.

Ақпараттық жүйе екі бөлімнен тұрады:

Басқарушы жүйе құрамында барлық жұмыскерлері мен байланыс құрылғылары түріндегі техникалық құралдар, сигнализация, есептеу құралдарынан т.б тұратын басқару аппараты.

Экономикадағы басқарылушы жүйе бұл белгілі жұмыс орындарынан тұратын бөлімдер, өндірістік және көмекші участоктардан құралған цехтар; негізгі және көмекші цехтардан тұратын, басқа да шаруашылықтарға қызмет көрсететін кәсіпорындар.

Басқару жүйелері орнықты да дұрыс жұмыс істеуі үшін келесі талаптарға жауап беру қажет:

-өз құрылымы болу керек;

-белгілі бір деңгейі болу қажет;

-жүйе сыртқы ортадан әр түрлі әсерді алып, оларға да өз ықпалын тигізе алуы керек.

Жүйелі тәсіл бойынша басқару – жүйенің өзінің құрылымын сақтап, ішкі байланыстарын нығайтып, санын әрқашанда одан әрі жетілдіріп отыратын мақсатты даму процесі.

Кәсіпорын қызметінің нәтижелігі оның сыртқы ортасынан көрінеді. Сондықтан сыртқы ортаны шеберлікпен реттеп отырудың және оның кәсіпорынның ішкі құрылымымен үйлесімді байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор.

Кәсіпорынның сыртқы ортасы төмендегі негізгі факторлармен сипатталады:

• факторлардың өзара байланысы;

• күрделілік;

• қозғалмалылық ;

• белгісіздік.

Сыртқы орта факторларының өзара байланысы

сыртқы ортаның бір факторының өзгеруі басқа факторларға қаншалықты, қандай деңгейде ықпал ететінін анықтау арқылы көрінеді.

Сыртқы ортаның күрделілігі факторлардың санына байланысты. Осыған орай әр кәсіпорын өзінің түпкі мақсатының орындалуына оң ықпал ететін факторларды есепке алып, оның деңгейін анықтап отыруға мүдделі.

Қозғалмалылық — бұл кәсіпорын қызмет жасап тұрған ортада болып жатқан құбылыстардың қозғалысы. Ұйым айналасында болып жатқан өзгерістер неғұрлым жедел қозғалыста болса, өндірістік жүйедегі өзгерістер де солғұрлым тез дамып отырады.

Сыртқы ортаның белгісіздігі кәсіпорынның сыртқы орта факторларын есепке алуына, олардың әрқайсысының қаншалықты жөне қандай деңгейде ықпал ететінін анықтап отыруына, ақпараттардың саны мен сапасына байланысты. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым коп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі.

3.Менеджмент мектептерінің даму кезеңдері және түрлері. Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты. Менеджерге қойылатын талаптар.

М.Х.Мескон, М.Альберт, Х.Хедори «менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым – қатынасы мектебі, және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төрке бөлінуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда төрт түрлі көзқараста қарастырылады.

Ғылыми басқару(1856-1920)

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уйнслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Филдадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. Тейлордың пікірінше еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкелді.

  Бұл мектептің  басты негіздері:

• Ғылыми менеджменттің әдістемесінің алғашқы  фазасы жұмыстың мазмұнын талдау және оның негізгі компоненттерін анықтау  болды;

• Жұмыс  операциялары оның неғұрлым тиімді орындалуына  байланысты өзгеріп отырды;

•   Бұл операцияларды шығару нормалары  құрылды;

• Жұмысшылардың  өнімділігінің молаюы мен өндірістің көлемінің өсуіне қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында қолданылды;

•  Жұмысшыларды оқытуға көп мән берілді;

•  Басқару  функцияларының жұмыстың нақты орындалуынан жоспарлаудан болуы;

•   Басқару бойынша жұмыс белгілі  бір мамандық, бірақ өндірісті  басқару жағынан қарастырылды. 

Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірі мен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдің есімімен тікелей байланысты. Файоль  14 принцибі:

*Еңбекті бөлу. *Билік *Тәртіп. *Дара басшылық  *Бағыт билігі *Жеке мүддені жалпы мүддеге  бағындыру *Ақы төлеу *Орталықтандыру. *Иерархиялық  *Реттілік *Әділеттілік *Қызметшілердің тұрақтылығы және қызмет лауазымында болу *Ынта-ықылас *Ерекше рух 

     Мектептің басты негіздері:

   • Ұйымның жалпы, ортақ заңдылықтарын, сипаттамаларын орындау, басқарудың жан  – жақты принциптерін құру;

   • Ұйымды басқарудың ұтымды жүйелерін  талдау;

   • Басқаруды анықтау бір – бірімен  байланысты функциялар (жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, біріктіру, бақылаудан тұратывн жан – жақты процесс ретінде);

   • Ұйымды және басқару құрылымын құрайтын принциптерді таңдау (Анри Файольдің 14 принциптері). 

Адамгершілік қарым-қатынас мектебі Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауына жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.    Мектептің басты негіздері:

   • Адамдық фактордың рөлі мен маңыздылығын ұйымның тиімділігінің негізгі элементі ретінде түсіну;

   • Іс - әрекет мотивациясы экономикалық күштермен емес, адамдар қажеттілігімен анықталады;

   • Адамдарға өзінің мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, оның негізінде адамның ресурстық жоғарылауы жатыр. 

Бихевиористтік мінез құлқы мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін ) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психологиямен социологияның дамуы зерттеу әдістерінің жетілдіруі жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды.

Көлемдік  амалдың әдістемесі мыналарға негізделеді:

• Мәселелерді құру;

• Оқиға үлгісін өндіру, талдау;

• Үлгі көлемдік маңыздылық беретін айнымалыларды  салыстырып, сипаттайтын айнымалылардан құралған;

• Ауызша талқылауды алмастыру және сипаттама талдаушыларды символдармен, көлемдік белгілермен алмастыру;

• Басқарудағы әр түрлі мектептер жағынан келетін қадам өзіне түрлі нақты амалдарды: процесті, жүйелі, оқиғалық амалды тартады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]