Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать
  1. Стрестің (шиеленісудің) табиғаты мен себептері

Стресс-ағылшын тілінен енген атау,оның қазақша мағынасы –шиеленісу,күштену,зорлану. Сөздікте бұған мынадай анықтама беріледі: «сыртқы немесе ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің физиологиялық реакциясы». Бұл анықтамадан стресті тек қолайсыз құбылыс ретінде қарастыруға болмайды.Өйткені,оның сипаты мен организмнің жауап реакциясы алуан түрлі болуы мүмкін.

Зерттеулердің көрсенкендей, стресс жағдайы тек зиян келтіріп қана қоймай, кейде басқару аппаратында еңбек һнімділігін артуына, тіпті басшының өз жұмысына қанағаттануын едәуір арттыруға ықпал етеді.

Осы проблеманы зерттелген дәлелдерде, іскер басшы стресс жағдайында өзіне бағыныштылардың денсаулығы мен психикасына нұқсан келтірмейді-ақ пайдалы істі жүзеге асырылады.Дәлірек айтсақ.

Стресс көзі: құқы тым жеткіліксіз және жұмыс нәтижесінде жауапкершілігі төмен.

Қанағаттанбау себебі: өз ойлағанындай әрекет ее алмаймыз,өз мақсатын жүзеге асыра алмайды. Адамда ұйым үшін пайдалы іс атқара алмайтындай сезім пайда болды.

Мұнай жағдайда басшы адал жұмыс істейтін қызметшінің еңбегінің тиімді болуына қол жеткізу үшін,біріншіден,оған қызмет бабына орай өз еркімен әрекет етуіне мүмкіндік беруі,екіншіден-оның жұмыс нітижесін ұдайы мұқият бақылап отыруы тиіс.Бұл ауытқу стрестің қолайсыз көрінісі болып саналады.

Стресс көзі –жұмыскер алдында міндетің нақты еместігі,көмескілігі.

Қанағаттанбау себебі:өз идеясын жүзеге асыруға дәрменсіздігі.

Басшының қарамағындағы адамдарды мұндай стресс жағдайынан құтқарудың амалы оның мідетін айқын тұжырымдау.

Стресс көзі: жұмыскерлерге қызметінің белгісіз әрі өзі туралы жоғары басшының пікірі беймәлім.

Кез келген ұйымда жұмыскерлер мақсат мүддесін айқындайтын арнайы жүйе ұйымдастырып олардың қызметін ұдайы бағалап отрыуы тиіс.

Стресс көзі: шектен тыс жұмысбастылық.

Қанғаттанбау себебі: алуан түрлі міндеттермен шұғылдануға болатындығы,білімі мен іскерлігін толық пайдалатындығы,өзінің жан-жақты білімдар екендігін сезінуі, атқарылып отырған жұмысының маңыздылығын сезінуі,жоғары жалақыны талап етуі.

Стресс көзі: қызметші өзіне жүктелген жұмысты орындауға біліктігі жетіспейтіндігін сезінеді.

Қанағаттанбау себебі: өызметші өз білімін жетілдірумен шұғылданады, өзінің біліктігі ұдайы жетіліп келе жақанын сезінеді, өз әріптестері мен басшылардың көз алдында беделі артып отырғаны айқын білінеді,қызметі жоғарылайтындығына толық сенімді.

Стресстің потенциалдық себептеріне ,демек жұмыс нәтижесінің кемуіне жеке адам өмірдегі қолайсыз жағдайлар да әсер етуі мүмкін. Мәселен, зайыбының қайтыс болуы,ажырасуы,сырқатқа шалдығуы, зейнеткерлікке шығуы т.б.

  1. Ұйым туралы түсінік. Ресми және бейресми ұйымдар

Менеджмент әлемінің негізін ұйым құрайды. Ол менеджменттің негізгі құрауыш себепшісі болып табылады.

Топтар ұйым болып саналуы үшін міндетті талаптарға сай болуы тиіс: 1. Өзін осы ұйым мүшесі санайтын екі адам болуы керек.

2.Осы топтың мүшелері бірігіп қабылдайтын мақсаттары болуы керек. 3. Ұйым мүшелерінің бәріне ортақ мақсатқа жетуде бірігіп еңбек етуі. Осы талаптардың біріктірілуі, негізгі анықтаманы береді.

Ұйым –деп, алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі.

Ұйымның өмір сүруінің кезеңдері:

1. ұйымның пайда болуы- мақсаттары пайда болады

2. балалық шағы – қысқа мерзімді пайда болуы

3. есею- ұйымның имиджі қалыптасып, бір талапты, тұрақты өнімге бейімдейді.

4. қартаю – қолы жеткен нәтижелерді сақтап қалуға тырысады.

5. қайтадан жаңаруы.

Кез келген ұйының құрылуы негізгі үш кезеңнен тұрады:

1. орындалатын жұмыстың мәнін анықтау

2. менеджмент элементтері бойынша жұмысты үлестіру

3. менджмент элементтерінің жіктелуі негізінде басқарудың логикалық

топтарының негізінің құрылуы.

Ұйым  түрлері:

Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.

Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.

Ұйымдардың  негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.

2-ші  сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.

3-ші  сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.

Көлденең  еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі  әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.

Орта  буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.

Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

4-ші  сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]