
- •1.Менеджменттің мәні, мазмұны, мақсаты және міндеттері
- •2. Жүйелердің негізгі түсініктері. Ашық және жабық жүйелер және басқару жүйесі. Сыртқы және ішкі орталар
- •3.Менеджмент мектептерінің даму кезеңдері және түрлері. Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты. Менеджерге қойылатын талаптар.
- •4. Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты. Менеджерге қойылатын талаптар.
- •5. Әртүрлі бағыттағы мектептердің қосқан үлесі. Ғылыми басқару мектебі мен басқарудың классикалық мектептерінің қараған мәселелері
- •7. Басқару үдерісінің түсінігі. Басқару үдерісінің мазмұны және негізгі сипаттамалары. Басқару үдерісінің типтері
- •8. Ұйымдастыру негіздері. Ұйымдық құрылым құрудағы әртүрлі көзқарастар. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
- •9. Мотивацияның маңызды теориясы
- •А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы.
- •10. Ұйымның сызықтық және функционалдық құрылымы. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •11. Ұйымға сыртқы ортадан тікелей әсер ететін факторлар
- •12. Ұйымға сыртқы ортадан жанама әсер ететін факторлар
- •13.Басқару шешімінің мәні, қасиеті және рөлі. Шешімдер жіктелуі.
- •1. Бағдарланған.
- •3) Ықпал ету объектісі жөнінен:
- •4) Функцияның сипаты жөнінен:
- •14.Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы
- •15. Ұйым түсінігі және түрлері. Олардың басты сипаттамалары
- •16. Шешім қабылдау ортасы. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне әсер етуші факторлар
- •17. Бақылаудың табиғаты мен мақсаты. Бақылау типтері. Бақылау үдерісі. Тиімді бақылау сипаттамасы
- •18. Стратегиялық және тактикалық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау моделі
- •19. Басшылық ұғымның түсінігі. Басқару тәсілдері. Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің 5 түрі
- •20. Басқару еңбегін бөлісу. Басшылық стилінің үш түрі. Билік беру өнері
- •21. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •22. Коммуникация үдерісі қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері. Вербалсыз қатынас құралдары
- •Стрестің (шиеленісудің) табиғаты мен себептері
- •Ұйым туралы түсінік. Ресми және бейресми ұйымдар
- •Билік пен ықпалдылықтың формалары. Билік пен лидерлік саласындағы зерттеушілер Френч және Рейвеннің жіктеулері бойынша биліктің 5 негізгі формасы.
- •Жоспар түрлері. Бизнес-жоспар туралы түсінік, мақсаты және мәні
- •Өкілеттілікті делегирлеу. Жауапкершілік. Сызықтық өкілеттіліктер
- •Мотивацияның мазмұндық теориялары. МакКлеландтың қажеттіліктер теориясы
- •Мотивацияның процессуалды теориялары. В.Врумның күту теориясы
- •Басқару стилі: автократиялық, демократиялық және либералды
- •Көшбасшылық. Көшбасшылыққа қолданылатын тәсілдер
- •Жағдайды талдау. Басқару ғылымба әлде өнер ме?
- •Жағдайды талдау. Роза Райхман кәсіпкерме әлде менеджер ме?
- •«Дельфа» тәсілімен «Пікір жинау» тәсілінің бір-бірінен айырмашылығын талдаңыз
- •А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясының сұлбасын сызып талдаңыз
- •Сызықтық құрылымның сұлбасын сызыңыз
- •Қызметтік (басқарушы) құрылымның сұлбасын сызыңыз
- •Басшының өсу жолындағы кедергі болатын бес себепті талдаңыз
- •Басқару деңгейлерінің сұлбасын сызыңыз
- •Менеджердің жұмыс уақытын пайдалану құрылымын талдап сұлбасын сызыңыз
- •Жағдайды талдау. Қызметкерлердің біреуі сізге жиі өте маңызды емес шағымдармен келеді. Бұл жағдайда сіз не істеуіңіз керек?
20. Басқару еңбегін бөлісу. Басшылық стилінің үш түрі. Билік беру өнері
21. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация — басшылық етудің байланыстырушы процесі больп саналады.
Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.
Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз карым-катынас -проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар — бұлар тиімді қарым - қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.
Коммуникация (латыпша – communicatio - ортақ iстеймiн, ұластырамын) дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінуге негізделген байланысы. Бір-бірімен ақпарат, мәліметтер алмасуы.
Коммуникация - басшылық жасаудың байланыстырушы процесі болып саналады.
Коммуникация вербальды және вербальсыз, сөзсіз, дене сезінушілік болады. Хабарлардың 55% бет әлпетінің білдіруімен, дене және қол кимылдарымен, ал 38% дауысының мәнеріне, тек 1% сөз арқылы қабылданады.
Коммуникация түрлері:
- ұйымның және оның ортасы арасындағы коммуникация;
- бөлімдер мен деңгейлер арасындағы коммуникациялар.
- олардың түрлері келесідей:
- ұйымдардағы деңгей аралық коммуникация;
- төменнен жоғарыға көтеру коммуникациясы;
- әр бөлімдер арасындағы коммуникация
- басқарушы басқарылатын коммуникациясы.
- жұмысшы тобы жане басшы арасындағы коммуникациялар.
Коммуникация процесі — бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу және оның негізгі мақсаты алмасу заты болып есептелінетін мәліметтердің түсінікті болуын камтамасыз ету.
Мәлімет алмасу процесінің элементтері
1. Мәлімет жіберуші — идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші тұлға.
2. Хабар — символдар көмегімен кодталған мәліметтер.
3. Канал — мәлімет беру құралы.
4. Алушы - тұлға, оған бағытталған және оны қызықтыратын мәлімет.
Жіберуші және алушы арасындағы мәліметтермен алмасу кезеңдері:
1. Жаңа идеяның пайда болуы немесе мәліметтерді таңдау.
2. Кодтау және каналды тандау, идея хабарға айналады.
3. Басқа тұлғаға идеяны жеткізу үшін мәліметті жіберу.
4. Декодтау — бүл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.
22. Коммуникация үдерісі қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері. Вербалсыз қатынас құралдары
Қ
арым-қатынас
кедергісі және оны жою әдістері.
В
ербалсыз
қатынас құралдары.
Дау-жанжалдың табиғаты мен себептері. Дау-жанжалды жіктеу және реттеу
Дау-жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы,мәмілеге келмей дауласу. Бір адам қз пікірін қалайда мақұлдатқысы келеді немесе бір адамның пікірімен келіспейді.
Дау –жанжал деалектика элементі,дамудың қозғаушы күші, өмірге қажетті жай. Демократияландыру, «адам фактордың» , жеке адамдар рөлінің, инициативасының,құқығының экономикада,саясатта,тұрмыста күшеюі келіспеушілік жағдайын ұлғайта түседі.
Қандай адам болмасын жұмыс бабында пікір таласына тап болады. Тіпті басшылық дұрыс жоға қойылып, ұйымдағы психологиялық ахуал қолайлы болғанның өзінде де азын-аулақ пікір таласы мен келіспеушіліктер болмай қоймайды. Тіаті пікір-таласының мүлде болмауы қауіпті құбылыс. Ынтымағы жарасып, тату-тәтті жұмыс істеп жүрген кез келген ұжымда аяқ астынан басшының кінәсінан дау-дамай туындацы мүмкін.
Дау-жанжалды басу үшін, әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білген абзал.
Дау- жанжалдың толып жатқан түрлері болады. Ал оны төрт топқа бөлуге болады: жеке адамның дау-жанжалы, жеке адмдар арасындағы дау –жанжал, жеке адам мен топ арасындағы дау –жанжал және топ аралық дау –жанжал .
Жеке адамның келіспеушілігі жұмысына қанағаттанбаудан, өзіне және ұйымға сенбеуден, сондай- ақ жұмыстағы дау жанжалдан болады.
Ең көп байқалатын адамдар арасындағы дау-жанжал. Мұның өзі әртүрлә болады. Көбінесе бұл басшының ресурстарды,капиталды, жұмысшы күшін, жабдықтарды шектеп пайдалануынан туындайды.
Жеке адам мен топ арасындағы дау –жанжал сол уақытта пайда болады, егер топтың ой пікірі жеке адамның ой-пікіріне қайшы келсе, немесе жеке адамның ұстанған позициясы топ позициясынан басқаша болса.
Дау-жанжалдың мынадай түрлері бар: а) тікелей –көлбеу; ә) іскерлік – жеке адамдар; б) конструктивтік – деструктивтік.
Сонымен қатар, дау-жанжалдың жалпылама-жекелей,қысқа мерзімдік,ұзаққа созылатын, ,мазаны келтіретін,бүлдіреті, кейіннен ұлғаятын,бәсеңдейтін түрлері бар.
1.Дау-жанжалдың қолайлы-қолайсыз. Мұнда екі қолайлы балама болады.Бұл өте ұнамды әрі тез шешіледі.
2.Дау-жанжалдың қолайсыз-қолайсызы.Екі вариантта ұнамсыз.
3.Дау-жанжалдың қолайсыз-қолайлысы, мұнда жақсы және нашар варианттар қақтығысады.
Дау-жанжалдың шешудің құрылымдық тәсіліне жататыны: жұмыс талабын түсіндіру,үйлестіру және интеграциялық механизмдер, жалпы ұйымдыө комплексті мақсаттарды орнату және көтермелеу жүйесін қолдану.
Дау-жанжалға жол бермеудің ең қолайлы тәсілдерінің бірі- әрбір қызметкер мен бөлімшелерден қандай нәтижелер болатындығын түсіндіру. Үйлестіру мен интеграциялық механизмдерде өкілеттілік дәрежесі көзделіп, адамдар арасындағы қарым-қатынас, шешім қабылдау мен мәлмет тасқындары ретке келтіріледі.
Жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген немесе тұтастай қызметкерлерді, топты немесе бөлімшені жұмылдыруға тура келеді.
Мадақтау,көтермелеу,жақсы істерді көпке үлгі еу арқылы адмдар арасындағы салқын көзқарасты сейілту болады
Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
Жалтару. Көпшілік адамдар дау-жанжалдан жалтаруға тырысып,қзінің тыныштығын ойлайды.
Тігісін жатқызу.Мұндайда басшы адамдар арасындағы дау –жанжал мен наразылықты өршітпеуге, қайта татуластыруға, іштегі дау-дамайды сыртқа шығармауға тырысады.
Мәжбұр ету стилінде басшы қалайда өз көзқарасын өткізуіне,соған сәйкес еріксіз көндіруге тырысады.
Ымыраға келу.-мұнің пайдалы болатын себебі адамдарды наразылыққа емес,ауызбірлікке,татулыққа шақырады..
Проблемаларды шешу-бұл әр түрлі пікір-таластың болатындығын мойындау,басқа көзқараспен танытуға,келіспеушілік себептерін түсінуге әзір екендігін білдіру, барлық жаққа ортақ іс-әрекет істейтіндігін білдіру стилі.
Дау-жанжалды шешудің бірден бір жолы –ынтымақтасу,ымыраға келу,проблеманы бірлесіп шешу.