- •1.Менеджменттің мәні, мазмұны, мақсаты және міндеттері
- •2. Жүйелердің негізгі түсініктері. Ашық және жабық жүйелер және басқару жүйесі. Сыртқы және ішкі орталар
- •3.Менеджмент мектептерінің даму кезеңдері және түрлері. Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты. Менеджерге қойылатын талаптар.
- •4. Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты. Менеджерге қойылатын талаптар.
- •5. Әртүрлі бағыттағы мектептердің қосқан үлесі. Ғылыми басқару мектебі мен басқарудың классикалық мектептерінің қараған мәселелері
- •7. Басқару үдерісінің түсінігі. Басқару үдерісінің мазмұны және негізгі сипаттамалары. Басқару үдерісінің типтері
- •8. Ұйымдастыру негіздері. Ұйымдық құрылым құрудағы әртүрлі көзқарастар. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
- •9. Мотивацияның маңызды теориясы
- •А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы.
- •10. Ұйымның сызықтық және функционалдық құрылымы. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •11. Ұйымға сыртқы ортадан тікелей әсер ететін факторлар
- •12. Ұйымға сыртқы ортадан жанама әсер ететін факторлар
- •13.Басқару шешімінің мәні, қасиеті және рөлі. Шешімдер жіктелуі.
- •1. Бағдарланған.
- •3) Ықпал ету объектісі жөнінен:
- •4) Функцияның сипаты жөнінен:
- •14.Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы
- •15. Ұйым түсінігі және түрлері. Олардың басты сипаттамалары
- •16. Шешім қабылдау ортасы. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне әсер етуші факторлар
- •17. Бақылаудың табиғаты мен мақсаты. Бақылау типтері. Бақылау үдерісі. Тиімді бақылау сипаттамасы
- •18. Стратегиялық және тактикалық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау моделі
- •19. Басшылық ұғымның түсінігі. Басқару тәсілдері. Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің 5 түрі
- •20. Басқару еңбегін бөлісу. Басшылық стилінің үш түрі. Билік беру өнері
- •21. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •22. Коммуникация үдерісі қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері. Вербалсыз қатынас құралдары
- •Стрестің (шиеленісудің) табиғаты мен себептері
- •Ұйым туралы түсінік. Ресми және бейресми ұйымдар
- •Билік пен ықпалдылықтың формалары. Билік пен лидерлік саласындағы зерттеушілер Френч және Рейвеннің жіктеулері бойынша биліктің 5 негізгі формасы.
- •Жоспар түрлері. Бизнес-жоспар туралы түсінік, мақсаты және мәні
- •Өкілеттілікті делегирлеу. Жауапкершілік. Сызықтық өкілеттіліктер
- •Мотивацияның мазмұндық теориялары. МакКлеландтың қажеттіліктер теориясы
- •Мотивацияның процессуалды теориялары. В.Врумның күту теориясы
- •Басқару стилі: автократиялық, демократиялық және либералды
- •Көшбасшылық. Көшбасшылыққа қолданылатын тәсілдер
- •Жағдайды талдау. Басқару ғылымба әлде өнер ме?
- •Жағдайды талдау. Роза Райхман кәсіпкерме әлде менеджер ме?
- •«Дельфа» тәсілімен «Пікір жинау» тәсілінің бір-бірінен айырмашылығын талдаңыз
- •А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясының сұлбасын сызып талдаңыз
- •Сызықтық құрылымның сұлбасын сызыңыз
- •Қызметтік (басқарушы) құрылымның сұлбасын сызыңыз
- •Басшының өсу жолындағы кедергі болатын бес себепті талдаңыз
- •Басқару деңгейлерінің сұлбасын сызыңыз
- •Менеджердің жұмыс уақытын пайдалану құрылымын талдап сұлбасын сызыңыз
- •Жағдайды талдау. Қызметкерлердің біреуі сізге жиі өте маңызды емес шағымдармен келеді. Бұл жағдайда сіз не істеуіңіз керек?
18. Стратегиялық және тактикалық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау моделі
Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.
Теорияда және практикада жоспардың құрамына, құрылымына, құрылу уақытына және де т.с.с. көрсеткіштеріне байланысты өте көп түрлерге бөлінеді:
Мазмұнындағы экономикалық-саяси кәсіпкелікке байланысты:
Стратегиялық жоспарлау;
Тактикалық жоспарлау;
Оперативтік жоспарлау;
«Стратегия» ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында «генерал шеберлігін» береді. Стратегиялық жоспарлау – ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімділікті орындау және тұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Стратегиялық жоспарлау моделі:
19. Басшылық ұғымның түсінігі. Басқару тәсілдері. Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің 5 түрі
Басшылық пен көшбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.
Басқару қызметі – бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған қызметінің бірыңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.
Кәсіпорын басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелері әкімшілік еңбекті атқарады. Бұл қызмет өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен істес болуына тура келді.
Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру.
Билік – бұл басқалардың жүріс тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Б
асқару
үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін
билік керек. Билік орындаушылардың
белсенді талаптарына (физиологиялық,
қорғалу талабы, әлеуметтік талабы,
құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.
Ықпал етудің барлық нышандары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болды.
Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің негізгі бес нышаны болады:
Мәжбүо етуге негізделген билік. Қорқыту арқылы ықпал ету, сонда ғана тиімді болады, егер ол мықты бақылау жүйесімен нығайтылған болса, әдетте бұған көп шығын кетеді.
Көтермелеуге негізделген билік – қорқытыр билік жүргізуге қарағанда едәуір ықпалды, әрі жұмыс сапасы біршама жақсарады. Кейде қандай көтермелеудің тиімді болатындығын айқындау қиын.
Эксперттік билік. Ықпал етушінің арнайы білімі барына, сол себепті тиісті мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді. Технология күрделілігі мен ұйым көлемі артып отырған жағдайда орындаушыға сенім арту барған сайын тиімді бола түсуде.
Эталондық билік (үлгі билігі). Ықпал етудің мінез-құлық немесе қасиеті тартымды болатындығы соншалық, орындаушылар соған еліктеуге, сондай басшы болуға тырысады.
Заңды билік. Ықпал етушінің бұйрық беруге хақысы бар екендігін орындаушы мойындайды, әрі оның міндеті бағыну керектігін түсінеді.
