Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia-otvety_1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
126.36 Кб
Скачать

22. Саяси идеялогияның құрылымы, қызметтері мен деңгейлері

Саяси идеология жалпы идеялогияның да өзегі. Оның ерекшелігі саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс әрекетті бағыттайды. Қоғам өмірінде идеялогия маңызды рөлді атқарады. Оның қызметтері мынадай: 1) идеялогияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді. 2) Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік жөнінде мағлұматтар беріп, адамның іс әрекетіне бағыт бағдар көрсетеді.3) Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат мүдделерді айқындап, саяси идеялогия саяси іс әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады. 4) Амортизациялық қызметі. Саяси іс әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеалогия әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен күш жинап қайта серпілуге шақырады. 5) Бағалау қызметі. Идеалогия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Идеалогияны тудыратын объективтердің маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеалогияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдылығы азаяды. Идеалогияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, соғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, ғылымға жақын келеді. Жүйеленген түрінде саяси идеалогия партия бағдарламаларында, декларацмяларында, манифестерінде, жарғыларында, түрлі насихат құжаттарда қалыптасады, саяси идеалогия бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейне жазу, дыбысжазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Саяси идеалогия саяси қатынастар саласында олардың іс әрекетіне бағыт бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік негізеді.

23. Саяси даму және модернизация .

Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отырады.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі,соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал,саяси даму бейтарап ұғым,ол тек даму процесін,өзгерісті ғана бейнелейді.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді.

Модернизация деп қазіргі жаңа жағдайда байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Cаяси даму тұжырымдамасында басты рөлді модернизация немесе саяси бейімделу теориясы атқарады. Ол XX ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі типі бар. Біріншісі – өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан алдыңғы елдердің жолын қуушы, «қуалай дамушы» мемлекеттер ретінде қарайды.

Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағаны – модернизацияның сызықтық теориясы. Жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларда соған лайық

әлеуметтікэкономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды.Нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді,мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]