Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia-otvety_1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
126.36 Кб
Скачать

42.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәнін ашып беріңіз

Ұлттық Қауіпсіздік[1] - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден түрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы. Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы-жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын,Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі. Жек адамның ,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған.Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды.Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді.Қауіпсіздіктің ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша – нарық қатынастарын негізген капиталистік экономиканың ,дамуын бұзды.Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады.Ақша мен меншік адам баласының нарықтық капиталистік экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз етіп,оның жекелігі тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді.Адам баласы одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа сүей бастады.Алайда философ Джон Локк айтқандай адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса ,оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепіл берілмейді.Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты.Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді.Ендігі жеде қауіпсіздік әскери фактор:әскер сан мен оның үйретілу дәрежесі ,қару-жарақтың саны мен сапасы арқылы қамтамасыз етілді.XIXғасрдағы және XXғасырдың алғашқы жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан басқа тұрғыда түсінуге жағдай жасамадыЭкономика әскери машинаның “отынына” айналды,табиғи орта тек қана стратегиялық ресурстар көзі ретінде қарастырылды,адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды. Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы.бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниеaдегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің ,өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі”философиялық категория деп қарауға бейім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]