Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia-otvety_1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
126.36 Кб
Скачать

12. Саяси элита түсінігі

Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.

13.Саяси лидер: түсінігі, түрлері және қызметтері

Лидер (ағылшынша леадер — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады; қара Көсем, Көшбасшы.

14. Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы және қызметтері

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саяси салада бұл жүйелік принципі XX ғ Iiжарт ене бастады. Алғаш енгізген американдық саясаттанушы Дэвид Истон.Ол саяси жүйенің құрылымын былай деп көрсеткен:

1. Институционалды шағын жүйе. Элементтері: мемлекет,саяси партиялар,азаматтық қоғамның институттары,қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.

2.Нормативті шағын жүйе. Элементтері:заңдар,бұйрық, ұйым,үкім және тб саяси шешім,қаулылар,жарлық

3. Ақпараттық коммуникациялық ш.ж. Элементтері:БАҚ телерадио,телевидение,интернет

4.Мәдени идеологиялық ш.ж. Элементтері:саяси мәдениет,идеология,менталитет,психология,салт дәстүр,дін,әдет ғұрып

Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау;

2) қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін үйымдастыру;

3) материалдық және рухани құндылықтарды бөлу;

4) мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың сан алуан мүдделерін келістіру;

5) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінезқұлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау;

6) саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен түрақтылығын қамтамасыз ету;

7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту;

8) заңдар мен ережелердің орындалуына бақылау жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]