Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia-otvety_1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
126.36 Кб
Скачать

58. Президент н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы әлеуметтік жаңғыру мәселесін талдап беріңіз

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту − Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы ел халқына арнаған Жолдауындағы көрсетілген кешенді іс-шаралардың ішінен жетінші басым бағытты атап көрсеткім келіп отыр. Бұл – Қазақстандағы адами капиталды сапалы түрде өсіруге бағытталған міндеттер. Білім беру жүйесін жаңғыртудың қажеттілігі туралы Президентіміз мәселе көтеріп, жастардың жұмыс істей жүріп, қосымша арнайы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етудің маңызын көрсетеді: «Бүгінде көптеген адамдар ауылдан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұмысқа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек».

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауларының барлығы өткеннің есебі мен болашақтың басты бағыттарын көрсететін басты саяси құжаттардың бірі. Биылғы Жолдау «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деген тақырыпта жарық көрді. Бұл құжатта елдің жетістігі, қазіргі даму кезеңі және болашақтың жоспары анықталады. Демек, кеше – бүгін – болашақ формуласы бойынша жұмыс жасайды деген сөз. 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауы да осының төңірегінде болды. Аталған Жолдауда Елбасымыз 10 жылдық дамудың жоспарын анықтап, негізгі қадамдарды халыққа жеткізді.

Жолдауда әлемдік қаржылық дағдарыстан кейінгі әлеуметтік жаңғыру ғана емес, сонымен қатар, экономикалық, саяси, құқықтық және т.б. жаңарулар туралы айтылған. Сондықтан, Елбасымыздың 2012 жылғы халыққа Жолдауы өзіндік жаңалықтарымен ерекшеленеді. Басты жаңалықтарының бірі – әлеуметтік жаңғыртудың қолға алынуы. Бұл 2030 даму стратегиясында көрсетілген өзіндік немесе Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі және жаңа бағыты. Еліміздің алдыңғы 10 жылға арналған даму перспективалары мен басымдықтары. Мемлекеттік басқару саласындағы жаңалықтардың бірі Президенттік басқару корпусының жасақталуы. Елбасымыз Үкімет пен Президент әкімшілігіне осы жылдың соңына дейін Президент корпусына кандидаттарды дайындауды тапсырды. Н. Ә. Назарбаевтың сөзі бойынша, Президенттік корпус «бізді 21 ғасырға жетектейтін жаңа басқару элитасының негізі болып табылмақ».

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы мемлекеттің алдағы күтілген әлемдік экономикалық дағдарыстан шығудың бағыт-бағдарларын айқындайтын жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды. Жолдауда Елбасы мемлекеттің жақын 5 жылдықтағы стратегиялық дамуын айқындайтын, әлеуметтік модернизация стратегиясын құрайтын басты-басты 10 бағытты атап өтті. Мемлекет дамуының басты бағытының бірі адам капиталының сапалы өсімі, оның ішінде, жастардың білімі мен біліктілігін арттыру мәселесін атап өтті. Мемлекеттің білім беру жүйесін модернизациялау – әлемдік талаптарға толығымен жауап беретін Халықаралық деңгейдегі оқу орындарын қалыптастыру. Сонымен қоса, білім беруді қазіргі заманғы әдістер мен соңғы технологияларды пайдалана отырып дамыту қажеттігіне баса назар аударды. Осы орайда елімізде жастардың барынша сапалы, әрі әлемдік деңгейде білім алуына мүмкіндік жасалып отыр.

Қорыта айтқанда, Елбасы Жолдауы Қазақстан жастарының әлемдік үдерістерден қалыс қалмай, халықаралық деңгейдегі ЖОО оқып, білім алуы мен біліктілігін арттыруына барынша жағдай жасауға жол ашады. Жолдауда аталған жастардың білім алумен қатар, тәрбие, әсіресе, патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, этносаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыру мәселелері қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің тұтастығын сақтайды. Білімді, әрі білікті, патриоттық қасиеті бойында бар әрбір жас Қазақстанның болашақ дамуының кепілі боларына сенімдіміз.

59. Қазақстан Республикасының ұлт саясаты немен ерекшеленеді

Қазақстан қоғамын үйыстырушы маңызды фактор - мемлекетқұраушы қазақ ұлты.

Әлемнің өзгеруімен бірге этникалық құбылыстар да өзгеруде. Ешқандай мемлекет ұлтсыз қалыптаспаған. Сонымен бірге - әр кезде кейде үстемдік жүргізген, кейде өзгенің ұлттық ерекшеліктерін жоюға тырысқан, болмаса ұлттардың басын қосуға ұмтылған мемлекетқұраушы этнос та болған. Бұл бірлікке қол жеткізудің жолдарына байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңару мәселесі маңызды. Оған барлық этникалық қауымдастықтар мүдделі болуға тиісті.

Жеке азаматтың хұқы әлеуметтік, этникалық, басқа топтардың хұқықтарынан маңызды болғанымен, мемлекет құраушы ұлт жаһандық әлеуметтік, экономикалық өзгерістер тұсында өзінің тағдырына ғана емес, мемлекетте өмір сүруші барлық этникалық қауымдастықтардың қарым-қатынастарына саналы түрде жауапкершілігін сезінеді. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде қабылдамау елімізді ұлттан тыс мемлекет моделіне бағыттар еді, мемелекет қазақтар мәселесін шешуден шеттетіледі, ал ол біздің басты құндылығымыз - Тәуелсіздігімізді мәнсіз етеді.

Бүгін қазақтар барлық мемлекетқұраушы ұлт талаптарына саяси және этникалық жағынан сай: өзінің байырғы жерінде, сан жағынан елде басым және барлық диаспоралардың хұқын қорғап отыр. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт мәртебесі Қазақстан халқы бірлігіне көлеңке түсірмейді, керісінше, оның елді біріктіруші қызметін айқындайды. Атап айтқанда, мемлекетқұраушы ұлт елдегі өмір сүретін барлық этникалық қауымдастықтардың тең хұқықтығына жауапты, сондай-ақ, қазақтар да олардың қолдауына мүдделі. Мемлекетқұраушы ұлт ретінде қазақтар Казақстанда қоныстаған диаспоралардың басын қосатын ұйытқы.

Ұлттық және діни құндылықтар рухани мәдениетте бұрын да, бүгін де бір-бірімен ажырамас бірлікте. Дәстүрлі діндер ұлттық мәдениетті сақтаудың нақты тетігі қызметін атқарып келеді. Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанның ұлт саясаты бұл үрдісті ескеруі тиіс. Барлық дәстүрлі конфессияларды мойындай және сыйлай отырып, Қазақстан экстремистік ұйымдардың қызметіне тыйым салады.

«Қазақстан Республикасының жаңа ұлт саясатының Тұжырымдамасын» (онан әрі-«Тұжырымдама») дайындау мен қабылдаудың қажеттілігі қоғам және әлемдегі жаңа этнодемографиялық, әлеуметтік Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы және геосаяси, ұлттық және діни фактордың өсуі жағдайында Қазақстан халқының бірлігін және тұрақтылықты нығайтуға бағытталған 2011-2020 жылдардағы мемлекет саясатының нақты мақсаттары, қағидаттары мен міндеттерін анықтаудан туындайды.

Жаңа ұлт саясаты әртүрлі этностық қауымдастықтардың қарым-қатынастарын, олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүйелеуге және оған бағыт беруге арналады. Бұл саясат әлеуметтік-экономикалық, саяси тетіктер, рухани құндылықтар, мәдениет пен тіл арқылы этносаралық және конфессияаралық бірлікке жеткізетін жолдар мен шешімдерді анықтайды.

«Тұжырымдама» Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері және адам құқықтары мен түрлі этникалық қоғамдастықтарға жататын адамдардың ең басты бостандықтары жөніндегі халықаралық құқықтың жалпы талаптарына сүйенеді. Ол экономикалық, саяси, әлеуметтік тетіктер және тіл мен мәдениет негізінде этника және дінаралық келісімге жетудің әдістері мен құралдарын анықтайды.

 60.Қазақстан 2030 стратегиясының маңызы

Қазақстан-2030 Стратегиясыел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы.

Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлікқоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.[

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]