
- •1. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану пәні
- •7.Антикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.
- •9.Жаңа замандағы саяси ойлар
- •11.Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде
- •12. Саяси элита түсінігі
- •13.Саяси лидер: түсінігі, түрлері және қызметтері
- •14. Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы және қызметтері
- •15.Саяси режимдер түсінігі және оның түрлері
- •16.Сайлау жүйесі түсінігі және оның түрлері
- •17. Мемлекет, даму тарихы, пайда болу теориялары
- •18.Мемлекеттің түрлері және қызметтері
- •19. Саяси партия: анықтамасы, қызметі мен түрлері
- •22. Саяси идеялогияның құрылымы, қызметтері мен деңгейлері
- •24. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері
- •25. Мемлекеттік және саяси билік.
- •26. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •27. Саяси ой тарихындағы тұжырымдама
- •28. Ортағасырлық исламдық Шығыстың саяси ойлары (әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Халдун)
- •29.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптері.
- •31. Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.
- •32. Партиялық жүйелер түсінігі және әр-түрлілігі.
- •33. Қоғамдық саяси қозғалыстар
- •34. Лоббизм
- •35. Қоғамның саяси мәдениеті мен субмәдениеттердің арақатынасы.
- •36. Саяси әлеуметтену
- •37. Саяси идеология мәні және түрлерін түсіндіріңіз
- •39. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілерін сипаттаңыз
- •40. Мемлекетті зерттеудегі негізгі теориялар қандай?
- •41. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар болды ма?
- •42.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәнін ашып беріңіз
- •43.Геосаясат ұғымы
- •44. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет мемлекет үшін не үшін қажет?
- •45. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы бар ма? Салыстырып сипаттаңыз
- •47. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін көрсетіңіз.
- •50. Қазақстанның сайлау жүйесін түсіндіріңіз
- •51. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясын сипаттаңыз
- •52. Қазақстан – халықаралық қатынастар жүйесінің субъектісі ретінде қандай рөл атқарады?
- •54. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылық кепілі не?
- •55. Қазақстан Республикасының ядролық саясатын саралап беріңіз
- •56. Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігін (аөсшк, шыұ)…
- •58. Президент н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы әлеуметтік жаңғыру мәселесін талдап беріңіз
9.Жаңа замандағы саяси ойлар
Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар
1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік Рух;
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
3. Революциялық демократиялық утопиялық социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский, Н.Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.
4. Марксизм-ленинизм - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің сөздігі және комунистік қоғам құру Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары.
10. Саяси билік үғымы мен құрылымы:
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
11.Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтік топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтік топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.