
- •1. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану пәні
- •7.Антикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.
- •9.Жаңа замандағы саяси ойлар
- •11.Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде
- •12. Саяси элита түсінігі
- •13.Саяси лидер: түсінігі, түрлері және қызметтері
- •14. Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы және қызметтері
- •15.Саяси режимдер түсінігі және оның түрлері
- •16.Сайлау жүйесі түсінігі және оның түрлері
- •17. Мемлекет, даму тарихы, пайда болу теориялары
- •18.Мемлекеттің түрлері және қызметтері
- •19. Саяси партия: анықтамасы, қызметі мен түрлері
- •22. Саяси идеялогияның құрылымы, қызметтері мен деңгейлері
- •24. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері
- •25. Мемлекеттік және саяси билік.
- •26. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •27. Саяси ой тарихындағы тұжырымдама
- •28. Ортағасырлық исламдық Шығыстың саяси ойлары (әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Халдун)
- •29.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптері.
- •31. Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.
- •32. Партиялық жүйелер түсінігі және әр-түрлілігі.
- •33. Қоғамдық саяси қозғалыстар
- •34. Лоббизм
- •35. Қоғамның саяси мәдениеті мен субмәдениеттердің арақатынасы.
- •36. Саяси әлеуметтену
- •37. Саяси идеология мәні және түрлерін түсіндіріңіз
- •39. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілерін сипаттаңыз
- •40. Мемлекетті зерттеудегі негізгі теориялар қандай?
- •41. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар болды ма?
- •42.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәнін ашып беріңіз
- •43.Геосаясат ұғымы
- •44. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет мемлекет үшін не үшін қажет?
- •45. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы бар ма? Салыстырып сипаттаңыз
- •47. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін көрсетіңіз.
- •50. Қазақстанның сайлау жүйесін түсіндіріңіз
- •51. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясын сипаттаңыз
- •52. Қазақстан – халықаралық қатынастар жүйесінің субъектісі ретінде қандай рөл атқарады?
- •54. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылық кепілі не?
- •55. Қазақстан Республикасының ядролық саясатын саралап беріңіз
- •56. Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігін (аөсшк, шыұ)…
- •58. Президент н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы әлеуметтік жаңғыру мәселесін талдап беріңіз
56. Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігін (аөсшк, шыұ)…
Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің өзекті мәселелері және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ынтымақтастықтың маңызды механизмдері ретінде Орталық Азия Одағымен қатар ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК (Азия кеңесі) рөлі ерекше. Орталық Азия аймағына трансшекаралық қауіп-қатерлер ықпалының күшеюі, аталған аймақтық ұйымдарға мүше мемлекеттер ынтымақтастығы жандануы өзекті болып табылады. Азияның қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуде және Азия өңірінде халықаралық қатынастардың жаңа сапалы өзгерістері пайда болуында 1992 1 жылы 5 қазанда БҰҰ-ның 42-ші Бас Ассамблеясында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру туралы ұсынысы алғашқы ірі бастамалардың бірі болды [3, 366 б.]. ҚР Президентінің тарихи бастамасының негізі берік, ал ең бастысы, азиялық құрылықта тиімді болып табылатын алдын алу дипломатиясы тетігін құруда болды. Сонымен қатар, бастама азиялық мемлекеттердің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар үдерісін жандандыруды, ал болашақта, президенттің сиымды айтуы бойынша «еуразиялық құрылықта бірегей қауіпсіздік белбеуін» құруды көздеді 2002 жылы өткізілген Самиттен кейін АӨСШК-ің нақты іс-әрекеттерінің негізі болып табылатын - «АӨСШК Сенім шаралар тізімдемесі» бойынша жұмыс басталды. 2004 жылы өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында қабылданған бұл құжат Кеңеске мүше елдердің айқын еңбегі ретінде санауға болады, өйткені ол өз еркімен қандай да бір елге өзіне тиімді экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшемде нақты сенім шараларын таңдауға мүмкіндік береді. Азиялық құрылықтың тарихында бірінші рет тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері бойынша кең спектрде көпжақты ынтымақтастықты қамтитын осындай ауқымды құжат пайда болды АӨСШК сенім шаралары, алайда, дәстүрлі тұжырымдамалардың шегіне сыймайды. АӨСШК-ге мүше елдердің басшылары 21-ші ғасырдағы өзара байланысты және өзара тәуелді әлемде әлеуметтік-экономикалық өлшемдегі сенім шаралары да әскери-саяси саласындағыдай маңызды екенін мойындады. Сондықтан АӨСШК Сенім шаралар каталогы сенім шараларын іске асырудың бес өлшемін белгілейді: әскери-саяси, жаңа қауіп қатерге және сын-қатерлерге қарсы тұру, экономикалық, экологиялық, және гуманитарлық Азия қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде ШЫҰ- ының елеулі рөлін атап кеткен жөн. Бұл аймақтық ұйымға тең құқылы мемлекет мүшелермен қатар, бақылаушылар да кіреді. ШЫҰ шеңберінде Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттерімен өзара іс- әрекет жүргізуі барысында шекаралық мәселелерді шешу арқылы қауіпсіздік жүйесінде біршама алғышарттар жасалынды. Сонымен 1996 жылы сәуір айында Мәскеу және Шанхайда сенім шарттарын нығайту мен шекара аймақтарында қарулы күштер санын азайту туралы келісімдерге қол қойылды. Осы іспеттес келісімшарттар негізінде шекаралас елдерге Еуразияның кең территориясындағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты келіссөздер жүргізуге мүмкін болды.
57. Қазақстанның әлеуметтік саясатының бағыттары
Мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы негізгі объект — адам. Адамның өмірі мен қызметіне байланыстының барлығы әлеуметтік салаға жатады. Әлеу меттік сала тарихи қалыптасқан институттар мен мекемелер жүйесін — білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек заңдары жүйесін құрайды.
Қоғамдық және өндіHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80"рHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80"істікHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80" HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80"қатынастарды реформалауға байланысты мемлекеттік аппараттың әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қызметі мен мүмкіндіктері де өзгереді. Экономикалық дағдарыс жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерден жөне басқа көптеген мекемелерден түсетін бюджеттік қаржы әсіресе егемен Қазақстанның алғашқы өмір сүру жылдарында азая түсті. Қалыптасқан жағдай мемлекеттің әлеуметтік саясатты бұрынғы деңгейінде жүргізу мүмкіндіктерін айтарлықтай тарылтты. Қазақстанның әлеуметтік саясатында өзгерістер байқалды. Енді бұл саладағы басты міндеттердің бірі — жеке кәсіпкерлік әрекет мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, оның белсенді дамуы ақыр соңында мемлекетті бұрынғыша халықты кеңінен әлеуметтік көтермелеу кажеттілігінен босатар еді.
Экономикалық қатынастар жүйесінің өзгеріске ұшырауы, сондай ақ нарықтың дамуы Қазақстан өмірінде әлеуметтік салаға да өзгерістер енгізді. Өзгерістің алғашқы белгісі жұмыссыздық десек болады. Қайта құру кезінде жасырын сипат алған ол (өндірістердің тоқтап қалуы, ақысыз демалысқа шығу, т.б.) өкімет ауысқаннан кейін ресми статусқа ие болды. Әлеуметтік көрініс есебінде қабылданған жұмыссыздық қоғамның экономикалық дамуына, жұмысшы күшіне деген сұраныстың өзгермелі сипат алуына, оның деңгей-дәрежесі мен біліктілігіне тікелей байланысты болды. Кеңестік жүйе кезінде мемлекет жоспарлы әдіс арқылы халықты жұмыспен толық қамтамасыз етуге әрекеттенді. Ал нарықтык жағдайда бұл мәселені мемлекет емес, сұраныс пен ұсыныс заңдары шешетін болды. Бүгінде әр жұмыс күші песінен жоғары мамандық, жан-жақты іскерлік, шығармашылық ізденіс пен тапқырлық, кез келген өзекті мәселені шешудегі белсенділік талап етіледі. Қалыптасып отырған жағдайға байланысты мемлекет қоғамның белгілі бір өкілдеріне ғана ардагерлер, зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар, балалар, мүгедектер, т.б. тиесілі жәрдем бере алады.
Нарықтык қатынастарға көшу жағдайында үкімет халықтың тұрақты өмір сүру деңгейін сактауға бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізуге тиіс еді. Алайда елде болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекет әлеуметтік жәрдемді өмір сүру деңгейі өте нашар азаматтарға ғана көрсете алды. Мемлекеттік арнайы жәрдемді белгілеу үшін билік органдары кедейліктің ресми деңгейін анықтайды. Әлеуметтік жәрдемнің саны арналу бағытына орай (бала тууға берілетін, мүгедектікке байланысты, жұмыссыздыққа, асыраушысынан айырылған, т.б. жағдайларға байланысты) жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Негізінен, біртіндеп азаю және одан кейін жеңілдіктер мен мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек қысқаруы жүзеге асады. Өндірістің құлдырауы мен құнсыздану (инфляция), сондай-ақ ел бюджетіне түсетін ақшаның кемyi бюджет қызметкерлері айлығын, зейнетақы мен жәрдемақыны дер кезінде өтеп отыруды қиындатты.