Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia-otvety_1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
126.36 Кб
Скачать

54. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылық кепілі не?

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Ереже

I. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан былай - Қауіпсіздік Кеңесі) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

II. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері

      3. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар:        1) ұлттық мүдделерді қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлерді анықтау, талдау, бағалау және болжамдау, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін таңдау;       2) елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;       3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі, сыртқы және әскери саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін және осы шешімдерді іске асыру шаралары, сондай-ақ жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;       4) ұлттық қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылады.

55. Қазақстан Республикасының ядролық саясатын саралап беріңіз

Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша Вашингтон қаласында болып жатқан сәуір саммиті қарсаңында ресейлік «Известия» газетінде жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» атты мақаласы Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және осы жойқын қарусыз әлем құру ұстанымдарын жақтайтынын тағы да дәлелдеді. Қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі жаһандық бастамаларға қатыса отырып, еліміз жай ғана бақылаушы болып қалмай, әлемді бұрынғыдан гөрі қауіпсіз етуге ұмтылған әлемдік қоғамдастықтың белсенді де ілкімді мүшесі болып келеді.

Қазақстанның бұл орайдағы қадамдары халықаралық ахуалды оңды өзгертуге және Ядролық қаруды таратпау туралы шартты жүзеге асыру ісіне қосылатын нақ-ты үлес болмақ. Өйткені, біздің экономикалық жағынан қуатты және саяси салмағы бар еліміз алғашқы болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл акті арқылы Қазақстан халық-аралық қоғамдастыққа өзінің сыртқы саясатының ашықтығын, зомбылықтан және әскери қауіптен ада бейбітшілікті жақтайтынынын көрсетті. Баршаға белгілі, қазақ жері жарты ғасыр бойы осы алапат қарудың сұмдығын басынан кешірді. Қазақстан аумағында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды, бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Елу жылға таяу уақыт қазақ жерін дүр сілкіндірген ядролық сынақтар халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірді. Мамандардың бағалауынша, топырақтың өнімді әлеуетін қайтадан қалпына келтіру үшін кемінде 300 жыл уақыт қажет көрінеді. Қазақстан тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі ең ірі ядролық держава болуға мүмкіндігі бар еді, өйткені, республикада қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсенал мұраға қалған болатын. Қазақстанда құрлықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 оқтұмсық және ауыр бомбардирлердің зарядтары, жаппай қырып-жоятын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған ядролық стратегиялық күштер кешені болды. Ядролық арсеналда сонымен қатар 1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары сақадай сай тұрды. Қазақстанда, сонымен қатар, құрлықаралық зымырандарды ұшыратын 148 шахталық қондырғылар шоғырланды, сондай-ақ, ауыр МБР СС-18 оқ-зарядтардың үштен бірі, Байқоңыр ғарыш айлағында баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізетін маңызды нысандар жұмыс істеп тұрды. Сонымен қатар, Қазақстанда өз ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс инфрақұрылымы болды. Алайда Қазақстан Украина мен Беларустан әлдеқайда бұрын ядролық тактикалық қаруларды өз аумағынан шығарды, бұл еліміздің ядролық қарусыз мемлекет болуға ұмтылысының айқын дәлелі еді. Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тап болған экономикалық проблемаларға қарамастан, ядролық арсеналын ұстап тұруға шамасы жетер еді. Бірақ Қазақстан ядролық мемлекет мәртебесінен өз еркімен бас тартқан тарихи шешім қабылдады. Бұл жерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевты ядролық қаруды және оның компоненттерін әлдебір экономикалық артықшылықтарға айырбас жасауға үгіттегендер де аз болмады. Тіпті, кейбір мұсылман елдерінің тарапынан ұдайы қысымдарға қарамастан Елбасы жағдайды тұрақсыздандыру жолына баспады. Оның орнына Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жойқын қару қорларын жою жөнінде тағдырлы шешім қабылдап, Қазақстанды аймақтағы тұрақтандырушы күшке айналдыруға бекінді. Бұл тәуелсіз мемлекеттің саналы түрде қуатты ядролық әлеуетінен бас тартудың әлемде бұған дейін бұрын-соңды болып көрмеген тарихи қадам еді. Қазақстанның саяси шешімі әскери ядролық бағдарламаларын дамытуға тырысып отырған, бұрын-соң-ды халқы ядролық сынақтар зұлматын басынан кешпеген елдерге үлгі болуы тиіс. Сол кезде Қазақстанның ядролық мәртебені сақтап қалуына да дәлелдер жеткілікті болатын, дегенмен Президент Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қару әлеуе-тін сақтауға қарсы айқын көзқарасы болды, оның негізінде қазақстандықтардың мүддесі бәрінен жоғары қо-йылды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен өмірлік маңызды мүдделелерін көздей отырып, Президент күрделі келіссөздер барысында тағдырлы шешім қабылдады. Сөйтіп, оның пікіріне құлақ түретін әлемдік деңгейдегі ең беделді саяси қайраткер ретінде қалыптасты. Сондықтан да Мемлекетіміздің басшысы Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша сәуір саммитінің қарсаңында елеулі, сонымен қатар, нақты бастамаларды жүзеге асыру жайында өз пікірлерімен бөлісті. Елбасы мақаласындағы көтерілген басты мәселе ядролық қауіпсіздік проблемаларын шешудегі бүкіл әлемдік қоғамдастықтың құралы сындарлы және келісілген іс-қимылдар болуы тиіс. Қазақстан бұған дейін де ядролық қауіпсіздік саласындағы бейбіт және практикалық бастамалары арқылы жаһандық қауіпсіздікке нақты және елеулі үлес қосып келеді. Қазақстан егемен мемлекеттердің бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаларын жақтай отырып, ядролық қаруды таратпауға халықаралық ұжымдық қауіпсіздікті басты орынға қояды. Президент Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында жаңа берік шарттық-құқықтық база жасау үшін бірқатар пәрменді шараларды ұсынады. Елбасының пікірінше, ядролық қаруды таратуға бақылау тиімді халықаралық-құқықтық реттеуді қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]