Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia-otvety_1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
126.36 Кб
Скачать

37. Саяси идеология мәні және түрлерін түсіндіріңіз

Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Идеология деген сөз гректің идея және логос деген сөздерінен шыққан.Идея-көзқарас,логос-ілім.Ал идеология сөзінің мәні-идея туралы ілім ретінде түсіндіріледі.Идеология-биліктің қолдауымен жүзеге асырылатын идеялар жиынтығы.Саяси идеологиялар түрлері:

  • Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

  • Неолиберализм – азаматтар мен қоғамдың экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы.Егер осы екі идеологияны либерализм мен неолиберализмді алып қарасақ,алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы идеология болып көрінеді.Себебі либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талам етсе,ал неолиберализм керісінше мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады.

  • Консерватизм – қоғамда тарихи қалыптасқан саяси,экономикалық,әлеуметтік құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.

  • неоконсерватизм- қоғамдағы саяси плюрализмді дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология.

  • Марксизм-дегеніміз қарулы төнкеріс арқылы қанаушы таптарды,капиталистер,фермерлер,жеке меншікті жойып,социализм және коммунизм құрып,қоғамда әлеуметтік тендік орнату мақсатындағы идеология.

  • рефоризм – дегеніміз эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы.

38. Саясат әлеміндегі БАҚ рөлін айқындап беріңіз

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінедіБАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) ар¬қылы жүзеге асырылады.

  • БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады..

  • БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табы¬лады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]