
- •1. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану пәні
- •7.Антикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.
- •9.Жаңа замандағы саяси ойлар
- •11.Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде
- •12. Саяси элита түсінігі
- •13.Саяси лидер: түсінігі, түрлері және қызметтері
- •14. Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы және қызметтері
- •15.Саяси режимдер түсінігі және оның түрлері
- •16.Сайлау жүйесі түсінігі және оның түрлері
- •17. Мемлекет, даму тарихы, пайда болу теориялары
- •18.Мемлекеттің түрлері және қызметтері
- •19. Саяси партия: анықтамасы, қызметі мен түрлері
- •22. Саяси идеялогияның құрылымы, қызметтері мен деңгейлері
- •24. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері
- •25. Мемлекеттік және саяси билік.
- •26. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •27. Саяси ой тарихындағы тұжырымдама
- •28. Ортағасырлық исламдық Шығыстың саяси ойлары (әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Халдун)
- •29.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптері.
- •31. Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.
- •32. Партиялық жүйелер түсінігі және әр-түрлілігі.
- •33. Қоғамдық саяси қозғалыстар
- •34. Лоббизм
- •35. Қоғамның саяси мәдениеті мен субмәдениеттердің арақатынасы.
- •36. Саяси әлеуметтену
- •37. Саяси идеология мәні және түрлерін түсіндіріңіз
- •39. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілерін сипаттаңыз
- •40. Мемлекетті зерттеудегі негізгі теориялар қандай?
- •41. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар болды ма?
- •42.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәнін ашып беріңіз
- •43.Геосаясат ұғымы
- •44. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет мемлекет үшін не үшін қажет?
- •45. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы бар ма? Салыстырып сипаттаңыз
- •47. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін көрсетіңіз.
- •50. Қазақстанның сайлау жүйесін түсіндіріңіз
- •51. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясын сипаттаңыз
- •52. Қазақстан – халықаралық қатынастар жүйесінің субъектісі ретінде қандай рөл атқарады?
- •54. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылық кепілі не?
- •55. Қазақстан Республикасының ядролық саясатын саралап беріңіз
- •56. Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігін (аөсшк, шыұ)…
- •58. Президент н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы әлеуметтік жаңғыру мәселесін талдап беріңіз
31. Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.
Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтағын айтады.
Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтағын сайлау құқығы дейді.
Оның 2 түрі бар: 1. Белсенді түрі
2. Бәсең түрі
Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды.(Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:
-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;
-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;
-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.
Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:
-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)
-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)
-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)
Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады, билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
· дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
· қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
· республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
· аумақтық сайлау комиссиялары;
· округтік сайлау комиссиялары;
· учаскелік сайлау комиссиялары
Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар:
· ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау;
· жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;
· азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
· шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;
· кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария баға беруден аулақ болу;
· аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті.
Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады.Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады