
- •1. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану пәні
- •7.Антикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.
- •9.Жаңа замандағы саяси ойлар
- •11.Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде
- •12. Саяси элита түсінігі
- •13.Саяси лидер: түсінігі, түрлері және қызметтері
- •14. Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы және қызметтері
- •15.Саяси режимдер түсінігі және оның түрлері
- •16.Сайлау жүйесі түсінігі және оның түрлері
- •17. Мемлекет, даму тарихы, пайда болу теориялары
- •18.Мемлекеттің түрлері және қызметтері
- •19. Саяси партия: анықтамасы, қызметі мен түрлері
- •22. Саяси идеялогияның құрылымы, қызметтері мен деңгейлері
- •24. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері
- •25. Мемлекеттік және саяси билік.
- •26. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •27. Саяси ой тарихындағы тұжырымдама
- •28. Ортағасырлық исламдық Шығыстың саяси ойлары (әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Халдун)
- •29.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптері.
- •31. Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.
- •32. Партиялық жүйелер түсінігі және әр-түрлілігі.
- •33. Қоғамдық саяси қозғалыстар
- •34. Лоббизм
- •35. Қоғамның саяси мәдениеті мен субмәдениеттердің арақатынасы.
- •36. Саяси әлеуметтену
- •37. Саяси идеология мәні және түрлерін түсіндіріңіз
- •39. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілерін сипаттаңыз
- •40. Мемлекетті зерттеудегі негізгі теориялар қандай?
- •41. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар болды ма?
- •42.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәнін ашып беріңіз
- •43.Геосаясат ұғымы
- •44. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет мемлекет үшін не үшін қажет?
- •45. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы бар ма? Салыстырып сипаттаңыз
- •47. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін көрсетіңіз.
- •50. Қазақстанның сайлау жүйесін түсіндіріңіз
- •51. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясын сипаттаңыз
- •52. Қазақстан – халықаралық қатынастар жүйесінің субъектісі ретінде қандай рөл атқарады?
- •54. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылық кепілі не?
- •55. Қазақстан Республикасының ядролық саясатын саралап беріңіз
- •56. Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігін (аөсшк, шыұ)…
- •58. Президент н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы әлеуметтік жаңғыру мәселесін талдап беріңіз
1. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану пәні
«Саясаттану» - саясат жайлы ғылым. Бұл термин гректің екі сөзінін құралған: «Политика» және «Логос», яғни саясат жайлы ғылым.
Біздің осы күнгі өмірімізде адамдар саясаттан тыс тұра алмайтын дәрәжеге жетті. Адам саясатпен айналысқысы келмеген күннің өзінде де саясаттың өзі адамның іс-әрекетіне араласатын болды. Сондықтан да адам саясаттан тысқары қала алмайды. Осы жағдайда жұрттың көбі-ақ саясатты толық және терең білеміз деуі мүмкін. Себебі әр адам өз өмірінде саясаттың әр түрлі саласымен кездесіп, тәжірибе жинақтайды, тұрмыстың сан алуан ащылы-тұщылы жайларын басынан өткізеді. Бірақ солай бола тұрса да, екінің бірі саясатты жетік біле алмақ емес. Сондықтан саясатқа ғылыми көзқарас керек.
Саясаттану- бұл өз алдына дербес ғылым. Оның объектісін- қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Қоғамның саяси саласын саясаттану ғана зерттемейді. Онымен философия да, социология да, право да, тарих және т.б. ғылымдар да айналысады. Сондықтан саясат теориясына жататын ғылымдар саласы мынадай: саяси тарих- саяси жүйенің өткенін зерттейді, саяси ой- тарихтаға атақты ойшылдардың саясат жөнінде, саясаттану жүйесі жөніндегі идеяларын, концепцияларын зерттеуі, саяси философия- философиялық тәсілдерді мемлекет тұрғысынан, саяси өмірді басқару түрлерін зерттеуге пайдалану, саяси социология- саясаттың қоғам өміріне ықпалын, саясатпен қоғамдағы саяси институттардың ара қатынасын зерттеу. Міне,аталған ғылымдардың әрқайсысының өзінше ерекше таным салалары мен толық зерттелетін ғылым саласы саясаттану болса керек. Саясаттанудың ерекшелігі саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын өмірге керектігін, заңдылықтарын айқындап беретіндігінде.
Сонымен саясат дегеніміз- өздерінің мүддесін жүзеге асыруға, қорғауға және саяси билікті қолына алуға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, таптар, ұлттар, адамдардың үлкен топтарының арасындағы қатынастар болып шығады. Сонымен бірге саясат- мемлекет істері, оның қызметінің формалары,міндеттері мен мазмұны. Саясат- тарихи мағанада әкімдердің және оның маңындағылардың ісі, ойы, мақсаты, саясат кәдімгі ұғыныста адамдардың арасындағы қатынастарда күнделікті жүргізілетін жұмыс. Саясат- мемлекеттік немесе қоғамдық өмірдің мәселелері мен ағымдағы істердің жиынтығы.
2. Саясат субьектісі
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясаттың субъектісі
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
№3. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте ХХ ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында Саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
Мемлекет пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі. Осы арқылы қоғамның тұтас пішінің анықтаймыз.
1-ден . Саясаттануды пән ретінде анықтағанда оның тікелекй мемлекетпен немесе саяси билікпен, қоғамдық немесе саяси партиялар мен ұйымдар проблемаларымен байланыстыра қарайтын шектеулі шеңбердегі көзқарастар.
2-ден. Бұл пәннің еншісіне саяси мәселелер мен саясат туралы білімді ғана жатқызып қоймай, онымен мәндес келетін табиғаты жақын кейбір ғылымдардың мәселелер бірге алып қарастыру, кең талдап, ауқымды әңгіме қозғау болып табылады.
Міне, осыдан келіп «саясаттану пәні» нені зерттейді деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды. Оған жауап қайтару ұшін ең алдымен «саясаттану» деген сөздің түпкі мағынасын ашып ойлайық. Бұл – гректің «Politike» сөзі мемлекеттік немесе қоғамдық іс, мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді және «Logos» - ілім, саяси ғылым, немесе саясат туралы ілім деген түсінік.
Саясаттағы рационалдық және иррационалдық секілді факторларды да сараптайтын саясаттану. Ол сондай-ақ қазіргі таңда жетістіктерге жету үшін қандай мақсаттарға сүйену қажет, іс қимыл сәйкестігі қалай орындалады, «мүмкін еместіктің» себеп салдары неде, басқа қандай саяси ойда-амалдар керек деген сұрақтарға да жауап қайтарады.
Саясаттану құбылыстарға баға бергенде, ұйғарым жасағанда идеологиядан, идеялардан тыс тұрады және асыра сілтеуден алуақ болады. Қайта мұндай нәрселердің саяси процестерге, саяси институттарға тигізетін кері ықпалдарын зертейді.
Әр түрлі кезендердегі саяси жүйелердің сипаттамасы мен қортындысының нақтылығы басқа болуы да мүмкін. Егер саясаткерлер сол шақтағы жүйелерге қатысты функционалды факторларды көбірек анықтаса, шындықты максималды деңгейде таныса жағыдайдың жалпы пішімы мен ерекшеліктерін ажырататын болса, онда нықтылық бәрінен биік тұрады.
Осыдан болар мемлекеттердің бәрінде өзге ғылымдарға қарағанда саясаттанудың ұлттық ерекшеліктерге бір табаң жоқындығы бар. Себебі оның бақылау байламдары, жасаған қортындылары, алға тартатын ұсыныстары сол мемлекеттің өзіне ғана тән болып келеді.Ал оның басқа мемлекеттерде қолданылуы логикалық сараптау, әлеуметтік эксперименттер, интуиция арқылы тексеріледі. Сондықтан әрбір елде плюралистік түрдегі өзінің саясаттану мектебі болуы мүмкін.
Саяси процестің, саяси қызметтің, саяси биліктің, қандай да болсын объектівті заңдылықтардың, эволюцияның, көзқарастардың өзгеруі мен дамуы – аталған пәннің негізгі нысанасы. Білім деңгейімен ол сайкес саясаттану жалпы және жалқы деп те саналады. Сипатына қарай іріктесек, саяси зерттеу теориялық және эмпирикалық білім деп екіге бөлінеді. Ал бағыты мен мақсатына қарай топтастырсақ, іргелі және қолданбалы деп аталады.
4.Саясаттану пәнінің әдіс-тәсілдері мен қызметтері:
Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.Институционалды әдіс арқылы Конституция, мемлекеттің заңдар мен қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу арқылы тұтас дамудың мәнін ашады.Салыстырмалы әдіс ежелден таныс, саяси объектілерді салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу.Әлеуметтенулық әдіс арқылы нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білуге болады.Антропологиялық әдіс адам табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл әдіс адам типі мен саясат байланысы, ұлттық сипаттың саяси дамуға әсер етуі немесе керісінше, саяси дамудың ұлт сипатына әсер ету мәселелерін шешуге көмектеседі. Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық субъективті механизмдерін және сонымен бірге психологиялық мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған.Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген.Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін қалыптастырады.
Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
5.Саясаттанудың негізгі парадигмалары - [грек, парадеіқма - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.Жанжалдық парадигма ХЫХ г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.
6. Саясаттың құрылымы мен элементтері
"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие. Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді: Билік — саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерініңі с-әрекетін де қамтиды. Саясат субъектілері болып мыналар табылады: 1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді. 2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады. 3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді аспектісі. 4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.