Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
109.03 Кб
Скачать

146. Кәуз-бен (қатты әсер ететін улы заттар) уланғанда берілетін бірінші көмек?

Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде газқағар кию, антидит енгізу қажет және зардап шегушіге (тұшықтырғыш ҚЗ улану жағдайларынан басқа кездерде) жасанды тыныс алғызу керек. Одан соң киім мен дененің ашық жерлеріндегі ҚЗ ізі мен тамшыларын арнайы сұйықтықпен өңдейді де, зардап шегушіні ЕПМ негізінде жел соқпайтын аумақтарда құрылатын медициналық пункттерге жібереді. Бір мезгілде дегазациялық жұмыстар жүргізіледі. Ең алдымен зақымданғандарды эвакуациялау жолдары, адамдардың улану аумағынан шығу және өту жолдары дегазацияланады. Одан соң аса маңызды объектілердің аумақтары мен құрылыстары, сумен жабдықтау пункттері, қоймалар залалсыздандырылады.

147. Химиялық қару жөнінде жалпы түсініктеме, олардың басқа қарулардан ерекшеліктері қандай?

Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды. Химиялық қарудың қырып-жоятын әсерінің негізін уландырғыш заттар құрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.

148. Негізгі си Халықаралық бірлік жүйесінде дозалардың өлшемін атаңыз? (рад, Грей).

Рад – жұтылған иондық сәулеленуді өлшеуіш өлшем бірлік. Бұл өлшем бірлік алғаш рет 1918 жылы ұсынылған болатын. 1953 жылы өлшем бірлік ретінде қабылданды. 1 рад бұл 1 грамм салмақты денеге жұтылған 100 эрг энергия. Жұтушы дене тірі ағзалардың терісі немесе басқа да материя( мысалы, су, ауа, топырақ, т.б.)

Град - жұтылған иондық сәулеленуді өлшеуіш өлшем бірлік. 1 Грей бұл 1кг денеге жұтылған 1 Джоуль энергия. Бұл өлшем бірлік 1975 жылы британдық ғалым Льюис Грейдің құрметіне аталған.

149. Кәуз-дің( қатты әсер ететін улы заттар) өздерінің қасиеттері бойынша топтарға бөліңіз?

  • Тұншықтырғыштық әсері басым(хлор, хоскен);

  • Жалпы улылық әсері басым(көміртегі тотығы, сутегі);

  • Тұншықтырғыштық ж/е улылық әсері басым(азот қышқылы, азот тотығы, күкірттің қос тотығы, амил, фторлы сутегі);

  • Өсіп-өнуге, жүйкеге әсер ететін;

  • Зат алмасуды бұзатын

150. Вич / спид дегеніміз не? спид ауруының қоздырғышы, вирустың жұғу жолдары, аурудың белгілері,вич / спид-тен қалай қорғануға болады?

СПИД ауруы дегеніміз не? 1986 жылы бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы СПИД ауруына төмендегідей түсініктеме берген. Бұл ауру адамдардың НIV вирусымен жұғымдалуынан организмде туылатын иммунитет функциясы кемдік ауруы, әсіресе, клетканың иммунитет қызметі бүліну, Т4 лимфа клеткасы азаюды негізгі белгісі еткен жалғасты инфекциялану болып табылады.

СПИД  ауруының жұғу жолдары

  • Қан арқылы жұғу.

  • Анадан балаға жұғу.

  • Басқа жолдар арқылы жұғады. Жасанды ұрықтану, СПИД аурумен ауыратын науқастармен жанасатын кәсіптік адамдар, тері зақымдалу, бет-әлпет түзеу, шаш алғызу, денеге өрнек салдыру қатарлыларды істеткенде саймандар арқыла жұғады.

СПИД ауруының алғашқы белгілері: Төмен қызу мен жоғары қызу алма- кезек болады. Себебі айқын болмаған бүкіл дене бездері ісінеді. Әрі 3 айдан артық жалғасады. арықтау пайда болады. Созылмалы іш өтеді. Ақ клетка төмендейді, лимфа клеткасы, қан пластинкасы азаяды. Ауыз қуысында ақ дақ пайда болады. Лабароториялық тексеруде қан сарысу құрамында HIV антидене пайда болады. Нерв жүйесінің қызметтері бұзылып үнемі қызу, бас ауру, тепе- теңдік бүзылу, жүру қиындау, көру қуаты төмендеу, тыртысу, есте сақтау қабілеті төмендеу, қол-аяқ салдану, соңында ми солып меңіреулік туылады.